Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет261/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

1.2 Сұраулы сөйлем
Сұраулы  сөйлем  қазақ  тіл  білімі  синтаксисінде  А.Байтұрсыновтың 
еңбектерінен бастап зерттеле бастады. Ғалым бұл сөйлем түріне «жауап 
сұралғанда айтылатын сөйлем» деген анықтама береді [1, 297 б.]. Мы-
салы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар? Соншама бұл бұйдайдың дəні 
көп пе?
Х.Арғынов сұраулы сөйлемнің бірнеше жасалу жолдарын көрсеткен 
[3, №3 кесте]: 
• Сұрау есімдігі: Жүректе қайрат болмаса, 
   
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
• Сұраулық шылау: Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма? 
   
Оны жасырар адамның күші бар ма?
• - ау, ше, ғой шыАтым – Қайырғали, өзіңнің атың ше?
• Интонация: Сен намыстанып қалғанбысың? 


334
335
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
• шығар, болар жəне т.б. көмекші етістіктер: Борашты көріп жүретін 
шығарсың? 
Сұраулы сөйлемнің жасалуының бұлайша жіктелуі кейінгі ғалымдар-
дың еңбектерінде қозғалып, қате кеткен тұстары дұрысталды. Сондықтан 
бұл тəсілдер сұраулы сөйлемнің сипатын əлі де толық ашпағандықтан, 
зерттеуді қажет етті. 
М.Балақаевтың бұл сөйлем туралы көзқарасы бойынша, сұраққа сұрақ 
түрінде  берілген  жауаптың  мағыналары  (–  Біздің  ауылға  барасың  ғой, 
қызым? – Бармағанда  қайтем? (Ғ.Сланов))  кісінің  ішкі  сезімін,  лажы-
ның  жоқтығын,  өтінішін,  т.б.  модальді  мағынаны  қоса  хабарлайды.  Ал 
кейбір сұраулы сөйлемдер кісінің күмəнін, таңдануын, кейігенін, сенім-
сіздігін де білдіріп, бірқатары болымсыз сөйлемнің орнына жұмсалады 
(–  Арық  адамның  көзі  өткір  болады  екен-ау?!  Мен  білмейді  деймісің? 
(Ғ.Мүсірепов)).
Хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалса, оны 
риторикалық (шешендік) сұрақ деп атап, мынадай мысал келтіреді [15, 
119 б.]:
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға? (Абай).
Ал Т.Сайрамбаевтың еңбегінде сұраулы сөйлемнің жасалуының бір-
неше басты жолдары баяндалады. «Басқадан (кейде өзінен) жауап күту 
мақсатымен  айтылған  сөйлем»  деген  анықтама  берген.  Бұл  сөйлемнің 
жасалу  тəсілдерінің  бірнешеуі  Х.Арғыновтың  еңбегінде  айтылған,  де-
генмен Т.Сайрамбаевтың берген нұсқасының ғылымилығы басым деуге 
болады [16, 377 б.] .
1 Сұраулық шылаулар: – Өзі атпен баратын жер ме, машинамен ба-
ратын жер ме(Ғ.Мүсірепов). 
Сұраулы шылаулар қысқарып, жіктік жалғауларынан бұрын келгенде:
– Ой, сенбісің? Сені де сақал басып кетіпті ғой (Ғ.Мүсірепов). Сұрау-
лы  сөйлемді  жасаудың  осы  тəсілі  Х.Арғыновтың  еңбегінде  интонация 
арқылы жасалу жолы ретінде берілген (Жоғарыдан қараңыз). 
1. Сұрау есімдіктері: – Мұнда қайдан жүрсің? (З.Шашкин).
2.  шығар,  болар,  қайтеді  деген  көмекші  етістіктер  күрделі  баянда-
уыштың  құрамына  еніп,  сұраулық  интонациямен  айтылса:  Оның  өзін 
тыңдап көрсек қайтеді? (Ғ.Мүсірепов). 
3. Баяндауыштың құрамында -ау, ғой шылаулары мен одағай айтылса: 
Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің-ау, ə? (Ғ.Мүсірепов). 
4.  ше  демеулігі  баяндауыштың  құрамында  болғанда:  Ал  Жамал  ше
Өзің ше?(Ғ.Мүсірепов).
5. Сұраулық интонация: Мүмкін маған Бəтес қосылар? – деді Нұрбек 
(С.Мұқанов).
Ғалым əрі қарай сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтарды мазмұ-
нына қарай бірнеше түрге бөлген: 
•  Ашық  сұрақ  біреудің  ойын  немесе  біреудің  я  бірдеңенің  жайын, 
бар-жоқтығын білу мақсатында айтылады: 
Дəурен: Өзіңіз қандай ақыл бересіз?
Богданов: Барлық күшті осы төбеге салыңдар дегеннен басқа айта-
рым жоқ (Ə.Əбішев).
• Сұраққа сұрақ түрінде жауап берілгенде қарсы сұрақ қойылады. 
– Ой, мынау тамаша емес пе?
– Несі тамаша? (Т.Нұртазин).
• Күмəнді сұрақСол жаққа мен де барсам ба екен? (ҒСланов).
• Таңырқаулы сұрақ. Сізде де арман бар ма екен? (Ғ.Сланов).
• Риторикалық сұрақта жауап күту мақсаты емес, бірдеңенің жайын 
хабарлау  мақсатында  айтылады.  Халық  ұстазынан  айырылса,  не  тап-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет