Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет333/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Үй – категориалдық-семантикалық  мағынасы:  заттық-кеңістік  мағы-
наға ие есім сөз;
Бала – категориалдық-семантикалық мағынасы: адамзат есім (жалпы 
мəндегі). 
Жел  –  категориалдық-семантикалық  мағынасы:  үдерістік  (қимыл) 
мəндегі ғаламзат (жалпы) есім сөз. 
«Бастапқы  лексемалық  материалды  синтаксистік  бірліктерге  айнал-
дыру үдерісі осы бірліктердің категориалды-семантикалық, морфология-
лық  жəне  функционалды-синтаксистік  сипаттарын  бірлікке  келтіруден 
тұрады», – дейді Г.А.Золотова [3, 56 б.].
Сонымен,  лексикадағы  сөз  бен  грамматикадағы  сөз – əртүрлі  тілдік 
тұлға-бірліктер. Синтаксистік тұлға-бірлік болып табылатын сөз-синтак-
сема өзінің грамматикалық мағынасы арқылы сөйлемнің құрамды бөлі-
гіне айналады. 
Синтаксеманың түрлері бір-бірінен айырмашылықтары бар формал-
дық-мазмұндық  топтарды  құрайды.  Өз  тобының  функционалдық  ерек-


410
411
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
шеліктеріне сай белгілі бір сөйлем құрылымына ене отырып, синтаксема 
сол сөйлемнің компоненті мəніне ие болады. 
Кезінде  В.В.Виноградов: «сөз-тұлғалардың  қызметін,  олардың  қол-
данылу заңдылықтарын, оларды сөз тіркестері мен əртүрлі сөйлем тип-
терінде пайдалану ережелерін зерттеу орыс синтаксисінде əлі жете зерт-
телмеген өте маңызды мəселелер қатарына жатады»,– деген болатын [4, 
34 б.]. 
Синтаксистік тұлғаның коммуникативтік тұлғаға қатынасын синтак-
систік қызмет атқару дейтін болсақ, синтаксистік тұлғаны сипаттау үшін 
оның мынадай үш түрлі мүмкіндік-қасиеттерін ажырату керек: 
1. жеке қолданыла алу мүмкіндігі;
2. сөйлем құрамында (компонент ретінде) қолданылуы;
3. сөз тіркесі компоненті ретінде қолданылуы.
Синтаксеманың  функционалдық  типтері  осы  мүмкіндіктерді  пайда-
лана алуына қарай ажыратылады:
- Еркін синтаксемалар. Олар жоғарыдағы үш мүмкіндікті де пайдала-
на алады. 
- Шартталған синтаксемалар. 2, 3 қызметтерде қолданылады.
- Байлаулы синтаксемалар. Тек 3 қызметте жұмсалады. 
Мысалы,  кеңістік  мəндегі  синтаксема: «Тауда».  Бұл  синтаксема  үш 
қызметте де қолданыла алады: 1) жеке – бұл жағдайда шығарманың ата-
уы (аты) бола алады. 2) Сөз тіркесін құрастыратын қызметте: Арқар (тау-
да өмір сүреді). 3) Сөйлем компоненті ретінде: Тауда – таза ауа. 
Ал нысандық мəндегі синтаксема өзінің мағынасын тек басқа сөзбен 
(көбіне етістікпен) тіркесте ғана ашады: Кітапты алды (оқыды). 
Осы тұрғыдан əр септіктің мағыналарын ашу қажеттігі шығады. Бір 
септікті (барыс) алайық: 
1. Əкеме хат жаздым – 
(бердім) 
барыс септіктегі синтаксема қабылдаушы мəнін-
де
2. Əкеме қиын –
сол  синтаксема  белгілі  бір  күйдің  иесі  (субъек-
тісі) болып тұр. 
3. Əкеме алпыс жас бе-
руге болады – 
белгінің (жас мөлшерлік) иесі 
4. Əкеме сенемін –
(қызығамын, келдім) 
Нысандық мағынада
Бұл мағыналарды барыс септігі өздігінен беріп тұрған жоқ, олар бел-
гілі бір синтаксистік құрылымдардың шебінде пайда болып тұр. 
Бұдан мынадай қорытынды туады: бір морфологиялық тұлғаның өзі-
нен (барыс септік) əр түрлі синтаксеманы ажыратуға болады. Олар тіпті 
лексика-семантикалық тұрғыдан бір болғанмен де, синтаксистік қолдану 
алғышарттары мен олардың пайда болатын (жарыққа шығатын) мағына-
лық-синтаксистік мəндері бір емес. 
Жоғарыдағы  синтаксемаларды  омоформалық  синтаксемалар  деуге 
болады (тіпті, олар қызметі жағынан түрлі болуына қарай омонимдік қа-
тар құрайды).
Сонымен,  бір  септік  формасынан  байқалатын  түрлі  мағыналар  мен 
оларды  тудырудың  семантикалық-синтаксистік  алғышарттары  лексика
мен грамматиканы, синтаксис пен морфологияны бір-біріне қарсы қоятын 
əрі байланыстыратын теориялық мəселелерді талқылауға септігін тигізеді. 
Бұдан жалпы зат есім санатына қатысты біртұтас септік мағынасы тура-
лы да, септіктің көп мағыналылығы туралы да сөз қозғау дұрыс еместігін 
көруге болады. Зат есімнің əртүрлі топтары мен разрядтары септіктің əр-
түрлі мағыналарына ие. Жоғарыдағы қабылдаушылық, нысандық, белгілі 
бір күйдің не белгінің иесі болушылық мағыналары барыс септігінің өзіне 
тəн емес немесе барыс септігіндегі зат есімге тəн емес, олар зат есімнің 
белгілі  бір  грамматикалық-семантикалық  топтары  мен  разрядтарының 
белгілі бір синтаксистік шепте (позицияда) барыс септік формасы арқылы 
жарыққа шығарған мағыналары болып табылады.
Мұны  мынадай  салыстырудан  да  байқауға  болады:  шығыс  септік 
тұлғасын алайық. 
Шығыс септігіне мынадай мағыналар тəн деп есептеледі: қозғалыс-
тың шығу көзі, қандай материалдан жасалғанын білдіру, себепті білдіру...
Бұл мағыналар, шындығында, ол септік тұлғаларының (морфологиялық) 
өзіне, не сол тұлғадағы есім сөздерге тəн емес, ал есімдердің белгілі бір 
санаттарына тəн. Мысалы: 
- қозғалыстың шығу көзі негізінен заттық-кеңістік мағынаға ие есім 
сөздерге тəн: қаладан, үйден, мектептен, дорбадан...
- қандай материалдан жасалғанын білдіретін сөздер нақтылы заттар-
ды (материалды) білдіретін сөздер болып келеді: тастан, балшықтан, 
алтыннан...
- себепті білдіретін сөздер етістіктен (не белгі-сапаны білдіретін сөз-
дерден)  жасалған  дерексіз  зат  есімдер:  қуаныштан,  шаршағаннан,  сы-
пайылықтан, ауырғаннан...


412
413
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Сөйтіп,  септіктердің  мағыналары  дегендер – сөздердің  лексика-
грамматикалық  топтарының  мағыналарынан,  олардың  белгілі  септік-
терде тұлғаланып, синтаксистік қызмет атқаруынан туындаған мағына-
лар.
Осының  өзі  бір  тілдік  фактінің  морфологиялық  деңгей  мен  синтак-
систік деңгейде бірдей еместігін көрсетеді: сөздің морфологиялық тұлға-
сы мен сөздің синтаксистік тұлғасы (синтаксема) əртүрлі белгілер жиын-
тығынан құралып қалыптасады. 
Сөйлемде етістіктің қызмет етуі де, соған сəйкес етістікті синтаксема-
лардың түрлері де олардың морфологиялық, семантикалық жəне синтак-
систік белгілерінің өзара əсері арқылы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет