жете түсініскен де жоқ (Ғ.Мүсірепов).
1-мысалдың негізгі сөйлемінде істің болатыны (келер шақта) хабар-
ланса, үстеме құрылымда сол істің болғаны (өткен шақта) айтылады. Екі
құрылымда екі түрлі іс-əрекет, екі түрлі шақ айтылған. Негізгі құрылымда
хабарланған іс-əрекет үстеме құрылымда дамытыла қайталанған.
2-мысалда да баяндауыш қосымша мағынамен дамытыла қайта-
ланған. Негізгі айтылымда екі жақ адамдары іс-əрекетінің нəтижесіздігі
білдірілсе, үстеме сөйлемде сол əрекеттің, тіптен, іске аспағандығы ай-
тылған. Бұл құрылымда үстеме сөйлемді негізгі сөйлеммен байланысты-
рып тұрған тұлға – «де» демеулігі.
2) Негізгі сөйлемде айтылған ойды дамыта қайталанатын баянда-
уыштар. Бұл топтағы үстемеленетін баяндауыштар жоғарыда талданған-
дай қосымша мағынамен қайталанбайды, жаңа мағынамен, тың хабар
қоса, басқа тұлғадағы баяндауыштар үстемеленеді. Бірнеше мысалдар
келтіріп, ойымызды дəлелдейік.
Бұрынғыдай емес, бұйығы тартқан. Қартайған(О.Бөкеев).
Бірлі жарымды малға қолы жетіп еді, өзіңдікі деген ойға тырнағы ілігіп еді, жабыса кетті (Ғ.Мүсірепов).
Ойында ешнəрсе жоқ, күліп жүрген қалпы. Əурелемек, ойнамақ (Ғ.Мүсірепов).
1-мысалда негізгі құрылымдағы бұйығы тартқан тіркесі мен үс-
теме құрылымдағы қартайған деген етістіктер синонимдер. Біріншісін-
де адамның сыртқы келбеті, оның ағарған шашы, сақал-мұрты, жалпы
əжімденген бет-əлпеті көз алдымызға келсе, екіншісінде (қартайған де-
генде) адамның жас мөлшеріне сəйкес келген өмірдің бір белесін елесте-
теміз.
Екі құрылымдағы баяндауыш та есімшенің өткен шақ тұлғасы арқылы
(-қан, -ған) жасалған. Үстеме бөліктегі баяндауышты негізгі бөлікпен
тұтастырып тұрған үзілмелі интонация. Негізгі сөйлемді айтқаннан кейін
интонацияда біраз үзіліс болады да, үстеме бөлікті қабылдайды. Үстеме
құрылым интонациясы негізгі құрылым интонациясымен салыстырғанда
ерекше екпінмен айтылады.
Бұл мысалда бұйығы тартқан деген негізгі бөлік пен қосымша бөлі-
гіндегі қартайған деген баяндауыштарда статикалық бір қалып та бар,
даму, градация да бар.
2-мысалда үстеме құрылым мен негізгі құрылымның арасындағы қа-
тынас – баяндауыштық. Үстеме құрылымда негізгі бөліктегі əрекеттің
нəтижесі берілген. Үстеме сөйлем негізгі сөйлемнің мағынасын кеңей-
тіп, дамытып тұр. Екеуі де көсемше тұлғалы күрделі баяндауыш. Арала-
рындағы үзілмелі интонация үтір арқылы көрсетілген.
3-мысалда негізгі сөйлемде əрекеттің, жай-күйдің бұрыннан болып
келе жатқан тұрақтылығын білдірсе, үстеме сөйлемде сол ойға қазық бо-
лып тұрған субъектінің келер шақта істейтін іс-əрекеті айтылған. Үсте-
ме бөліктегі баяндауыш есімшенің келер шақ тұлғасы арқылы жасалған.
Үстемедегі баяндауыш негізгі сөйлемдегі бастауышқа бағынған. Бұл
баяндауыш негізгі сөйлем бастауышымен қиыспаса, онда ол үстемелік
қызметінен айырылып, дербес сөйлемге айналар еді.
3) Негізгі сөйлемде айтылған ойға, құбылысқа, жай-күйге баға бере
үстемеленетін баяндауыштар. Мысалы: Біреуге біреудің шын жаны ашырына иланбаймын. Көлгірсиді (О.Бөкеев).
Автор негізгі сөйлемде өз пікірін білдіреді де, үстеме сөйлемде сол
берілген пікірге жаңа баға береді.