430
431
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
малар əр сөйлемнің соңында орналасқан. Бұл қазақ сөйлемдерінің заң-
дылығы болса керек, əрі мəтін экспрессивті еместіктен де солай болуы
мүмкін.
Синтаксистік мүшелену мен актуалды мүшеленудің қарым-қатынасы
қандай?
Мəтінді талдаудың нəтижесінде мынадай қорытындыға келуге бо-
лады: синтагматикалық мүшелену мен қатысымдық (коммуникативтік)
мүшелену бір-бірімен байланыссыз бөлініс емес. Коммуникативтік (те-
ма-ремалық қатынастағы) жəне грамматикалық (субъект-предикаттық
қатынастағы) деңгейлер сөйлеу барысында өзара байланысты болады,
өйткені сөйлемдегі субъект-предикаттық, т.б. синтаксистік байланыстар-
дың өзі коммуникация үшін жаратылады.
Сонымен, мəтінді талдау тема-ремалық қатынастардың қарапайым
емес, күрделі жай-жапсарын көрсетіп берді. Тема, ремалар жеке сөз-
дермен емес, синтагмалармен беріледі. Синтагмалар, тема мен реманы
жəне бір сөйлемнің элементін мəтіндегі басқа сөйлемдердің сегменттері-
мен байланыстыра, сөйтіп, мəтін байланысының əртүрлі ендіктерін
(терең, таяз) жүзеге асыра, бірте-бірте хабар мəліметтің ауқымын кеңей-
те береді.
Мəтіннің басқа түрлерінде (мысалы, публицистикалық сендіру
сипатындағы) тема-ремалық қатынастардың басқаша берілуі жүзеге аса-
ды.
Мəтін тілдік қарым-қатынасты іске асырудың негізгі құралы əрі со-
ның туындысы. Мəтінді зерттеу тұрақты күйдегі тілді емес, «əрекеттегі
тілді» зерттеуден, яғни тілдік бірліктерді қатысымдық-функционалдық
мақсатты қолданыс нəтижесі ретінде зерттеуден келіп туды. Басқаша
айтқанда, тілді қатысымдық-когнитивтік, функционалдық бірлік тұрғы-
сынан қарастыру мəтінді зерттеуге алып келді.
Бүгінгі күні тіл білімінде маңызды мəселе: тілдің мəтін түріндегі
жаратылыс-түзілісін жəне қолданысын зерттеу, мəтінге біріккен кездегі
тілдік бірліктердің «болмыс-мінезі», өзара қатынасы, байланысы қан-
дай болатынын анықтау. Бұларды зерттеу таза лингвистикалық мəселе-
лердің қатарына жатса, сонымен бірге мəтінді басқа ғылым салалары
да өз нысаны ретінде қарастыратынын ескеру қажет. Олардың қатары-
на менталингвистика, прагмалингвистика, психолингвистика, қатысым
теориясы, семиотика, əдебиеттану т.б. ғылым салалары жатады. Мəтін-
нің функционалдық табиғатын анықтауға байланысты Т.М.Николаева:
«Мəтін лингвистикасы – бұл тілдегі жеке қолданыстарды талдау емес,
мəтіннің жалпы механизмдерін зерттеу жəне барлық мəтінге тəн мəтін
түзуші, мəтін құраушы жалпы заңдылықтарды табу» [4, 9-10 бб.] десе,
Т.В.Колшанский: «Мəтін – қатысымдық негізгі бірлік; қатысымның не-
гізгі, өз алдына шынайы бірлігі ретінде мəтінді ғана есептеуіміз керек.
Сөйлемді синтаксистік тұрғыда ғана тілдің жоғары деңгейде қарау керек,
сөйлемнің нағыз қатысымдағы орны мəтіннен төменгі қатарда, өйткені
қарым-қатынаста мағына-мазмұнға, қатысымдық аяқталғандыққа, тия-
нақтылыққа мəтін ғана ие», - дейді [1, 40 б.].
Мəтін – сөзді жүйеге түсіріп, қатынас жасауды жүзеге асырушы құрал.
Мəтінді «əрекеттегі тіл» ретінде динамикалық сипатта түсіну оны қаты-
сымдық-функционалдық жақтан талдау қажеттігін туғызды. Егер мəтін-
ді тілдік қарым-қатынастың құралы жəне оның туындысы деп қарап, ол
нақтылы тілдік қарым-қатынаста ғана қызмет етеді десек, онда мəтін-
нің ұйымдасу заңдылығын, қолданылу жағдайларын, түсінікті болуын
Достарыңызбен бөлісу: