ма, ме шылауы мен еді көмекші етістігі тіркесіп те арман мəнді лепті
сөйлем жасалады.
3. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну
ретінде айтылатын лепті сөйлемдердің баяндауыштары екі түрлі болып
келеді: а) болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше тұлға-
сындағы көмекші етістік (екен), одан кейін де демеулігі келеді; ə) бірінші
жақ шартты рай тұлғасындағы етістікке -шы/-ші қосымшасы жалғанады.
4. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану мағынасындағы лепті сөй-
лемдердің ішінде қандай, неткен, ғажап, болғанда қандай, пай-пай деген
сөздер кездеседі [21, 14-16 бб.].
Тура осы пікір Т.Сайрамбевтың еңбегінде кездеседі. Тек қос ғалым-
ның айтқан 2-ші пунктіне «баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік ба-
яндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында айтылатындығын» қосқан.
Сондай-ақ 3-ші пунктін» б) Кейде тұйық етістікке -ың//-ің қосымшасы
жалғанып, одан кейін ғой шылауы жұмсалған күрделі баяндауышты сөй-
лемдер де өкініш мəнде айтылады» деген пікірімен кеңейтеді [16, 382 б.].
О.Төлегенов хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерді мақсат мəнді
деп алып, ал лепті сөйлемді бұл топқа жатқызуды дұрыс емес деп са-
найды. Ал осы сөйлемге мынадай анықтама береді: «Шындық құбылысы
туралы, белгілі бір субъект жайында айтушының эмоциялық қатынасын,
сезімін, көңіл-күйін үстемелей не арнайы білдіретін сөйлемдерді лепті
сөйлем дейміз» [10, 155 б.]. Автордың пікірінше, кейбір хабарлы, сұрау-
лы, бұйрықты сөйлемдер эмоциялық мағынада айтыла береді. Яғни сөй-
леу жағдайына қарай мақсат мəнді сөйлем типтері бірде тіке мазмұнын-
да жұмсалса, бірде, сезім, эмоцияны үстемелей білдіріп те жұмсалады.
Осыған байланысты лепті сөйлемді мақсат мəнді тип емес деп есептейді.
Ал лепті сөйлемдердің екі түрлі жасалу жолын көрсетеді: айрықша инто-
нациялық сөйлемдер, айрықша тұлға-құрамды сөйлемдер. Ғалым өз ең-
бегінде кейбір түрік тілдерінің, орыс, шет тілі ғалымдарының пікірлерін
негізге алады.
Лепті сөйлемдерді кеңінен зерттеп, зерделеген Р.Əмір болды. Автор-
дың ойынша, істің қарқынын білдіретін баяндауыштардың көпшілігі
əрі эмоциялы болып келеді. Эмоциялық форма жай хабарлаушы баян-
дауыштар қатарынан да, бұйрық мəнді баяндауыштар қатарынан да та-
былады. Себебі интеллектілік мағына мен эмоция қатар жүреді. Соған
қарамастан ғалым экспрессивті баяндауыштарды парадигматикалық қа-
тардағы жеке топ ретінде қарастырады. Оның бірнеше себебін келтіреді.
Мəселен, экспрессивті баяндауыштар ерекше құралады (алмасам, алма-
сам ба, алмас па жəне т.б.); эмоциялықты білдіретін баяндауыштар бар;
340
341
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
эмоциялы баяндауыштар түрлі коммуникативтік жағдайға, стильдік мін-
детке сай өзара қызмет бөліскен.
Ғалым сөйлемде дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қой-
май, сөйлеушінің болмысқа қатысты эмоциясын қоса білдіретін сөйлем-
дерді лепті сөйлем деп атайды. Эмоциялы баяндауыштардың жеке-жеке
формаларын, олардың қызмет ерекшеліктерін көрсетеді [11, 66 б.]. Оны
ықшамдап келтіре кетейік:
1. айтса айтқандай, мықты десе мықты тəрізді құралған баянда-
уыштар арқылы жасалады: Ах, сорлы балам, айтса айтқандай. Аудыр-
май түсірген (Ш.Хұсайынов).
2. Негізгі компонент -ған, -ген есімшелі + тəуелдік жалғауындағы қай-
талақ компонент – алғаным алған, алғаны алған тəрізді баяндауыштар
арқылы: Əпкем баратыны барады. Ертеңнен қалмайды. Су жаңа дөңге-
лек осы қалғаны қалған (Ш.Хұсайынов).
3. Негізгі компонент келер шақ, өткен шақ формалы етістік + есімше,
тұйық рай тұлғалы қайталау компоненттері: Əпкем келетіні келеді (келуі
келеді, келуі келген).
4. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі ба-
яндауыштар: алды да кетті, сірестім де қалдым.
5. «сын есім – десеңші», «етістік – десеңші»: Оған не жоқ десеңші!
6. «етістік – дейсің (деймін)», «есім сөз – деймін»: жауды дейсің,
ұстамын дейсің.
7. -тын, -тін формалы есімше немесе «есім сөз + өзі есімдігі»: сөй-
лейтіннің өзі, күлегештің өзі.
8. -ған, -ген, -тын, -тін формалы есімше + шығарды етістігі: Үй-ішіне
ырза болмай, үнемі төмен қарап отырғанды шығарды (Ə.Нұршайықов).
9. -ғаным тұлғалы есімше + бар ма: Олардың түрлері де көзіме ыстық
көрінгені бар ма (Б.Момышұлы).
10. алмасы бар ма тəрізді формада келген эмоциялы баяндауыш:
Шөптібай жетіп келмесі бар ма (А.Нұрманов).
11. бұйрық рай тұлғасындағы болымсыз етістік + сұраулы шылау:
Қасқырдан бөлтірік тумасын ба (Б.Момышұлы).
12. -ар, -ер тұлғалы есімше мен ма, ме шылауы: жетіп келермін бе,
ала қоярсың ба, ала қояр ма.
13. Болымсыз шартты райлы етістік + ба, бе шылауы: Сенің түбіңе
жетпесем бе! (Б.Майлин).
14. Шартты рай тұлғалы етістік + -шы формалы: Шіркін, ол өсітіп көз
айырмай өмір бойы қарап тұрсашы (С.Мұратбеков).
15. -ған, -ген (-қан, -кен) + емес: Сейтен бала жасынан жылан-шаян-
нан қорқып көрген емес (І.Есенберлин).
16. Шартты рай етістіктің болымды түрі + ба (бе) : «Осының жұмы-
сын саған реттетсем бе!» дегендей боп Құлтай ашулы түрде қарады
(Б.Майлин).
17. Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы шақ, нақты осы шақ, өт-
кен шақ етістік + қайталанатын сөз -мақ, -мек (-пақ, -пек) формасында:
алмақ түгіл алады, жазбақ түгілі жазып жатыр.
18. Көсемшенің болымсыз түрі: Мені есіркегенше арбаға өзің отыр-
май! – деп Бибі де кейіп тұр (С.Мұратбеков).
19. -ып,-іп формалы көсемше: Əр нəрсеге ренжіп.
20. -уға (-уғанға) формалы етістік + дейін барды: Ұрысуға дейін бар-
ды, ұрысқанға дейін барды.
21. Ашық рай болымсыз баяндауышқа эмоциялы сыңар ретінде жұм-
салатын зат есім + құрлы көрмейді, субстантивтенген еімше + құрлы көр-
мейді, зат есім + құрлы болмады, есімше + құрлы болмады: Күміс самау-
рының шойын құманым құрлы болмады (Ғ.Мүсірепов).
Əрине, бұл сөйлемдер ең бастысы интонациямен айтылу керек.
Р.Əмірдің зерттеуінде реплика ретіндегі лепті сөйлемдер деген термин
бар. Автордың айтуынша, «тілімізде құрылысы жағынан оқшау келетін,
құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін
сөйлемдер бар» [11, 80 б.]. Яғни бұл сөйлемнің құрамындағы сөздер ер-
кін тіркеспейді, белгілі бір орныққан үлгімен бірігеді. Мəселен, Келгенде
қандай! Ол ол ма! О несі екен! Осы тəрізді сөйлемдер диалогта жауап
реплика ретінде жұмсалатындықтан, жоғарыдағы терминді қолданған.
Реплика сөйлемдерді құрылысына қарай екі топқа бөледі:
1. Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау арқылы:
Осыны айтасың ба?
Айтпағанда! (Қ.Жұмаділов).
2. Алдыңғы репликадан қайталанған сөз бен тұрақты компонент
ретіндегі сөз арқылы:
– Ал жүрейік, шешей.
– Қайдағы шешей! Өзің орта жасқа келген жігітсің (Қ.Мұхамеджа-
нов).
Осы екінші топты өз ішінде бірнеше топтарға жіктейді: «не қылған
+ қайталанған сөз (зат есім, сын есім) « (– Не қылған жас!), «қайта-
ланған сөз (есім, етістік) + (не) несі» (Болады, болмайдыларың не!), «қай-
таланған сөз (есім, етістік) + қалай» (Шималадың қалай! Бұл əдейі са-
лынған сурет), «қайдан + бұйрық райлы қайталанған етістік» (Қайдан
өзі босасын!), «қайталанған етістік (шартты рай) « + ша, ше демеулігі»
(Қалжыңдасаң ше! Құрбың қалжыңды түсінбейді ме!), «қайталанған
етістік (-ғанда тұлғалы) + ша, ше демеулігі» (Əкетпегенде ше!), «қай-
342
343
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
таланған етістік ( -ғанда тұлғалы) + қандай» ( Жетіскенде қандай!). Біз
ғалымның пікірін (берілген мысалдарын) қысқа да нұсқа етіп ұсындық.
Сондықтан реплика сөйлемдердің диалогтың ішінде айтылатынын есте
ұстаған абзал.
Байқағанымыздай, жай сөйлемдерді айтылуына қарай жіктеуде лепті
сөйлемге қатысты пікірлер екіге бөлінген. Бірқатар ғалымдар оны хабар-
лы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдермен бірге топтастырса, кейбірі лепті
сөйлемді жеке алып қарастырады. Жай сөйлемді айтылуы бойынша жік-
тегенде, бұл жерде сөйлемнің айтылу сазы ескерілетіні сөзсіз. Сөйлеу-
ші айтылатын ойды жай ғана хабарлап, немесе бұйырып, немесе сұрау
арқылы жəне белгілі бір көңіл-күймен жеткізеді. Бұл тұста ғалымдардың
жай сөйлемді осы төрт түрге бөлуін орынды деп есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |