кесетұғын (Ы.Алтынсарин).
Үстемеленген анықтауыш бір сөйлемге пара-пар күрделі анықтауыш.
Үстемеленген анықтауыш заң сөзін анықтап тұр. Оны қалыпты сөй-
лемге де айналдыруға болады. Мысалда үстеме анықтауыш мағыналық
жағынан дараланған жəне негізгі сөйлем мен үстеме бөліктің арасында
үзілмелі байланыс бар.
Кенет бір бүйірден сау етіп бір топ салт аттылар шыға келді. Жиын қарасы қырық-елуден кем болмас (Қ.Жұмаділов). Мысалда үстеме бөлік
негізгі сөйлемде айтылған бір топ салт аттылардың сандық (болжал-
дық) мөлшерін білдірген. Яғни негізгі сөйлем мен үстеме сөйлемнің ара-
сындағы қатынас – мөлшерлік қатынас. Бұл құрылымның екі жақты қыз-
меті бар: біріншіден, негізгі ойдың ауқымын кеңейтсе, екіншіден, белгілі
бір мүшені анықтаған.
3) Айтылған ойға авторлық баға беру немесе авторлық көзқарасын
көрсететін анықтауышты үстеме құрылым. Үстеме құрылымның бұл
түрі айтылған мəселеге авторлық пікір, авторлық көзқарас қосуымен
ерекшеленеді. Мысалы: Тəбеті тартып тұрмаса да, əл жинау үшін бір тостаған шай мен жарты қалашты түгін қалдырмай соғып алды. Бəл-