Синтаксистік парадигмалар


Мəтін қызметі мен прагматикасы



Pdf көрінісі
бет363/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Мəтін қызметі мен прагматикасы
1.  Берілген  мəтінде  қандай  қызмет  түрлері  бар  жəне  оларды  ұйым-
дастырушы тəсілдерді анықтаңыз.
2. Мəтін прагматикасын жүзеге асырушы тілдік бірліктерді анықта-
ңыз.
«Сөйтіп  біз  диалектологиялық  экспедицияға  аттандық.  Бағыты-
мыз – Семей  облысы,  Семей  болғанда  кəдімгі  ұлы  Абай  туып-өскен 
Шыңғыс  өңірі.  Экспедиция  мақсаты – Шыңғыстау  диалектісі  дейтін 
бар ма, жоқ па, егер болса, Абай сол диалектіде жазды ма – осыларды 
анықтау.
Бұл  мəселелер  біздің  арамызда  бұрын  да  талай  дау  туғызған-ды. 
Абайды  оқып  отырсаңыз  қазіргі  əдеби  тілімізде  мүлде  қолданылмай-
тын, ата-тегі белгісіз көптеген күмəнді сөздерге ұшырасасыз.
«Біреу малма сапсиды салып иін...»
«Күлəпара басымда, пұшпақ тымақ...»
«Тағына жетіп қайырған...»
Ғылым көзімен қарап, үңіле зерттеген адам мұндай түсініксіз сөз-
дердің талайына ұшырасады. Сонда бұл не? Əрине, диалект. Абай қан-
ша танылды дегенмен осы бір жайдың жұртшылық назарынан қақас 
қалып  келгені  анық.  Мүмкін  бұл  пікірді  мойындамаушылар  табылар. 
Заңды.  Ғылым  талас-тартыссыз,  концепциялар  қақтығысынсыз  да-
мымақ емес. Бірақ əйтеуір таласқанның жөні осы деп əділ айтылған 
соны  пікірге  ден  қоймау  тағы  əбестік.  Мəселен, «жейде»  деген  зат 
есімді  алайық.  Барлық  оқулықтар  мен  сұраулықтарды,  көрнекті  ға-
лымдарымыздың  еңбектерін  қараңыз,  бұл  сөз – оңтүстік  тіліне  тəн 
диалект  делінген.  Ал  осы  «жейде»  Абайда  да  жүр. «Жейде,  дамбал, 
ақ  саңнан,  жарғақ  шалбар – Жырым  балақ  матамен  əдіптеткен...» 
Абай диалектіде жазбаса, бұл не? Біздің мақсатымыз тіл ғылымында 
күн тəртібіне жаңа қойылған осы маңызды мəселелерді жұртшылық
алдында  дəлелдеп  шығарлықтай  нақты  деректер  тауып  қайту  еді» 
(М.Мағауин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет