Үгіт (ақыл) түрде:
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Жай тілек түрде:
Жасаған болғай панамыз көруге жазғай еді.
Есен-сау келгей едің.
Қақ бендесі біздей, сірə, болмасын.
Біздей болса, бұ дүниеге келмесін.
Арманменен інім шөлде өлмесін...
Ғалымның келтірген мысалдарынан бұйрықты сөйлемнің табиғаты
ашылып тұрғанын аңғаруға болады. Себебі аталмыш сөйлемнің мағына-
лық түрлері де, баяндауыштарының жасалу формаларының əртүрлілігі,
сондай-ақ бұйрықты сөйлемнің бір сөзден тұратыны, жай сөйлем, құрма-
лас сөйлем түрінде де кездесетіні байқалып тұр.
Ал Қ.Жұбанов, С.Аманжолов бұйрықты сөйлемдерді лепті сөйлем-
дердің құрамында қарастырған. Тек М.Балақаев 1959 жылы орыс тілін-
де жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде «Побудительное
предложение» деген тақырыпша береді. Бұл еңбекті кейбір зерттеушілер
(О.Жармакин, Х.Арғынов т.б.) бұйрықты сөйлем деген терминді енгізіп,
оның басқа сөйлемдерден ерекшелігін, сипатын көрсеткен тұңғыш пікір
ретінде атап өткен. Бұйрықты сөйлемдер туралы диссертация қорғаған
Б.Жақыпбеков бұл пікірдің сол уақытта орынды болғанын жəне ол кез-
де А.Байтұрсынұлының есімі мен зерттеу еңбектері беймəлім болғанын
еске салады.
М.Балақаев бұйрықты сөйлемдердің диалог түрінде ықшам келіп,
кейде қаратпа сөзді болып келетін ерекшеліктеріне қарай бұйрықты сөй-
лемдердің бірнеше мағыналық түрлерін атап көрсетеді [15, 120 б.]:
1. Қатал бұйрықты: Өшір үніңді! (Ə.Сəрсенбаев). Көрсетпе көз жа-
сыңды! (М.Əуезов).
2. Солғын бұйрық: – Қарындасым, ондай өтірікті айтушы болма!
(Ə.Əбішев).
3. Сес көрсету, қорқыту мəнді бұйрық: – Балам, жөніңді айтшы!
(М.Əуезов).
4. Өсиет, үндеу мəнді бұйрық: – Темірді қызған кезде соқ. Жаманнан
без, жақсыдан үлгі ал.
Бұйрықты сөйлем туралы зерттеп, кандидаттық диссертация жазған
О.К.Жармакин бұйрықты сөйлемді тек лингвистикалық тұрғыдан емес,
сонымен қатар əлеуметтану, психология, логика жəне семиотика салала-
рындағы əртүрлі көзқарастармен салыстыра зерттеуге тырысады. Зерттеу-
ші бұйрық рай жасайтын мынадай морфологиялық құралдарды көрсетеді
[22, 10-14 бб.]:
344
345
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
1. бұйрық рай;
2. ашық райдың осы шағы;
3. ашық райдың келер шағы;
4. ашық райдың жедел өткен шағы;
5. шартты рай;
6. -қай/-кей, -ғай/-гей тұлғалы қалау рай.
Сондай-ақ лексикалық деңгейде бұйрық модальділігі толық мағына-
лы бұйрық рай етістіктер мен бұйрық одағайлары арқылы жүзеге асаты-
нын айтады [22, 15 б.].
О.Төлегеновтің еңбегінде де бұйрықты сөйлемге қатысты біршама ой
айтылған. Ғалымның пікірінше, бұйрықты сөйлем істелер іс-əрекет ту-
ралы, яғни келер шаққа байланысты айтылады. Сонымен қатар айтушы-
ның, сөйлеушінің немесе жазушының еркі əр алуан болып келуі мүмкін,
мəселен, бірде көтеріңкі үнде, бірде сыпайылық сақтап, жай ғана белгілі
бір əрекетпен жұмылдыруы мүмкін [10, 137-148 бб.].
Бұйрықты сөйлемді мағыналық жағынан топтастыруда көптеген ға-
лымдардың еңбектерін зерттеп, саралай келе, Б.Жақыпбеков мынадай
түрлерге жіктейді:
1.таза бұйрық мағынасындағы бұйрықты сөйлемдер;
2. ақыл, ұсыныс мағынасындағы бұйрықты сөйлемдер;
3. шақыру, ұран мағынасындағы бұйрықты сөйлемдер;
4. өтініш мағынасындағы бұйрықты сөйлемдер;
Алғыс, қарғыс мағынасындағы бұйрықты сөйлемдер [23, 23 б.].
Т.Сайрамбаев өз еңбегінде бұйрықты сөйлемге мынадай анықтама
береді: «Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге қосу мақсатымен айтыла-
ды. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ай-
тылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жа-
лынышы жəне т.б. білдіреді». Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары-
ның түрлілігіне қарай, сөйлемнің құрамына қарай, олардың мазмұны да
əртүрлі болатынын көрсетеді [16, 380-381 бб.]:
1. Етістіктің бұйрық райының екінші жағында айтылған сөйлемдер
көбінесе бұйрық, талап, кейде үндеу мəнді болады:
– Тарт тіліңді! Жоғал, көзіме көрінбей! – деп Ысқақ кимелеп кетті
(С.Ерубаев).
2. Бұйрық райдың үшінші жағында айтылған сөйлемдер талап, тілек
мəнді болады:
Керімбек малды тез жайлауға айдасын! Бағар көбейсін, шалым
(Ғ.Мүсірепов).
3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші
қосымшасы жалғану арқылы тілек, жалыныш, сыпайы түрде, яғни сөй-
лемдер І жақта қалау рай мағынасында айтылады:
Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Қарағым, мына баланы риза
қылшы!
4. Етістіктің бұйрық, қалау рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары
бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында жұмсалады:
Егіс көлемін ұлғайтыңдар, егіншіліктің мəдениетін арттырыңдар,
егіннен мол өнім алатын болыңдар!
Бұйрықты сөйлемнің баяндауыштарының жасалу жолдарын профес-
сор Р.Əмірдің еңбегінен толықтай кездестіруге болады [11, 80 б.]:
1. Бұйрық мағыналы баяндауыштарының ішіндегі негізгі тірек форма
– етістіктің жалаң екінші жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы;
2. Бірінші жаққа қатысты бұйрықты, іс-əрекетке жұмсауды -айын/-ей-
ін, -айық/-ейік формалы етістіктен жасалған баяндауыштар арқылы;
3. Ауызекі тілде бұйрық рай мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы
баяндауыштардың қатысуы арқылы;
4. Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы
түрінде құралған баяндауыштар арқылы;
5. Шартты рай тұлғалы етістікті қатыстырып, бұйрық мағыналы баян-
дауыш жасау арқылы;
6. Екінші жақ бұйрық райлы форма + деген соң + екінші жақ бұйрық
рай форма болып құралу арқылы (Ал деген соң сал);
7. -ушы формалы есімше + болма құрамында жасалған баяндауыш
арқылы (Айтушы болма анаған);
8. Іске жұмсауды тілек, өтініш ретінде айту үшін, алшы, келші, ала-
йыншы түрінде құрылған баяндауыштар арқылы;
9. -айық/-ейік тұлғалы баяндауышқа сыңар ретінде жұмсалатын
-алық/-елік арқылы жасалған баяндауыштың көмегімен;
10. Қазақ тілінің жергілікті ерекшелігі ретінде бұйрық мағына
білдіретін алалы, көрелі (ал – алы, көр – елі) тұлғалы баяндауыш арқы-
лы;
11. Ауызекі тілінде ашық райдың келер шақ формасындағы етістікті
баяндауыш арқылы;
12. Ашық рай формасындағы алушы болмасын күрделі етістігі арқылы
бұйрық мағына береді;
13. Келер шақ етістік + ба, бе сұраулық шылауы арқылы да бұйрықты
сөйлемдер жасалады.
Байқағанымыздай, тілімізде бұйрықты сөйлемдердің мағыналық түр-
лері, баяндауыштарының жасалу жолдары, синтаксистік құрылымы ту-
ралы біршама еңбектер жарыққа шықты. Дегенмен бұйрықты сөйлемнің
əр қырынан сөз етуге болатын мəселелері əлі де кездеседі.
346
347
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Достарыңызбен бөлісу: |