Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет277/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   374
Сұраулық есімдік қатысқан сөйлем мағыналық жағынан тиянақсыз 
болады, оның басты себебі сұраудан адам ойы міндетті түрде жауап ізде-
уінде. Сондықтан бұндай сөйлем сұраудың жауабы табылатын не табыл-
майтын  сөйлеммен  тікелей  қатысты  болады.  Бұл – диалогқа  құрылған 
синтаксистік күрделі бірліктерден айқын көрінеді, монологтік баяндауда 
да кездеседі. Мысалы:
Жуас кім, көп кім, бақ масы есер кім? Ешбірін де ол білмейтін. Өз 
өмірі, өз үй ішімен, өз айранын ішіп күн кешетін (М.Əуезов).
Адам ойы белгісіздіктен белгілікке, анықтауға ұмтылатыны – дау-
сыз құбылыс. Бұл құбылыс тілдік қарым-қатынас үстінде де бой көр-
сетіп  отырады.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  белгісіздік  есімдіктер  қа-
тысқан сөйлемдердің де тиянақсыздығын, контекске тəуелділігін бай-
қауға  болады,  өйткені  белгісіздік  есімдіктері – заттар  мен  құбылыс-
тарды  жəне  олардың  сан,  сапа  белгілерін,  мекен,  амал  тағы  басқа-
ларын  анық  етіп  ашып  айтпай,  көмескі  күйде  ғана  көрсететін,  яғни 
нұсқай көрсететін нəрселерін нақтылы түрде атамай, белгісіз етіп ай-
татын сөздер. Мəселен, «Омардың есіне бірдеңе түсіп кетті» десек, 
Омардың есіне нақты не түскенін контекстен табамыз, онсыз комму-
никативтік  мүддеміз  мақсатына  жетпейді.  Оның  үстіне,  кейбір  бел-
гісіздік есімдіктері тəуелдік тұлғада қолданылып, алдыңғы я кейінгі 
сөйлемдегі  бір  сөзбен  тікелей  байланыста  болады  да,  сол  сөйлемсіз 
тиянақтала алмайды. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет