Синтаксистік парадигмалар


 Сөйлемнің актуалды (жұмсалымдық-мағыналық) мүшеленуі



Pdf көрінісі
бет334/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

3.3 Сөйлемнің актуалды (жұмсалымдық-мағыналық) мүшеленуі
Тілдік  жүйеде  белгілі  бір  құрылымға  ие  сөйлемдегі  сөздерді  түрлі 
нұсқада  орналастыру  мүмкіндігі  бар.  Мысалы:  Асан  қазір  мектептен 
келеді. – Асан мектептен қазір келеді. – Мектептен қазір Асан келеді... 
Бұлардың біреуі – алғашқы нұсқасы əрі бейтарап мəнде болады. Нақты 
тілдік  жұмсалым  кезінде  қарым-қатынастың  міндетіне  орай  солардың 
біреуі пайдаланылады.
Əдетте,  зерттеушілер  сөйлемнің  грамматикалық,  мағыналық  жəне 
жұмсалымдық құрылымдары туралы айтады. Алайда бұл жіктелім сөй-
лемді  жоғарыдағы  өзара  байланысты  болып  келетін  аспектілерде  қа-
растыру  үшін  ғана  жасалған,  олар  сөйлем  құрылымына  деген  үш  түр-
лі  көзқарасты  білдіреді,  ал  шындығында  бір  сөйлемнің  бөлек-бөлек 
құрылымдары болмайды.
Мен келдім. Келдім мен. Бұл екі құрамды етістікті сөйлем. Сөйлемнің 
беретін жалпы мағынасы – субъектінің іс-əрекетін білдіру. Орындарын 
өзгерткенмен, бұл жалпы мағына жəне предикативтік байланыс сипаты 
өзгермейді.
Күн суық
(Суық күн) 
Сағат – үш 
(Үш сағат) 
Асан – студент 
(Студент Асан) 
Жоғарыдағы сөйлемдер де екі құрамды. Бірақ олар заттың қимылын 
емес,  сапалық  жəне  сандық  сипаттарын  белгілейді.  Ал  орындарын  өз-
герткенде бұл құрылымдар сапалық жағынан мүлде басқа құрылым бо-
лып шығады: атаулы сөйлем не есімді сөз тіркесі болады.
Бұларды  бұрынғы  сөйлемдердің  инверсияланған  түрлері – инвер-
сияланған  құрылымдар  деп  айтуға  болмайды.  Олар – мүлде  басқа 
құрылымдар. Бұдан шығатын қорытынды: бірқұрамды (Суық күн) мен 
екіқұрамды сөйлемнің (Күн суық) құрылымдық ерекшеліктері предика-
циясының (баяндауыш болып тұрған сөздің) əртүрлі мазмұндық сипаты-
на байланысты. Бірінші сөйлемде белгілі бір сапаға ие заттың бар екені 
бекітіледі, екіншісінде сапа заттың белгісі ретінде хабарланады.
Ескеретін жай: бұл 3-жақта солай, ал 1, 2-жақтарда жағдай басқаша. 
Мысалы: 
Мен қаттымын.
Мен суықпын.
Қаттымын мен!
Суықпын мен!
Экспрессивтік мақсатта осылай айтылады. Біздер онбыз. Онбыз біз-
дер! 
Демек: 1) Бұлар жіктік жалғаулардың арқасында атаулы сөйлемдерге 
айналмайды – бір.
2) Екіншіден, 1, 2-жақтағы сөйлемдер тек адамға қатысты айтылады. 
Бұл жіктік жалғауының арқасында осылай болып отыр (ал қазақ тілінде 
сындық, мөлшерлік сөздер предикатив болғанда орыс тіліндегідей емес, 
1, 2-жақта жіктік жалғауын жалғайды). 
Ескеретін жайт: Оның сөзі/ аз. Ол/ аз сөзді жігіт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет