Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет271/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2 СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ КОНТЕКСТ 
Болмыстағы кез келген құбылыс бір жақты, оқшау болмайды, ол бел-
гілі бір жүйенің құрамындағы, күрделі құбылыс болады. Болмыстың тіл-
дегі көрінісі де осыған сəйкес. Ал хабар алмасушы (коммуникант) қашан 
да өз сұранысын толық қанағаттандыруға тырысады, яғни, белгілі бір зат 
я құбылыс туралы мүмкіндігінше толық хабар, мағлұматты қажет етеді. 
Жан-жақты  толық  хабар  болса  бір  сөйлемнің  мазмұнына  көбіне  сыя 
бермейді. Міне, осыдан келіп сөйлемдегі ой да тиянақты бола бермей-
ді. Сөйлемнің контекске тəуелділігі, синсемантикалылығы осыдан келіп 
шығады.
Синсемантика – белгілі бір мағынаның өзі сияқты басқа бір мағына-
мен ұштасуы, ықпалдасуы, өзара тəуелді болуы екенін білдіретін аталым. 
Осыған орай, сөйлемге байланыстырып сөйлеу фактісі ретінде қарасақ, 
контекстің ықпалын, яғни, бір сөйлемнің мағына-мазмұнының келесі бір 
сөйлемнің  мағына-мазмұнына  əсерін  қарастыру  міндеті  келіп  шығады. 
Мысалмен дəлелдейік:
Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі – Найманкөк деген үл-
кен ақкөк ат болатын. Екеуі жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп 
«мен  озам,  мен  озаммен»  тепкілесіп  созыла  берді  (М.Əуезов)  сөйлем-
дері құрылымы жағынан аяқталған, интонациясы да осыған сай. Алай-
да мазмұны жағынан алсақ, олардың олқы, жетімсіз екенін байқау қиын 
емес. Өйткені ой тиянақталу үшін қажет мағлұмат – Құнанбайдың атын 
тағы  кім  мініп  келе  жатқанын, «екеуі»  деген  кімдер  екенін  білу.  Ол – 
мəтінде көршілес басқа сөйлемде тұр. Салыстырыңыз:
Байтастың мінгені – Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дəмелі бəй-
ге  аттардың  бірі  еді.  Жұмабайдың  астындағы  да  сол  Құнанбайдікі – 
Найманкөк деген үлкен ақкөк ат болатын. Екеуі жарыса жөнелгенде, 
амалсыз егеске түсіп «мен озам, мен озаммен» тепкілесіп созыла берді.
Басқа сөйлемдерге нұсқап, белгі беріп тұрған екінші сөйлемдегі «да» 
демеулігі, үшінші сөйлемдегі тəуелдік тұлғада тұрған «екеуі» жинақтау 
сан есімі екенін байқауға болады.
Демек, сөйлемдегі ой тиянақсыздығын, мазмұнның ашылуына басқа 
сөйлемнің ықпалы қажеттілігін, сөйлемнің контекске тəуелдігін көрсетіп 
тұратын грамматикалық құралдар болады екен.
Қазақ тілінде сөйлемнің синсемантикасының белгілеріне есімдіктер,
жалғаулар, демеуліктер, үстеудің кейбір түрлері, кейбір сан есімдер, тə-
уелдік  жалғаулы  сөз,  қыстырма  сөздер,  сілтеулік  мəні  бар  кейбір  сын 
есімдер жатады.


350
351
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет