Мəтіннің коммуникативтік құрылымы 1. Мəтіннің коммуникативтік құрылымын, соған сай мəтін түрін
анықтаңыз.
2. Мəтіндегі актуалды мүшелеуді жүзеге асырушы тəсілдерді
анықтаңыз.
«Тағы да таласып келіп, тағы да тақасып келіп қонып жатқан екі бай ауыл ақ үйлерін əлі тіккен жоқ еді. Жаз бойы Құланөтпес пен Құдай- менденің кең шиырына сиыса алмай, күнде қанат серпісіп, күнде қамшы сілтесіп, қақтығысып келген екі байдың аядай жерге арқа тіресіп қонып жатқандары да жай емес сияқты. Алшақ жайласып, араласпай араз отыратын екі бай уəделесіп қой- ғандай Майқұдық басына бүгін кешке жақын қатар келіп құлады. Бірі- нен-бірі іргесін айыра алмайтын дос ағайындарша, бір ғана бұлақтың басына иық тиісе қонып жатыр. Бірақ екі қабақтың да түюлі екені бұл өңірге қашаннан мəлім, белгілі сыр болатын еді. Оң бүйірден шұбар ала жыландай шұбатылған Игіліктің кілем жап- қан түйелі көші құлай бергенде, батыс жақ бетті тұтас торлап келе жатқан Жұман байдың 17 мың жылқысы да көрінді. Ұзын түйелі көштің өзіне ұқсаған өркеш-өркеш шаңы шұбалып келіп, көп жылқының тұтаса қарауытқан шаңына осы бір бұлақтың басында түйісті де, тоғысып кетті» (Ғ.Мүсірепов).