Сөз тіркесі
- толық мағыналы екі я бірнеше
сөздің
бір-
біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына
байланысуын атаймыз.
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің
мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына
сияқты тіркестерден құралған:
•Қайрат баяндады;
•балаларға баяндады;
•Досанмен болған;
•болған әңгіменің;
•әңгіменің мән-жайын;
•мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір
сөз
өзін керек қылған, қажет етіп тұрған
сөзбен
ғана
байланысқан.
Сөздердің
мағыналық
байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер
арқылы байланысады:
•Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар
арқылы, байланысады.
•Сөздер
бір-бірімен
септеулік
шылаулар
арқылы байланысады.
•Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір
тұлғаларында тұрып байланысады.
•Сөздердің
арасындағы
мағыналық
байланыс
кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.
Сөйлем – тілдің
грамматикалық
заңдылығы негізінде қалыптасқан
синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін
жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік
коммуникативтік
қасиетімен
ерекшеленеді.
Сөздер
мен
сөз
тіркестері
сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып
табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама
аяқталған
ойды
білдіреді
және
оның
айтылу
интонациясы
болады.
Предикативтілік
сөйлемнің барлығына тән,
ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының
қатынасын
білдіреді.
Модальдылық
лексикалық
және
грамматикалық
тәсілдер арқылы жүзеге
асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация
сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай
құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін
білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі,
демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б.
себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады.
Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.
•Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай
хабарлы, сұраулы,
бұйрықты, лепті; құрылысына қарай
жай және
құрмалас;
•Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және
болымсыз;
•Тұрлаулы,
тұрлаусыз
мүшелердің
қатысына
қарай жалаң және жайылма;
•
Баяндауыштарының
қай сөз табына қатысты келуіне
орай
есімді
және
етістікті
;
•
Бастауыштарының
қатысына қарай жақты және жақсыз;
•Субъект
мәнінің
ерекшелігі
жағынан
белгісіз
жақты,
жалпылама жақты;
•Сондай-ақ
сөйлем мүшелеріне
жіктелмейтіндігі тұрғысынан
атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп
тілге
ортақ
болғанымен,
олардың
өздеріне
тән
синтаксистік
ерекшеліктері бар.