«Шатасқан әріптер» ойының ойнап көріңдер.
Отан - отбасынан басталады деген мақал шығады. -Балалар, Отан отбасынан басталады дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауаптары)
Отбасы кімдерден құралған?
-Дұрыс айтасыңдар. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отанымыздың, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
-Жақсы, сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін келесі тапсырманы орындайық.
Боя: -Қазыр сендерге ақ парақтар таратамын жұппен отырып бояйсыңдар. Бояп болған соң шықан суреттердің кескіндерін топтарында талқылап, тақырыбын анықтайсыңдар және топтан 1 бала шығып қорғайсыңдар. Әр баладан кейін өзім толықтырып отырамын.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл суреттер біздің кіші Отанымыз қаласына байланысты болатын.
-Балалар,шаршап қалған боларсыңдар. Бір сергіп алайық. Олай болса қазыр, бәріміз кіші Отанымыз Балқаш қаласының жаңбырының жауысын салып көрейік.
1.Алақанды уқалау
2. Қолды шатырлату
3. Тізені ұрғыштау
4. Қолды шатырлату
5. Алақанды уқалау
-Ал сергіп алған болсақ,келесі тапсырмамызға көшейік
Қазақстан ҚЖ.Тоқаев Нұрсұлтан Қазақ тілі Хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран
Мақал-мәтелді құрастырады
Сұрақтарға жауап береді.
Сынып сағаттың ортасы
Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.