Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, №2 Қарауылкелді орта мектебінің екінші біліктілік санатына аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлдің педагогикалық қызметіне
Ұсыныс-мінездеме
Қалдыбайқызы Назгүл 1994 жылы 15 мамырда дүниеге келген. 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы №2 Қарауылкелді орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа қабылданды. Жас маман қазіргі уақытта осы мектепте үшінші жыл қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында Қалдыбайқызы Назүл өзінің жан-жақтылық, ұйымдастырушылық, бастамашылдық қасиеттерін көрсете біліп, үнемі ізденіс үстінде жүріп, оқушыларды түрлі сайыстар мен шығармашылық байқауларға қатыстыруда үлкен еңбек етіп, шәкірттері республикалық, облыстық, аудандық сайыстардан жүлделі орындарды иеленіп жүр. Қалдыбайқызы Назгүл 6, 8, 11-сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сабақ береді. Қазіргі заман талабына сай сабақ беруде жаңа технологияларды пайдалана біледі, жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерген мұғалім үнемі түрлі зияткерлік сайыстар ұйымдастырып отырады. 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Әдебиет көшбасшысы», 5-7 сынып оқушылары арасындағы «Білімді ұрпақ – ел болашағы» секілді зияткерлік сайыстары жоғары деңгейде өткізілді. 6-сыныпқа өткізілген С.Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» тақырыбындағы ашық сабағы «үздік» деп бағаланды. Жас маман Қалдыбайқызы Назгүл өзі қызмет еткен аз уақыт ішінде білімі мен біліктілігін, шығармашылық қабілетін, ұстазға тән барлық қасиеттерді бойына сіңіргендігін көрсете білді. Өзі де түрлі сайыстарға қатысып, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен қашықтық олимпиадасында «Үздік нәтиже», «Аудан бойынша ең жоғары нәтиже» сертификаттарына ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлді осындай жетістіктері мен педагогикалық қызметіне қарай, екінші біліктілік санатына лайықты қызмет ете алатын мұғалім деп сенім артамыз.
Мектеп директорының
оқу ісінің меңгерушісі: Г.Б.Жанғалиева
№2 Қарауылкелді орта мектебінің екінші біліктілік санатына аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлдің
Шығармашылық есебі
Мен, Қалдыбайқызы Назгүл 1994 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келдім. 2015 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірдім. Осы жылы №2 Қарауылкелді орта мектебіне жұмысқа қабылдандым. Алғашқы жылы мектеп тәлімгері қызметін атқардым және осы сәттен бастап оқушыларды түрлі байқауларға қатыстыра бастадым. Тәлімгер болып қызмет атқарғанымда «Жас жол инспекторлары» слетіне мектептен команда дайындап, аудандық слетте бас жүлде алып, облыстан ІІ дәрежелі дипломға ие болдық. Тиникулов Мұхтар деген оқушының ақындық қабілетін байқап, аудандық «Ақтөбе жыр құшағында» байқауына қатыстырып, ол оқушым облысқа жолдама алып, Батыс Қазақстан аймақтық балалар поэзиясы байқауында бас жүлдеге ие болды.
Екінші жылымда 5-сыныпқа сынып жетекші болып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бере бастадым. Осы уақыттарда мұғалімнің жан-жақты, көп қырлы болуы қажеттігін біліп, оқушылармен, әріптестермен, ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін өз-өзімді шыңдап, үнемі ізденісте болдым. Алғашқы өткізген «С.Сейфуллин «Ақсақ киік» тақырыбындағы ашық сабағым «үздік» деп бағаланды. 2017 жылы біліктілікті арттыру курсында оқып, жаңаша әдіс-тәсілдер түрлерін біліп, сабақтарымда пайдалана бастадым. Оқушыларым пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардан жүлделі орындарға ие болып келеді. Республикалық қашықтық олимпиадасында Мақсат Б., Өмірбек С., Досмұханбетова Ш. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Жанұзақова О. аудандық Н.Байғанин оқуларынан І орын, облыстан ІІ орынды иемденді. Аудандық «Ақберен» байқауында Рысбай Н. І орын, Қажым Н. ІІ орынға ие болса, «Жарқын болашақ» олимпиадасында Тиникулов М. І орын, Рзабекұлы А. ІІ орынға ие болды. Аудандық пәндік олимпиадада Ермеков А. І орын, Бақтығалиқызы А. ІІ орынға ие болды. Өзім де бірнеше олимпиадаларға қатысып, облыстық мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадада ІІ дәрежелі диплом, республикалық қашықтық олимпиадасында «Үздік нәтиже», «Аудан бойынша ең жоғары нәтиже» сертификаттарына ие болдым. Педагог ретінде алдағы уақытта үнемі ізденіс үстінде болып, дарынды оқушылар мен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдерін біліп, ата-аналардың мектеппен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуы үшін жұмыстар жүргізу жоспарымда бар.
Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, №2 Қарауылкелді орта мектебінің екінші біліктілік санатына аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлді аттестаттаудың
бірінші кезеңінен өткізу туралы сарапшылар
Қорытындысы
Жас маман Қалдыбайқызы Назгүлдің жауапкершілігі мол, кез келген жұмысты өз уақытында орындайды, оқушылармен, әріптестерімен, ата-аналармен де жақсы қарым-қатынаста. Сабақ өткізуде көп ізденеді, сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, қай әдістің тиімді, қайсысының тиімсіз болғанына зерттеу жүргізіп, әріптестерімен бөлісіп отырады. Осыдан-ақ мұғалімнің көшбасшылық қасиетін байқауға болады. Жаңа ақпараттық технологияларды өте жақсы меңгерген, сол арқылы сабақ уақытын үнемді пайдалана алады. Былтыр және биыл өткізген екі ашық сабағы да «үздік» деп бағаланды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әдебиетке бейім, қазақ тілі пәніне қызығушылықпен қарайтын оқушыларды үнемі дайындап, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы олардың қабілеттерінің одан әрі шыңдалуына өз үлесін қосып жүр. Солардың бірі – Тиникулов Мұхтар деген оқушының ақындық қабілетін байқап, аудандық балалар поэзиясы байқауына қатыстырып, облысқа жолдама алған оқушы Батыс Қазақстан аймақтық балалар поэзиясы байқауында бас жүлдеге ие болды. Сонымен бірге балаларды көркемсөз оқу байқауларына, шешендік өнер сайыстарына қатыстырып жүр. Соның нәтижесі Рзабекұлы А. облыстық эссе жазу байқауында І орынға ие болса, аудандық «Ақберен» байқауында Рысбай Н. «Шешендік өнер» бағыты бойынша І орынға ие болды. Назгүл шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс-тәжірибесін үйрену мен сабақ беруде тәрбие мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануды міндетім деп санайды.
ІІ санатқа аттестатталушы Қалдыбайқызы Назгүлдің жоғарыда аталғандай педагогикалық қызметін саралап, зерттей келе, сарапшылар алқасы төмендегідей шешімге келді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлді ІІ санатқа лайықты деп есептейміз.
Сарапшылар: Г.Жанғалиева
Бірлестік жетекшісі: Н.Оразалина
Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, №2 Қарауылкелді орта мектебінің екінші біліктілік санатына аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлді аттестаттаудың
екінші кезеңінен өткізу туралы сарапшылар
Қорытындысы
Қалдыбайқызы Назгүл 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Екінші біліктілік санатына ұсынылып отырған №2 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүл аттестаттаудың екінші кезеңінде кәсіптік шеберлік деңгейінің жоғары екенін көрсете білді. Назгүлдің сыныптан тас өткізген 8-11 сыныптар арасындағы «Әдебиет көшбасшысы» атты зияткерлік сайысы жоғары деңгейде өтті. Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен, тарихтан, ұлттық салт-дәстүрден сұрақтар қойылып, оқушылар көптеген мәліметтерді білді. Сайыс көрнекіліктерімен ерекшеленіп, тартысты, әрі қызықты өтті. Әдебиет пәнінен өткізген «С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»» тақырыбындағы ашық сабағынде оқушыларының топтық жұмысты жақсы меңгергендері көрініп, үй тапсырмасын сұрауда «Шындық па, жалған ба?» әдісін тиімді пайдаланып, синквейн, «доп лақтыру» сияқты жаңаша әдіс-тәсідерді орынды пайдаланды. Оқушыларға көптеген қосымша мәліметтер келтіріліп, жаңа технология түрлерін еркін меңгергендігін bilimland сайтын сабаққа кірістіргенінен байқатты. Сабағы «үздік» деп бағаланды. Оқушылары түрлі байқау, сайыстардан жүлделі орындардан көрінді. Аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8-сынып оқушысы Ермеков Ақниет І орын алса, 11-сынып оқушысы Бақтығали Ақерке ІІ орынмен марапатталды. Облыстық Ә.Кекілбаев оқуларында 9-сынып оқушысы Рзабекұлы Абдуссамад ІІ орынға, 8-сынып оқушысы Жанұзақова Орынай ІІІ орынға ие болды.
Назгүл шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс-тәжірибесін үйрену мен сабақ беруде тәрбие мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануды міндетім деп санайды.
ІІ санатқа аттестацияланушы №2 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлдің еңбектерін саралап, зерттей келе, екінші біліктілік санатына аттестатталуға ұсынылады.
Сарапшылар: Г.Жанғалиева
Бірлестік жетекшісі: Н.Оразалина
Байғанин ауданы, №2 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдыбайқызы Назгүлге
Пікір
Қалдыбайқызы Назгүл 1994 жылы 15 мамырда дүниеге келген. 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы №2 Қарауылкелді орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа қабылданды. Жас маман қазіргі уақытта осы мектепте үшінші жыл қызмет етіп келеді. Назгүл «Оқушыларға жаңа технология арқылы сапалы білім бере отырып, оларды қазіргі заман талабына са, жан-жақты адамгершілігі мол, ұлтжанды, еңбексүйгіш, саналы азамат етіп қалыптастыру» проблемасын басшылыққа ала отырып, баланың оқу материалын сапалы меңгеруін басты назарда ұстайды. Қалдыбайқызы Назгүлдің өткізген ашық сабақтары мен сыныптан тыс сабақтары «үлгілі» деп бағаланды. Қалдыбайқызы Назүл өзінің жан-жақтылық, ұйымдастырушылық, бастамашылдық қасиеттерін көрсете біліп, үнемі ізденіс үстінде жүріп, оқушыларды түрлі сайыстар мен шығармашылық байқауларға қатыстыруда үлкен еңбек етіп, шәкірттері республикалық, облыстық, аудандық сайыстардан жүлделі орындарды иеленіп жүр. Оның ішінде республикалық қашықтық олимпиадасында Мақсат Б., Өмірбек С., Досмұханбетова Ш. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Жанұзақова О. аудандық Н.Байғанин оқуларынан І орын, облыстан ІІ орынды иемденді. Аудандық «Ақберен» байқауында Рысбай Н. І орын, Қажым Н. ІІ орынға ие болса, «Жарқын болашақ» олимпиадасында Тиникулов М. І орын, Рзабекұлы А. ІІ орынға ие болды. Аудандық пәндік олимпиадада Ермеков А. І орын, Бақтығалиқызы А. ІІ орынға ие болды.
Жас маман Қалдыбайқызы Назгүл өзі қызмет еткен аз уақыт ішінде білімі мен біліктілігін, шығармашылық қабілетін, ұстазға тән барлық қасиеттерді бойына сіңіргендігін көрсете білді. Өзі де түрлі сайыстарға қатысып, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен қашықтық олимпиадасында «Үздік нәтиже», «Аудан бойынша ең жоғары нәтиже» сертификаттарына ие болды.
Мектеп директорының
оқу ісінің меңгерушісі: Г.Б.Жанғалиева
Достарыңызбен бөлісу: |