Сөз тіркесі түріндегі үстеме құрылым. Сөз тіркесі түріндегі үстеме
құрылым матасу, меңгеру жəне қабысу түрінде келіп, негізгі айтылым-
ның мазмұнын кеңейтіп тұрады. Мұнда сөз тіркесінің басыңқы сыңары
негізгі сөйлемде айтылып, үстемеде ол қайталанады. Ал сөз тіркесінің
бағыныңқы сыңары жаңадан қосылады. Мысалы: Алғашқы рет амалсыз- дан көпке қарап аузын ашып ышқынғанда, ішінен зор дауыс шықты. Күтпеген дауыс (М.Əуезов).
Берілген мысалдағы үстеме құрылым қабыса байланысқан сөз тір-
кесі. Негізгі құрылым мен үстеме құрылымның арасындағы байланыс
– анықтауыштық. Бұл үстеме құрылымды қалыпты сөйлемге айналдыр-
сақ, зор жəне күтпеген сөздері бірыңғай анықтауыш болар еді. Үстеме
құрылымда дауыс сөзінің екінші рет қайталануы арқылы негізгі сөй-
лемнің мазмұнын кеңейтіп, дауыс сөзіне қосымша экспрессивтілік мағы-
на берілген.
Ауылдағы қалған үйлердің көбі кішкене, үш-төрт қанат жыртықтау қара үйлер. Малшы-қосшының үйлері (М.Əуезов).
Мысалдағы үстеме құрылым күрделі бағыныңқылы матаса бай-
ланысқан үстеме құрылым. Бұл құрылым да үй сөзінің екі рет қайтала-
нуы арқылы жасалған. Үй сөзі екінші рет қайталанғанда тағы қосымша
мағына алып, үйдің кімдікі екені анықталып, иесіне меншіктеліп тұр.
Автор малшы-қосшы деген қос сөзді негізгі сөйлемнің құрамындағы
жыртықтау деген сөзден кейін қойып, қалыпты сөйлем қылып жазуға
да болар еді. Бірақ автор олай істемеген. Автордың бұл күрделі анықта-
уышты сөйлемнің сыртына шығарып жіберуі – коммуникативтік мақсат-
тан туған. Автор бұл күрделі анықтауышты негізгі сөйлемнің сыртына
шығарып жіберу арқылы оған коммуникативтік жүк артып, оны актуал-
даған.