Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет351/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

нымызды қорғайық, - деп ол Бобровтың таяу тұрған ашуына əдейі от 
қойып, тұтата түсті де, - олардың кім екенін білгіңіз келсе, айтайын, 
- деп еді, Бобров үндемеді.
12) Олар өзіміздің Скориков пен Тайнов. Əлгі, ана дəрігер келіншектіің 
ер  қарасы  да... – деп  Долгушев  осы  арада  қас-қабағын  керіп  жадырай 
күлді де, - иə, о да солармен бір,- деді. Бобровтың əлгі кездегі мейірімді, 
момын жүзі ұйтқып бұзылған, қабағын қарс жұмып, түнеріп алыпты 
(Ə.Нұрпейісов).


440
441
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Төл сөзді (ортақ төл сөзді) бірліктерде монологқа да, диалогқа да тəн 
сипаттардың болатынын байқауға болады, сондықтан ондағы контесктік 
ықпалды осы тұрғыдан іздеуіміз керек [6]. Мысалы:
Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жыл бұрын болса керек: Қар-
жасбайдың  аңыраған  қонақ  үйінде  жиырмаға  тарта  баланы  алқа  қо-
тан отырғызып, Мəжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататы-
ны. О кез Мекалайдың аузынан жалыны шығып тұрған кезі еді. Ал, бұл 
күнде  Мекалайдың  жалыны  түгіл,  əуелі  қабірін  таба  алар  ма  екенсің. 
Бұл  күнде  ондағы  ызбарын  төгіп  отыратын  Мəжекең  де,  бет-аузын 
ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қызы-
райтып төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көріңде өкіргір, Қожаекем-ай! 
Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназа-
дан  құр  қалсаң  да,  ашуыңды  балалардан  алушы  едің-ау!  Өткен  күннің 
белгісі жоқ қой, əйтпесе нағыз ...
Əйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады (Ж.Аймауытов).
Синтаксистік күрделі бірліктер сөйлеу мақсатына, сөйлеу предметінің 
сипатына,  функционалдық  ерекшеліктеріне  қарай  суреттеу,  баяндау, 
дəлелдеу [7] сипатты бірліктер болып үш түрге бөлінеді. Осы суреттеу, 
баяндау,  дəлелдеу  сол  бірліктердегі  компоненттердің  құрылуы,  түзілісі 
үшін контекстік қызмет атқарады.
Суреттеме  синтаксистік  күрделі  бірлік  болмыстағы  заттар  мен  құ-
былыстардың  белгілі  бір  орнықты  қалыптағы  (статикалық)  жай-күйін, 
портрет,  пейзаждарды  бейнелеуге  арналады.  Бұл  тəріздес  бірліктерде 
атаулы сөйлемдер көп қолданылады, құрамындағы дербес сөйлемдердің 
баяндауыштары  көбінесе  қалып,  ойлау,  сөйлеу  т.с.с.  мағыналардағы 
етістіктерден  жасалады.  Есім  баяндауыштар  көп  кездеседі.  Бұл  баян-
дауыштарға  тəн  тағы  бір  құбылыс – олардың  жақтық-шақтық  көрсет-
кіштерінің  көбіне  біркелкі  болып  келуі.  Суреттеу  сипатындағы  бірлік 
компоненттерінің  арасында  салыстыру,  санамалылық,  ыңғайластық, 
мезгілдестік,  қарсылықты  тəрізді  мағыналық  қатынастар  болады.  Бұл 
мəндес синтаксистік күрделі бірліктерді құрастырушы сыңарлар парал-
лель, тізбекті, аралас түрде байланыса береді. (Дербес сөйлемдердің кон-
текстік байланысы туралы жоғарыда айтылды). Бұған тəн мысал ретінде 
М.Əуезовтің «Абай жолы» дəуірнамасындағы Құнанбай портретін кел-
тіруге болады.
Əкесінің  ат  жақты  келген  ұзын  сопақ  басының  құлақтан  жоғары 
жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне ұп-
ұзын болып дөңгелей біткен сақал қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. 
Сонда да Құнанбайдың жалғыз сау көзі оның көтеріңкі жал-тұмсығы-
ның  сол  иығына  шығып  алып,  қалғымай,  сақшыдай  бағып,  осы  өңірді 
қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін салғырттығы жоқ 
сергек, қатал күзетші. Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыз-
дана қарайды. Кірпігін де сирек қағады.
Бұл бірліктегі 1, 3, 6-сөйлемдердің баяндауыштары осы шақтық етіс-
тіктерден жасалып тұрса, қалған сөйлемдер есімді сөйлем түрінде беріл-
ген. 1-сөйлем  мен 2-сөйлем  тəуелдік  жалғау  арқылы  (Əкесінің  беті), 
3-сөйлем алдыңғы сөйлемдермен сонда есімдігі мен «Құнанбай» сөзінің 
синонимдік контекстік қайталауы арқылы, 4-сөйлем 3-сөйлеммен лекси-
калық  қайталау  (күзетіп  тұру-күзетші)  арқылы, 6-сөйлем 5-сөйлеммен 
ықшамдау арқылы, 5-сөйлем 3-сөйлеммен алшақ түрде лексикалық қай-
талау арқылы (жалғыз көзі – жалғыз көз) тізбектеле байланысса, 6,7-сөй-
лемдер бір-бірімен салаласа параллель түрде байланысып тұр. Сөйлемдер 
арасында мезгілдестік, санамалылық қатынасты байқауға болады.
Суреттеу  сипатындағы  синтаксистік  күрделі  бірліктің  жасалуының 
бір тəсілі – атаулы сөйлемдерді қолдану. Бұндайда суреттеу мақсатының 
өзі бұл сөйлемдерді қолдануға ықпал болады, контекстік қызмет атқара-
ды. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет