Сырт бейнесі емес, жан жүниесі Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі424,16 Kb.
#7571
1   2   3   4   5

Қайта соғар жаңа арнамен жүрегіңнің өзегі. 

 

Әлде бауыр, қимайсың ба, осы өмірдің құмарын



Кеш қалмастан ойлан, кәне, жүрегіңді сынағын. 

Мәңгі өмірлік тыныштықтың іздер болсаң тұрағын, 

Тәубаға кел, Құдайыңнан жалбарынып сұрағын. 

 

Ізгі хабар 



 

Жүрек қалай шаттанып толқымайды?! 

Ізгі хабар танытса шын Құдайды. 

Өсиетті тәңірдің дәнін ексе, 

Жайлап өсіп, ол неге жайқалмайды?! 

 

Ізгі хабар – ізгілік қайнар көзі, 



Ол – Құдайдың Иса атты тірі Сөзі. 

Адам ата, Хауа ана бойға енгізген, 

Бар күнәдан құтқарар Соның Өзі. 

 

Құдай еркін мен қалай тыңдамайын, 



Менің жаным шындыққа құмар дәйім. 

Күш-қуат бер жетеле Рухыңменен, 

Болаттай берік боп мен шыңдалайын. 

 


Сенің атың Тәңірім, дәріптелсін! 

«Патшалығы Құдайдың жақын» – депсің, 

Таратайын әніммен Хабарыңды, 

Таңдаулыңды мың-мыңдап алып келсін. 

 

Ояншы халқым ұйқыдан 



 

Қуанышты күн бүгін, қуанышты! 

Сен силадың дәнегін жұбаныштың. 

Сен көрсеттің мәңгіліктің сара жолын, 

Жүрегімде Киелі Рух тулап ұшты. 

 

Күз келді қуанышты, мерекелі, 



Табиғатқа кіргізіп берекені. 

Аларынан берері көп жомарт күздің, 

Еңбегінің қарымы қайтпақ бүгін. 

 

Жомарт па едің, жер ана, нәзік пе едің, 



Табиғатты сурет қып жазып бердің. 

Айналаға қарасам тамсанамын, 

Адамзатқа нәр бердің, азық бердің. 

 

Бал татиды бүгіндер жемістерің, 



Алтын түсті алқапта егістерің. 

Дәнек еді кеше еккен таңданасың, 

Жеміс берді жайқалып егістерің. 

 

Аз ектің бе, ойланшы, көп ектің бе? 



Баптап, күтіп, өссін деп тер төктің бе? 

Таңғажайып Тәңірдің бұл кереметі, 

Өлді, өсті, көбейді енді жер бетінде. 

 

Тірі дәнді Иса Ием жерге екті, 



Өмір дәнін септі де көкке кетті, 

Теріп ал деп біздерге өсиет етті, 

Жеміс теру кезі енді бізге жетті. 

 

Күз келді ғой, терейік жемістерді, 



Жинайық қырманға сап егістерді. 

Құстар қайтып барады, ойланайық, 

Айтшы, құстар осыны неге істеді? 

 

Аққу-қаз айдыныңнан тарықтың ба? 



Күз мәңгілік емес деп қорықтың ба? 

Қыс қаһары қатты деп хабар келіп, 

Жұмақ іздеп алыстарға жорыттың ба? 

 

Оянайық, ұйқыны қияйықшы



Жемістерді қамбаға жияйықшы. 

Бар адамзат анасы Хауа-ана ғой, 



Бәріміз бір қауызға сияйықшы. 

 

Асып-тасып біз бүгін шаттанайық, 



Күз жемісін теру үшін аттанайық. 

Тәңір Ием жар болып қуат берсе, 

Тозақтан адамдарды ап қалайық. 

 

Қуант ұлан еліңді, қуант бүгін, 



Жылағанға дем беріп жуат бүгін, 

Жүрегіңе түскен жарық сәулесімен, 

Әр жүректі нәр беріп суарт бүгін. 

 

Оят бүгін бесіктегі балаңды! 



Оят бүгін сусыраған далаңды! 

Оят бүгін ата-анаңды қалаңды! 

Шайтан бүгін ашулы да алаңды. 

 

Аштық, індет басып жатыр далаңды, 



Соғыс, опат басып жатыр қалаңды. 

Жаман ниет, жезөкше ойлар қаптаған, 

Сейілт бүгін, тазалағын санаңды. 

 

Аттанайық бәріміз бүгін аттанайық, 



Қаһарынан шайтанның сақтанайық. 

Кеш қалармыз ерінсек, кеңге салсақ, 

Адамдарды тозақ оттан ап қалайық. 

 

Аттанайық жақсы ойлармен тасыған, 



Жұбатайық көңілдерді езгіленіп жасыған, 

Жоғалтқан Адам-ата жұмақ кілтін, 

Мәңгі өмірді бастайықшы басынан. 

 

Тұнып тұр бақшамызда жемістерің, 



Жайқалады алқаптарда егістерің, 

Тәңір берген нәсіпті шашпай-төкпей, 

Аттанайық, алуға тегіс теріп. 

 

Қиналдың Иса мен үшін 



 

Арайлап атты таңдарым, 

Нұрыңа мені бөледің. 

Тәңірім Иса, қаныңмен, 

Күнәмнің құнын өтедің. 

 

Қиналдың Иса мен үшін, 



Айқышқа беріп тәніңді. 

Құтқарып алдың күнәдан, 

Әлемді және елімді. 

 

Шыдадың Ием, біз үшін, 



Жаныңды салып азапқа. 

Адамның әрбір ұрпағы, 

Бармайды сенсе тозаққа. 

 

Кеудеңнен қаның төгілді, 



Тамшылап жерге тоқталмай. 

Күнәсіз Иса керілдің, 

Айқыштан бақыт тапқандай. 

 

Күнәні енді жасама, 



Киелі Иса қаны үшін. 

Тәубеге келгін бауырым, 

Өмірдің ұғып мәнін шын. 

 

Науырыз келді 



 

Иса Иемнің шындығы, 

Жүрекке нұрын себеді. 

Көктем боп гүлін егеді, 

Науырыз болып келеді. 

 

Күнәһар менің өмірім, 



Жүректе қатқан қыс еді. 

Нұрды көріп қашады, 

Орын таппай сасады. 

 

Науырыз келіп шуақты, 



Қыс патшаны жылатты. 

Көзінің жасы көл болып, 

Сай-саладан су ақты. 

 

Қыс патшалық құрған еді



Тіршілікті түгел жоюға. 

Бұйрық беріп тұрған еді, 

Бас жендеті оның аязға. 

 

Науырыз келді алақай! 



Даламызға сән беріп. 

Нұрға бөлеп әлемді, 

Табиғатқа жан беріп. 

 

Қыс патшамыз сасады, 



Тауға қарай қашады. 

Науырыз келіп алақай! 

Өмір кілтін ашады. 

 

Ал ендіше осы сөзімнің, 



Астарына біз қарайық. 

Ажал жендеті – шайтанның, 

Қысты шайтанға балайық. 


 

 

Ұғынсақ егер осыны, 



Сөзді ұзаққа созбайық. 

Құдайға бергін қолыңды, 

Арып-ашып тозбайық. 

 

Ажал бізге қақпанын, 



Қадам сайын құрып тұр. 

Бұл ниетін шайтанның, 

Құдай Ием Өзі біліп тұр. 

 

Көктем нұрын себелеп, 



Көзімізді ашады. 

Санамызды оятып, 

Шайтанға қаһар шашады. 

 

Науырыз келіп бойыңа, 



Жүрегіңді қағып тұр. 

Ашып қой жүрек есігін, 

Күнәдан бойды сауықтыр. 

 

Рақымдылығын Құдайдың, 



Тегіннен-тегін алғайсың. 

Кешірім алсаң Құдайдан, 

Пейішке жолды жалғайсың. 

 

 



Бөлегенова Мәрзия Атырау қаласында дүниеге келді. Өзінің тұрмыс жағдайында 

көрген көптеген ауыртпалықтар мен адамдардың бір-біріне деген мейірімсіз қарым-

қатынасы қайдан туындайды деген шешімі жоқ көптеген сұрақтар жүрегін аямай 

тілгілейтін. Мәрзия «Ес тоқтатқан адам бәрін өзі түсініп, дұрыс өмір сүру керек» деген 

қағиданы берік негіз етіпұстады. Бірақ адамдардың бәрінде бірдей бұл қасиеттің 

кездесе бермейтіні неліктен? Олар ішімдіктің, жеңіл жүрістің жетегінде жүріп, 

адамдарды алдап-сулап күн көруді, өтірік көлгірсу сияқты жиіркенішті қасиеттерді неге 

пайдаланды деген ойдан ешуақытта арылмады. Осылайша ізденісте жүрген кезінде 

көршісі арқылы оның қолына Киелі кітап түседі. Мәрзия оны күн-түні қолынан 

тастамай оқи отырып, адамдардың осындай аянышты күйі олардың күнәнің 

құлдығында жүргендігінен туындайтынын және күнәні адам өз күшімен жеңе 

алмайтынын түсінгендіктен, күнә мен шайтанды жеңген, күнәсіз жалғыз Құтқарушы 

Иса Мәсіхті өз жүрегіне қабылдап, тәубеге келді. 

 

Мәрзия жүрек жарды жырларын оқырман қауымға ұсына отырып, қазақ 



даласының төрінде Исаның сүйіспеншілік туы тігіліп, барлық халық құтқарылса екен 

деп тілейді.  

 

Тағдырым Өзіңнің қолыңда 



 

Шындықты іздеп таппадым,   

Гүлдей ем солған бақтағы. 

«Жан Ием» мені тірілттің, 

Арайлап атты ақ таңым. 


 

Нәр беріп мені жылыттың

Шырағын жақтың үміттің. 

Қуаныш жас боп төгіліп, 

Жан Ием, мені шын ұқтың. 

 

Түңлігін ашып жанымның, 



Шындық туы боп тағылдың. 

Кеудеме нұр болып төгілдің, 

Сырыңды ұқтың Тәңірім. 

 

Таба алмай ақиқат жолдарын, 



Дүниені түгел шарладым. 

Қол создың кенет, жан Ием, 

Қол жетпес биік арманым. 

 

Тау-тасты кезсем де таппағам, 



Қуаныш нұрыңа шаттанам. 

Сыйладың мәңгілік жаңа өмір, 

Өзіңдей жоқ ешкім ақтаған. 

 

Мен үшін айқышқа керілдің, 



Ып-ыстық қан болып төгілдің. 

Күнәмнан тазалап құтқарып, 

Сыйладың құдіретін сенімнің. 

 

Арналсын Өзіңе жырларым, 



Қабыл ал жан Ием – Қорғаным. 

Сүйемін кіршіксіз көңілмен, 

Ашайын жүректің «томдарын». 

 

Сүйем деп айта алам жүрекпен, 



Құтқардың қараңғы түнектен. 

Өмірімнің шырағысың жағулы, 

Сенсің Ием, жүрегіме гүл еккен. 

 

Табыт едім, Өз қолыңмен тірілттің, 



Құшағында жүргем әлсіз үміттің. 

Бет-пердесін ашып мынау дүниенің, 

Өмірімде тұңғыш рет тынықтым. 

 

Тағдырым Өзіңнің қолыңда, 



Жетеле Өзіңнің жолыңа. 

Өзіңмен атады әр таңым, 

Жан Ием, құрбанмын жолыңда! 

 

Иса ашты ақиқаттың есігін 



 

Бір қауымның ұлы менен қызымыз, 

Әр уақытта жазылмасын жұбымыз. 


Иса ашқан Киелі үйдің төріне, 

Қуаныштың нұрын шашып кіріңіз! 

 

Ақыл менен даналығын сыйлаған, 



Біздер үшінөліп, жанын қинаған. 

Ұлы Ұстаздың қасиетті Рухын, 

Оған сенген жүрек қана сыйға алар! 

 

Иса – біздің өміріміз, нәріміз, 



Ол – мәңгілік жырлайтұғын әніміз. 

Иса – жарық ортамызға нұр шашқан, 

Жүректі ашып, Оған орын табыңыз! 

 

Иса ашты ақиқаттың есігін, 



Жүрегіңде сақта мәңгі есімін. 

Иса – ұлы, Иса – шындық, тура жол, 

Иса берер күнәң үшін кешірім. 

 

Иса – мәңгі рухани азығың, 



Киелі Рух қасиетті нәзік үн. 

Жүрегіңде сүйіп, есте сақтай біл, 

Иса – мәңгі таусылмайтын тағлым. 

 

Жетісай мен Кеңсайымның төрінен, 



Иса бізге Жарық, Нұр боп көрінген. 

Бауырларым тура жолда тартынбай, 

Құшағына ұлы Исаның еніңдер! 

Ақ батамен жарылқасын Иеміз, 

Қорғап мәңгі Рухымен Киелі. 

Иса – жеңіс, жемісіміз біз Оның, 

Құтқарушы – қамқорымыз сүйеніш. 

 

Жүрегіммен мадақтаймын Тәңірді 



 

Жер мен көкті жаратушы тек Өзіңсің Тәңірім, 

Жүрегіммен, болмысыммен мен Өзіңді таныдым. 

Құдіретті Рухыңменен жетелейсің Сен мені, 

Тереңірек ұғынуға берші маған тағылым. 

 

Жан – дүниемді босаттың ғой, ерік берді көз жасым, 



Көктегі Ием – жұбанышым, жанымды ұғар сырласым. 

Тағзым етем мен Өзіңе, жүрегімнің кілті – Сен. 

Сиынамын Сен арқылы, Сен қатысты болғансын! 

 

Тәңірім Сен, сиынамын Сенің еркің болсыншы, 



Сүйіспеншілік Рухың менің жүрегімде толсыншы. 

Сусындайын сөздеріңмен, күш-қуат бер жаныма, 

Жат қылықтар, жамандықтар табаныңда жаншылсын! 

 

Сүйіспеншілігің жарқыратар жүрегімді сенемін, 



Жараланған жан-дүниемнің тауып бердің Сен емін 

Қасиетті сөздеріңмен құдіреттіңді таныттың, 

Өзіңді Иса өмірімнің Иесі деп білемін. 

 

Киелі атың қастерленсін, тарасыншы әлемге, 



Мадақтайық есіміңді, қосайықшы Сені әнге. 

Арқа сүйер Көктегі Әкем – панамызсың мәңгілік, 

Қасиетті Құрбандығың  тек біз үшін төленген. 

 

Тәңір Ием, аспандағы жерге Адам боп келдің Сен, 



Мәриам қыздың құрсағына «Сөз» арқылы ендің Сен. 

Тіршіліктің дәнін ектің адамзатқа адасқан, 

Күнәлардан азат етіп, құтқарылу бердің Сен. 

 

Асқақ үнді Тәңір Ием – Сен әлемнің Нұрысың, 



Сен арқылы көзімді аштым, ашылды кең тынысым. 

Жан-тәніммен қуанамын, жолын аштың шындықтың, 

Сенсің менің сусын нәрім, Сенсің өмір, ырысым! 

 

Бастауы Сен өмірімнің құдіретіңді таныттың, 



Жүрегімді иелендің, сеніміңді дарыттың. 

Сүйем Сені Тәңір Ием, сүйем шексіз көңілмен, 

Тек Сенімен махаббатым, кеудемдегі Жарық Күн! 

 

Тәңір Ием, Жарығымсың жүрегімді жылытқан, 



Тазаладың бар күнәмнан, бар ұнамсыз қылықтан. 

Тәй-тәй басқан нәрестедей жетегіңе ерейін, 

Көз алдымда айқыш ағаш, ағып жатыр жылып қан. 

 

Ұмыта алман сол бір сәтті, қаның ақты жазықсыз, 



Сол арқылы адамзатқа мәңгілік жол салыпсыз. 

Қасиетті Сенің қаның –  ұлылықтың куәсі, 

Өсиетіңді Ұлы Ұстазым, қастерлейік танып біз. 

 

Сенімен бірге болсам 



 

Есігіңді қаға алмаған, 

Сенімді іздеп таба алмаған, 

Көп қой жерде пенделер, 

Адасумен олар сенделер. 

 

Аласұрып қиналумен, 



Бір күні отқа шарпылар. 

Өзіңді Иса сүйетіндер, 

Сенетіндер емделер! 

 

Тізгінімді бердім Саған, 



Өзің мені жетеле, 

Шөліркеген жүрегімді, 

Сусын беріп мәпеле. 


 

Қалауымды өмірдегі, 

Сеніменен шешейін. 

Сөздеріңде берік тұрып, 

Мен рухани өсейін. 

 

Қуаныштан жарылардай, 



Құшағыңа көмілдім. 

Құтқарушым жыр боп бүгін, 

Жүрегімнен төгілдің. 

 

Ізденіс 



 

Өмірдің шым-шытырық соқпағында, 

Бөгеліп, шаршап бір сәт тоқталдың ба? 

Жүгенсіз бұл дүниенің жетегіне, 

Ілінсең керегі жоқ ноқтаның да. 

 

Жанымды тілгіледің үнсіз жылап, 



Тірелер көкейге кеп мың бір сұрақ. 

Сұм дүние, жетелейсің шыңырауға, 

Таба алмай жан дүниеме демеу қуат. 

 

Бұл өмір арқалатты ауыр жүгін, 



Шегі жоқ, шуағы жоқ дауыл күнін. 

Жан дүнием астан-кестең, сыртым бүтін, 

Жүрегімді торлады шегі жоқ мұң. 

Таңдадым Тәңірімді 

 

Тағдырдың тәлкегіне ұшырадым, 



Жат жанға сыр айтуға қысыламын. 

Қиналып қапас өмір қақпасында, 

Сүрініп, құлап бір күн ысылармын. 

 

Түршігіп камерада дірілдедім, 



Айқасқанмен кірпіктер ілінбедің. 

Қасіретін түсінбей бұл өмірдің, 

Өз-өзімнен шошынып, түңілгенмін. 

 

Дос-жаранның жайылған құшақтарын, 



Қоя алмадым еріксіз тұсап бәрін. 

Аш бөрідей жармасқан тіршілікте, 

Мен өзімді еріксіз ұсақтадым. 

 

Өзгеріпті байқасам түрім менің, 



Қандай болмақ келешек күнім менің. 

Сол бір сәтте бір Жарық терезеден, 

Нұр шашты даеріксіз күлімдедім! 

 

Таң атты ма, әлде бір түс көрдім бе? 



Жаратушым әлде Сен күш бердің бе? 

Табыстырдың Киелі кітабыңмен, 

Бұл дүниенің тәрк еткен үстемдігін! 

 

Қасиетті сөздеріңнен қуат алдым, 



Сезіндім Тәңірімнің жұбатқанын. 

Жүрегім жамандықтан жиренгендей, 

Тәңірімнің таңдадым ұнатқанын. 

 

Өмірімнің Иесі Сен 



 

Темекінің қышқылтым түтініндей, 

Тағат жетпей сораптап бітіруге. 

Қолға алуға асығам Кітабыңды

Шақыратын Сенім мен бітіміне! 

 

Оқи бердім тынысым ашылғандай, 



Бұл мен үшін күтпеген тосын жағдай. 

Әлсіреткен бойдағы дерттің бәрі, 

Құдіретімен сөзінің басылғандай. 

 

Күндіз-түні Өзіңді дәріптедім, 



Қалт жібермей әрбір сөз әріптерін. 

Қуаныштан мөлдіреп қос жанарым, 

Жазғанда Ием, мүсәпір – ғаріптерін. 

 

Өмірімді ертеңге қалдырмайын, 



Өз қолыммен тозаққа жандырмайын. 

Құтқарушы өмірімнің Иесі – Сен, 

Өзіңді Иса жүрекпен қабылдайын. 

 

Өмірімнің шешуші кезеңінде, 



Жігерленіп Сөзіңмен төземін де. 

Бар күнәмнан Сен мені азат еттің, 

Ащы дертін өртеген өзегімнің. 

 

Құрбан болдың мен үшін 



 

Кешір мені Тәңірім, кешір мендей ұлыңды, 

Ұмытылды лайсаң, өткен өмір бұрынғы. 

Тізе бүгіп, бас ием мен Өзіңнің алдыңда, 

Қасиетті қаныңменақтап, мені жуындыр. 

 

Құрбан болдың мен үшін, төктің адал қаныңды, 



Жазықсыздан айқышқа жапа шегіп таңылдың. 

Осылайша Тәңірдің ұлылығын көрсеттің, 

Адамзатты шын сүйген, шырақ болып жағылдың! 

 

Құдіретімен Исаның, Тәңіріммен жарастым, 



Тәубе еткенде тіліммен, мәңгілікке жол аштың. 

Ұлылықтың Иесін сонда ғана танып мен, 

Киелі Рухың дем беріп, еркіңменен санастым. 

 

Өмірімді өзгертіп, шындық жолын таныттың, 



Семіп қалған жүректі жібітті бір жарық Күн. 

Ғұмырыма таусылмас жан тыныштық сыйладың, 

Мендей болсын бар ұлың, көзін аш бар халықтың. 

 

Тәңірімнің еркімен жаңа өмір бастадым, 



Көкжиекте күн күліп, жарқырап тұр аспаным. 

Жауапты істің шешімін, сеніп Ием тапсырдың, 

Ірге тасын бекітіп, құрып бердің жоспарын. 

 

Сүйіспеншілік жүрекпен сенім отын үрледім, 



Қандай қиын сынақта Жан Иеммен біргемін. 

Ізгі хабар таратып, бауыр таптым – ізгі дос, 

Мәңгі ғажап өмірдің бірге аттадық сүрлеуін. 

 

Кентаудағы Киелі үй 



 

Таңғажайып өмірдің құпиясы шешілді, 

Қиянаттың шынжыры бір жолата кесілді. 

Ашып беріп Киелі үй Кентауымның төрінен, 

Қалың қазақ тоқталсын, естіп асқақ үніңді. 

 

Ізгілікті ісіңе бақташы етіп таңдадың, 



Үмітіме серік қып, сенімімді жалғадым. 

Қайырылмадым артыма, Сенің Сөзің – Қорғаным, 

Кедергідей тайсалмай бұзып өттім жолдағы. 

 

Таңдаған ұл-қыздарың сая тапты бағыңнан, 



Шырақсың Сен мәңгілік, әр жүректе жағылған. 

Есіміңді қастерлеп, мадақтаймыз әнменен, 

Сенің Құдіретіңмен бүршік атсын дарындар. 

 

Әр балаңды Тәңірім, шомылдыршы Нұрыңмен, 



Ұлы салтанатыңда бірге болшы ұлыңмен. 

Сабырлық пен сенім бер барлық сынақтарыңда, 

Сенің ұлылығыңа лайықты ет, ұғым бер. 

 

Өмірімде жарық нұр берген Иса Тәңірім, 



Мәңгі есімде сақталсын, Сенің берген тәлімің. 

Сүйем ыстық көңілмсен, жан-тәніммен Өзіңді, 

Әлі есімде қапастан мені оятқан Жарық Үн. 

 

Өмірімді, еркімді бердім Сенің қолыңа, 



Өсиетің Киелі, нәр аламын толыға. 

Ақиқатсың, ұлысың, Сенің жолың – мәңгілік, 

Аспан патшалығында күн болар ма жолығар. 

 


Адасқан бір ұлың едім жырақтағы, 

Жан Әкем, Өзіңе кеп тұрақтадым. 

Жылытып жүрегіме жылу бердің, 

Өзіңсің көп іздеген шуақ таңым. 

 

 

Әлімбеков Ғалымжан 1973 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, 



Сарыбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Ғалымжан жастайынан 

Жаратқан Иенің бар екеніне сенгенімен, бірақ бұл сенімінің негізсіз екенін кейін 

түсінді. Ер жете келе: «Дүние қалай жаралды, қазір қандай заман және болашақта не 

болады?» – деген сұрақтары да көбейе берді, бірақ ол сауалдарғажауап таба алмай, 

жүрегі өмірдегі әрқилы әділсіздіктерге, озбырлықтарға налыды. Ол әр сауалдар 

жетегінде жүргенде, қолына көне өсиет деген кітаптан сұрағына жауап алды. Кейін 

оған сиыну үйіне барудың да сәті түсті.  

 

Сиыну үйіне барып, Құдай Сөзін естіген сайын, Ғалымжанның жүрегі Құдай 



Сөзі мен Оның Иса Мәсіхті күнәһарлар үшін жерге жібергені турасындағы шындыққа 

тола берді. Бірде ол Иса фильмін көру арқылы өзінің күнәһар екенін толық түсініп, 

Құтқарушы Иса Мәсіхті жүрегіне қабылдады. Сол сәттен бастап, жүрегіндегі 

таусылмастай болған  талас-тартыс тоқтап, күнәлары үшін кешірім алып, болашаққа 

деген зор үмітке ие болды әрі жаны Иса берген тыныштыққа бөленді.  

 

Бүгінде Ғалымжан Құдайды өлеңдерімен мадақтап, дәріптеуде.  



 

Өмір мәні 

 

Мына өмір – соғып өткен жел болса, 



Жел ұшырған қураған бір шөп болдым. 

Қулық, сұмдық, жамандыққа – бар болсам, 

Ізгілік пен жақсылыққа жоқ болдым. 

 

Мына өмір – ашырқанған аң болса, 



Ал мен одан қаша алмай, жем болдым. 

Адамдарды жүрегімде жек көріп, 

Кісі өлтірген адамдармен тең болдым. 

 

Мына өмір – патша болса, би болса, 



Бұйрығынан шыға алмай құл болдым.  

Кісі өлтіріп, қиянат істемесем де, 

Елді алдаған, қуыс кеуде қу болдым. 

 

Өмірдің шын мағынасын білмедім, 



Ішіп-жеумен ойын-сауық іздедім. 

«Өмір бізге бір-ақ рет берілген», –  

Осы-ақ болды өмір жайлы білгенім. 

 

Енді, бүгін бұрынғыдан басқа күн! 



Жүрегімде шырқалады асқақ үн, 

Ескі өмірмен біржолата қоштасып, 

Исаменен жаңа өмір бастадым. 

 

Менде бүгін бұрынғыдан басқа күн! 



Бар күнәмды еңсе басқан тастадым. 

Күнәларым қара бұлттай төнуші еді, 

Енді бүгін шайдай ашық аспаным. 

 

Менде бүгін өзгеше күн басқа күн! 



Тауып алдым мәңгі өмірдің бастауын. 

Кеше ғана танымастай басқа едім, 

Енді бүгін, одан мүлдем басқамын. 

 

Енді білдім мағынасын өмірдің. 



Жүрек толды сөздерімен Тәңірдің. 

Жамандықтан жан-дүнием тазарып, 

Жиркенішті кірі кетті көңілдің. 

 

Соқыр едім – Ис ашты көзімді. 



Саңырау едім – сауыққаным сезілді. 

Сөз жетпейді-ау суреттеуге тіліммен, 

Жүректегі сұлу, ғажап сезімді! 

 

Осы Исаға сенде келсең болады. 



Жүрегің мол қуанышқа толады. 

Күнәңді айтып, тәубе қылсаң, басыңа 

Жаратқанның ақ батасы қонады. 

 

Мені сонша сүйетіндей кім едім? 



Тозақ отқа кетейін деп тұр едім. 

Иса берді біржолата бостандық, 

Құмарымның құлдығында жүр едім. 

 

Исаға кел, ашылады көздерің, 



Ере бермей айтқанына өзгенің

Мен сияқты сен де аласың бостандық, 

Егер оның қабылдасаң сөздерін. 

 

Ата-аналарға 



 

Тыңдашы әке, бірер сәтке ұлыңды, 

Өзіңе арнап кіші-гірім жырымды, 

Құлақ салшы, Ізгі хабар айтайын, 

Бұл туралы естіп пе едің бұрын-ды? 

 

«Сен кімсің?» деп баласынып, сөкпеші 



Аз өміріңді ысырап қып төкпеші, 

Құдай бізге жіберіпті Мәсіхті, 

Мәсіхсіз сен о дүниеге өтпеші. 

 

Құдай беріп Құтқарушы Мәсіхті, 



Көкке кірер «есікті» Ол ашыпты. 

Ашық есік жабылмастан тұрғанда, 

Тәубе қылып, тез кіруге асықшы.  

 


Мына өмірдің мәні жайлы ойлашы, 

Бар ма екен деп мағынасы, пайдасы. 

Жан бағыс та, күн көріс те болар-ау, 

Бірақ мәңгі өмірден құр қалмашы. 

 

Сен де ойлашы тағдырыңды анашым, 



Құдайға тек Исаменен барасың. 

Иса арқылы тәубе қылсаң Құдайға, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет