Сыныптар Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі: аптасына – сағат, жылына – 70 сағат


Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен



бет5/5
Дата01.03.2023
өлшемі86,43 Kb.
#70772
1   2   3   4   5
Байланысты:
0 класс қазақ тілі КТП новый 2022 2023гг[1]

Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана
білуге үйрету. Балаларға сөйлем құратуда сын есімдерді пайдалануға үйрету: түсін сипаттай білуді меңгерту.
Қандай? сұрағына жауап беруге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1









7

Біз мектепке барамыз

Мақсаты: жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын толықтыру.
Білімділік міндеті: сөздерді дұрыс айтуға
машықтандыру. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрастыруды дағдыландыру. Жаңылтпашты шапшаң
және сөздерін анық айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді саналы түрде есте сақтап, күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларың қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: мектеп туралы ұғымдарын кеңейту арқылы білімге деген қызығушылықтарын ояту.

1









8

Мектепке не апарамыз?

Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Білімділік міндеті: оқу құралдарын дұрыс атап, есте сақтау үйрету. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және
қолдануды үйрету. Педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтіндер құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: жаңылтпашты қайталау, дүрыс айтуға дамыту. Сөздерді бір-бірімен
байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын
жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажыратуға жаттықтыру. Зат есімдерді жекеше және көпше турде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

1









9

Оқушыға не керек?

Мақсаты: сөздік қорларын оқу құралдарының атаулармен толықтыру.
Білімділік міндеті: сөздерді саналы түрде есте сақтауға және дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді байланыстырып сөйлеуді, 2-3 сөзден сөйлем құруға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1









10

Дыбыстар әлемі

Мақсаты: меңгерген білім дағдыларын қайталау, бекіту.
Білімділік міндеті: сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын нығайту.
Дамытушылық міндеті: есту, тілдік және
артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

1









11

Не? Кім? Қайда?

Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сұрақ қоюға және сұраққа толық сөйлеммен жауап беруге жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: ойлау, ауызекі сөйлеу
белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: білімпаздыққа тәрбиелеу.

1









12

Жайлауда

Мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздермен тіл байлығын жетілдіру.
Білімділік міндеті: жайлау туралы түсінік беру, қазақ
тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Тақпақ жаттау үйрету.
Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: сөздерді біріктіріп сөйлем құрау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: туған жердің табиғатының сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.

1









13

Киіз үй

Мақсаты: киіз үй жабдықтарының қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: киіз үйі оның ішіндегі кейбір заттар туралы сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сурет туралы педагогтің үлгісі
бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: сөздерді байланыстырып сөйлем құрау. сөйлеуді, артикуляциялық аппаратты дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.

1









14

Әжемнің оюлары

Мақсаты: қазақ ою-өрнектерінің аттарымен таныстыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: өнерді түсінуге, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.

1












15

Қазақстан – ортақ үйіміз

Мақсаты: мерекелерге байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру. Мақал-мәтелдерді айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздерді сөйлемдерге байланыстырып құрауға
дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

1









16

Көлік

Мақсаты: көліктердің қазақша атауларымен таныстыру. Білімділік міндеті: қоршаған ортадағы заттардың атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-
бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Жаңылтпаштарды айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: білуге деген ынталарын арттыру.

1









17

Алақай, жаз келді!

Мақсаты: жаз мезгілінің ерекшелігін қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: жаз айларын қазақша айта білу, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Дамытушылық міндеті: сұрақтарға саналы түрде жауап беру дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

1







18-19

Өткендіә қайталау

Мақсаты: жаз мезгілінің ерекшелігін қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: жаз айларын қазақша айта білу, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Дамытушылық міндеті: сұрақтарға саналы түрде жауап беру дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

2















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет