Синтаксистік парадигмалар


Дербес сөйлемдердің жарыса байланысуы



Pdf көрінісі
бет248/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Дербес сөйлемдердің жарыса байланысуы. Параллелизм сөйлеуде 
үш  деңгейде  көрінеді:  бірі  сөйлем  шегінде  (бірыңғай  мүшелердің  бай-
ланысы,  салалас  құрмаластың  құрамындағы  сөйлемдер  арасында);  бірі 
шумақ шегінде, бірі мəтіннің үлкен бөліктерінің (тарау, бөлім, үзінді, аб-
зацтардың)  арасында.  Бұл  жерде  сөз  дербес  сөйлемдердің  арасындағы 
теңдес, жарыспалы байланыс турасында. Сондықтан орыс тіл білімінде 
параллель байланыс деп жүрген ұғымды қазақша шартты түрде болсын 
жарыспалы байланыс деген жөн. Бұл – салалас байланыстың шумақ дең-
гейіндегі көрінісі.
Салалас  жарыспалылыққа  түзілген  шумақта  соңғы  сөйлемдер 
құрылымы  жағынан  алдыңғы  сөйлемдерге  ыңғайланып,  бірдейленіп
тұрады.  Бұлайша  байланысқан  дербес  сөйлемдердің  арасында  салғас-
тырмалық, салыстырмалық, қарама-қарсылық, санамалаулық, ыңғайлас-
тық, мезгілдестік сияқты қатынастар орнайды.
Тек  қана  жарыспалылыққа  құрылған  шумақтар  қазақ  тілінде  сирек 
кездеседі. Шумақ сөйлемдері көбінесе əрі тізбектеле, əрі қатарласа байла-
нысып тұрады, яғни, шумақ байланыстың салалас та, сабақтас та түрлері 
араласып өріледі. Шумақ құрамында іргелес тұрған сөйлемдер де, алшақ 
тұрған сөйлемдер де жарыса байланыса береді. Мысалдар талдайық:
1  Болыстардың  көбі  соңғы  кездегі  сайлауларда  іске  ширақ,  тіл 
білетіндеу жастардан сайланып еді.
Көбі  жиырма  бес,  отыз  бес  арасындағы  жассымақ  адамдар  бола-
тын. Көбінің ел ортасында соншалық зор салмақ беделі абырой-атақ, 
айдыны  да  жоқ.  Үлкен  істі  елдің  жасы  үлкен  қариясы,  атақты,  сал-
мақты үлкендері, қарталы жуандары арқылы болмаса, өз беттерімен 
бұзып, жарып істеп кете алмайтын /.../. Көбінің болыс болып, дəреже 
алуына да солар себеп болған (М.Əуезов).
Бұл бірлікте екінші, үшінші сөйлемдердің бесінші сөйлеммен байла-
нысы алшақ жарыспалы, параллельділік «көбінің» сөз формасының ана-
форалық  тұрғыда  қайталануы  арқылы  түзілген.  Шумақтағы  басқа  сөй-
лемдердің байланысы тізбекті байланысқа тəн.
2.  Арт  жақтағы,  одан  кейінгі  тарантастардың  бəрі  де  тым-ты-
рақай, олай да бұлай шапқыласып жүр. Арбадан ұшып түскен жалаң бас 


316
317
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
адамдар есінен айрылғандай, жан-жаққа қашып бара жатыр. Жалғыз 
Кенжеғара есінен айырылмапты (Ғ.Мүсірепов).
Шумақта  бірінші  жəне  екінші  сөйлемдер  іргелес  тұрып  параллель 
байланысқан,  үшінші  сөйлем  құрылымы  басқаша  болғандықтан  жа-
рыспалы қатарластықты тұйықтап тұр.
Шумақ  тек  «таза»  параллельділікке  ғана  құрылса,  ашық  қалар  еді, 
сондықтан мəтінде оны тұйықтайтын құрылымы басқаша сөйлем бола-
ды. Жарыспалы қатарластық шумақтың бастапқы я соңғы сөйлемдерінің 
ықпалымен түйінделеді. Егер жарыспалы сыңарларға құрылған шумақта 
тұйықтаушы  сөйлем  бас  шенінде  болса,  соңғы  параллель  сөйлемдерде 
осы сөйлемнің мағына-мазмұны ашылады. Мысалы:
Қос ішінде үш адам бар. Үй иесі - жасы қырықтар шамасында, дөң-
гелек сақал, шарқы ғана кісі. Табаны ағаш, үсті сірі шəрке жасап отыр. 
Əйелі - жиырмадан асқан бүйрек бет қара келіншек. Ескі қаптан байпақ 
тігіп отыр. Еңбектеген еркек бала. Өзімен-өзі болып жүр (Ғ.Мұстафин).
Мына мысалда тұйықтаушы сөйлем аяққы шенде келіп, алдыңғы сөй-
лемдерді түйіндейді:
4  Солайша,  екі  жаққа  бірдей  көзді  жібермесе,  пристав  Ақжелке 
бола ма? Қол жететін орайлы жер келгенде айналаны бірдей қарама-
са, бір ай ішінде үш жүз қой, елу қара жинала ма? Екі жақты қатар 
қармау үшін жаралмаса, оң қол, сол қол не үшік керек? Екі жақты адам 
екі жақты қылық қылмаса, толық адам ба? Бұның бəрін қазақ даласы-
на талайдан кəрі жүріп, зəрі сіңген Ақжелке жат сабағындай жақсы 
біледі (М.Əуезов).
Жарыспалы  қатарлас  құрылыммен  түзілген  шумақ  екі  жағынан  да 
(басынан да, аяғынан да) тұйықталуы мүмкін:
5  Ақмола  уезінің  барлық  қазақ  елін  оңтүстікке  жəне  солтүстікке 
бөліп, екі жағынан екі санақ комиссиясы шықты. Оңтүстікке шыққан 
санақ  комиссиясының  бастығы  Томск  университетін  сол  жылы  ғана 
бітірген Асылбек Сейітұлы болды. Солтүстікке баратын санақ комис-
сиясының  бастығы  мен  болдым.  Аралап  есебін  алатын  еліміз - он  екі 
болыс ел (С.Сейфуллин).
Шумақ  құрамындағы  дербес  сөйлемдердің  параллель  (салалас, 
жарыспалы,  қатарлас)  байланысы  сыңарлардың  құрылымдық  те-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет