Сонда ғана жан тыныштық табасың.
Күнәмізден жалығыпты Ол, жеріпті,
Құтқаруға Иса болып келіпті.
Адамзатты сүйгендігі соншалық,
Өзін-өзі құрбандыққа беріпті.
Бізді өсіріп, қақтың, бақтың-баптадың,
Әдет-ғұрып, ырымдарды сақтадың.
Осылайша құтқарылам дейсің сен,
Бірақ бұлай құтқарылу таппадың.
Алла дейсің, дұрыс, бірақ сол Аллаң,
Бар билікті берген екен Исаға.
Сен де аласың кешірім мен мәңгі өмір,
Исаға кел жалтақтама, жасқанба.
«Мадақтаңдар Тәңірді барлық халықтар!
Даңқтаңдар Оны барлық ұлттар»
(Зәбүр 116)
Мадақтаңдар Тәңірді,
Құдіретті Сөзі үшін.
Адамзат түзу жүрсін деп,
Салып берген жолы үшін.
Мадақтаңдар Тәңірді,
Өмір үшін, жан үшін,
Тыныш ұйқы, бейбіт күн,
Әрбір атқан таңы үшін.
Мадақтаңдар Тәңірді,
Суы менен наны үшін.
Табиғатты жаратып,
Оған берген сәні үшін.
Мадақтаңдар Тәңірді,
Жұлдыз бен ай, күн үшін.
Күнәміз үшін біздердің,
Құрбан еткен Ұлы үшін.
Мадақтаңдар Тәңірді,
Қысы менен жазы үшін.
Қуаныш пен әрине,
Қиыншылықтары үшін.
Мадақтаңдар Тәңірді,
Қиналсаң берер қол ұшын.
Алғысқа тек Ол лайық,
Мадақтаңдар сол үшін.
Бет бұрыңдар Тәңірге,
Бала мен жас, кәрің де.
Исаның берген сыйлығын,
Қабылдаңдар бәрің де.
«Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш
жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа
да ортақ: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің
Құтқарушыларың дүниеге келді.
Ол-Иеміз Мәсіх!»
(Інжіл, Лұқа 2:10, 11)
Бүгін Иса туылды,
Көк пердесі түрілді.
Періштелер аспанға,
Топ-тобымен жиылды.
Ақырда жатқан сәбиге,
Малшылар кеп үңілді.
Данышпандар Исаның
Алдына кеп иілді.
Бұны көріп сұм шайтан,
Риза болмай күйінді.
Құдай бізге Исаны,
Қабылдауға бұйырды.
Біздер үшін Ол өліп,
Үш күннен соң тірілді.
Амалы бітіп сұм шайтан,
Жеңіле жерге жығылды.
Ғолготада – айқышта,
Жеңіс туы тігілді.
Сол айқышта біз үшін,
Қыршын жаны қиылды.
Пәк қанымен Исаның,
Бар күнәміз жуылды.
Айтыңдаршы адамдар,
Кім осылай туылды?!
«Балалардың Маған келуіне жол беріп,
кедергі жасамаңдар! Себебі Құдай Патшалығы
сондайлар үшін»
(Інжіл, Лұқа 18:16-17)
Иса қайтіп келеді,
Оны бәрі көреді.
Тәубе қылсаң саған да,
Мәңгі өмір береді.
Иса жақсы бақташы,
Мәңгі өмірдің «қақпасы».
Ата-анамды, өзімді,
Жамандықтан сақташы.
***
Қорғаушымыз Құдайды,
Мадақтаймыз ұдайы.
Өмір беріп бізге Ол,
Қуанышты сыйлайды.
***
Біз бақытты баламыз,
Жырлап әнге саламыз.
Қиындықтар кезіксе,
Тек Исаға қараңыз.
***
Мен Исаның қызымын,
Өмірдің нұр, тұзымын.
Арманым біреу – Исаның,
Соңынан жүрем ізінің.
***
Мен Исаға сенемін,
Жетегінде келемін.
Сұрағың болса Ол жайлы,
Саған да айтып беремін.
***
Қауымым менің жанұям,
Сыртта жүрсем сағынам.
Қауымға кеп, қол жайып,
Бір Құдайға табынам.
***
Ендібаев Қаржау балқашұлы 1960 жылы Жизақ облысы Мырзашөл ауданында
туылған.
1966 жылы Иса Мәсіхті Құтқарушым деп қабылдағаннан бері оның өмірі
түбегейлі өзгеріп, Құдайды мадақтаған өлеңдер жаза бастады.
Иса бізді сүйеді
Иса бізді сүйеді,
Аты Оның Киелі.
Күнәмізді кешіріп,
Болдық өмір тиегі.
Орта жолда тоқталмай,
Қуанайық шаттанып.
Иса Мәсіх жолымен,
Мәңгілікке аттанып.
Иса Сені сағындық,
Айтқаныңа бағындық.
Құтқаршы деп халқымды,
Өзіңе біз жалындық.
Бұл өмірде жарқырап,
Жарық берер нұрысың.
Құдай Әкеміз жіберген,
Құтқарушым Ұлысың.
Иса менің Тәңірім
Құрбандыққа шалынған,
Қызыл қанға малынған.
Күнәларын кешір! – деп,
Біздер үшін жалынған.
Құдай айтқан жалпыңа,
Жар саламын халқыма.
Исаға сеніп еріңіз,
Күнәні Оған беріңіз.
Иса Мәсіх Тәңірім!
Орындалсын әмірің.
Күнәларын кешірдің,
Халықтардың бәрінің.
Жақсылыққа үйреткен,
Қолына шеге түйреткен.
Айқыш ағаш басында,
Шайтан рухын күйреткен.
Сен сол қалпы тірісің,
Киелісің, Ұлысың,
Жетуге Саған асықтым,
Құтқарушым Мәсіхсің.
Балаң болып атандым,
Өзіңнен мен бата алдым.
Қаныңменен ақталдым,
Күнәлардан тоқталдым.
Шындықтан біз қайтпайық,
Ескі әуенді айтпайық.
Інжіл сөзін жаттайық,
Жүректерде сақтайық.
Аузыма Рухы сөз салған,
Білмесімді үйретіп,
Өмірімді қолға алған,
Құрметтейік Мәсіхті.
Сен биік ғарыштасың
Мекен-жайың Көктегі ғарыштасың,
Абыройың арта берсін шарықтасын.
Тәубе етіп алдың кеп біз жығылдық,
КиеліРухың төбемізде қалықтасын.
Есігіңді қақтым тағы бізге ашқан,
Жүзіңді көргім келіп, нұрды шашқан.
Киелі Рух көгершін боп қонған кезде,
Жаман рух жалтарып бізден қашқан.
Көктегі Әеміз! – деп, ардақтаймыз,
Әнге қосып атыңды мадақтаймыз.
Ізгі хабар, Інжілдей Кітабыңнан,
Тәлім алып, әрдайым парақтаймыз.
О, Құдайым жиналысты Өзің басқар,
Рухыңмен айтқаныңды бәрі қостар.
Сарқырап аққан таудағы өзен болсаң,
Болайық арнаңдағы малта тастар.
Қол жайдым, Көктегі Әке бергін бата,
Қанатыңмен жаман рухтанӨзің сақта.
Айтқаныңыз орындалып той-тойлайық,
Жерде біздер, ал Өзіңіз алтын тақта.
Оспанов Қуандық 1980 жылы қазан айының 10-шы жұлдызында Шығыс
Қазақстан облысындақарапайым қазақтың отбасында дүниеге келді.
Жас та болса қуандықты бұл өмірдің мәні мен мағынасы неде деген сұрақтар жиі
мазалайтын. Уақыт өте күнә туралы да ойсыз қалмады. Әрдайым күнәдан арылу жолын
ойлайтын. Күнәға деп талай рет қарсы шықса да, оны жеңе алмады.
Бірде қасындағы жолдасы екеуін бір бейтаныс адам сиыну үйіне кино көруге
шақырады. Олар мына заманда бұл не деген тегін кино деп таң қалса да, баруға келісті.
Фильмнің Құдай туралы екенін киноның аты айтып тұр еді. Олар фильмнен Құдайдың
әлемге Өз сүйіспеншілігін қалай дәлелдегенін көрді және сол жерде өтіп тұратын
жиналыстарға қатыса жүріп, Құдай жайында тереңірек біле бастады. Көп ұзамай
Қуандық күнәдан тазалап, кешіретін Иса Мәсіхті Құтқарушым деп қабылдап, тәубеге
келді. Содан бастап Қуандықтың өмірі мән-мағынаға толып, іздегенін тапты. Ол осы
өмірде тапқан тірі бұлақ көзін мына бір өлеңмен жеткізеді.
Киелі кітап
Сөзіңді алдым қолыма,
Жарық боп жанған жолыма.
Әлсіреп әлім таусылса,
Күш-қуат берер бойыма.
Киелі кітап – ырысым,
Күнәға қарсы қылышым.
Тастай боп қатқан жүректер,
Сөзіңді оқып жібісін.
Мұздай боп тоңған көңілдер,
Оларды оқып жылысын.
Ашықсам оқып нәр алам,
Нәріңе мұқтаж әр адам.
Жол етіп оны жұмаққа,
Адаспай тауып бара алам.
Сөзіңді берген жерге Сен,
Су етіп ішем шөлдесем.
Киелі Сөзің болмаса,
Өмірдің мәнін білмес ем.
Тәңірдің «тірі» сөзісің,
Кеудеме тұнған тынысым.
Тастай боп қатқан жүректер,
Сөзіңді оқып жібісін.
Мұздай боп тонған көңілдер,
Олар да оқып жылысын.
Сөзіңді Сенің сүйеніп,
Жығылсам қайта тұра алам.
Күнәмнің құны өтелді,
Сөзіңнен оқып біле алам.
Мақұлбеков Көшікбай 1952 жылы дүниеге келді. Ол Ферғана облысы Марғұлан
қаласында арнайы араб тіліндегі оқу орнында оқып жүргенде, Құранның қазақ тіліндегі
аудармасынан Иса Мәсіх жайында жазылған кереметтер – Оның Киелі Рухтан Мәриам
есімді таза қыздан туылуы, адамдарды аурулардан сауықтырғаны, өлген адамдарды
тірілткені жайында оқып, оларға ерекше көңіл бөледі. Бұл тапқан қазыналары Киелі
кітапты оқығанда тереңінен ашылып, 1996 жылы Иса Мәсіхті жеке басының
Құтқарушысы деп қабылдады.
Бір Құдайдың ұл-қызымыз
Жан Иемді жаным деймін,
Рухани нанын жеймін.
Күнәміздің өтеуі ғой,
Айқыштағы қаның деймін.,
Өлгеніңе сенбестен,
Түйрелді ғой тәнің деймін.
Үш күннен соң тірілтті ғой,
Құдай Өзі жанын деймін.
Құдай сөзі қарап тұрсаң,
Жанып тұрған жалын деймін.
Бір Құдайдың ұл-қызымыз,
Осы отырған бәрің деймін.
Киелі Рух айт деген соң,
Соны сізге мәлімдеймін.
Қайта туу
Қайта тудым, міне қайта таң атты,
Құдай бізге жаратыпты жәнатты.
Құдай сөзі рухани нанымыз,
Күнделікті жемесек те тамақты.
Құдай сөзі – рухани нанымыз,
Құдай сөзі – айқыштағы қанымыз
Құдай сөзі – түйрелген сол тәніміз
Имандылар бұл сөзіме наныңыз.
Ібіліс те ағашта айқыш ұтылды,,
Күнәһарлар күнәсынан құтылды.
Жан Иеміз көз жұмғанда айқышта,
О, керемет! Күннің көзі тұтылды.
Үш сағаттай, күннің көзі тұтылды,
Киелі Үйде, қалың перде жыртылды.
Үш күннен соң, Иса Мәсіх тіріліп,
Қуантты ғой, қуантты ғой жұртымды.
***
Адасқан қойдай еді сандалғандар,
Исаның отары ғой таңдалғандар.
Біздерге түк ете алмас, жанды алғандар,
Біздердің жандарымыз жәнәтта ғой,
Киелі кітапты оқып аңғарғандар.
***
Құдайды мойындаса ел бетімен,
Жүреді Исаға ұқсап көл бетімен,
Ұшады бұлттарменен тербетілген,
Иемді танымаса келбетімен,
Түп-түзу жүру қиын жер бетімен.
Алғаш рет
Алғаш рет қазақтың,
Інжіл мектебі ашылды.
Иса жайлы ғажап тым,
Кереметтер айтылды.
Қасиетті Інжілден,
Айтып тұрмын нақылды.
Адамзаттан көрмедім,
Иса сынды ақылды.
Тірідей қақты айқышқа,
Аямай оны қинады.
Күнәсіздігін жасырып,
Бостандығын басқаға сыйлады.
Орнына Оның босатты,
Бараббадай масылды.
Үш сағаттай түнек боп,
Күн де көзін жасырды.
Иса Мәсіх біздерге,
Беріп жатыр жолдама.
Бір Исадан басқаны,
Тәңірім деп, қолдама.
Көктегі Әке билігі,
Демеңіз тек Сонда ма?
Иса берсе дарынын,
Іске асыр қолдана.
Жүрегіңе орнықтыр,
Сол дарынның сарынын.
Құдай – Сөзі тірі Нан,
Ашпайды еш қарының.
Қабылдаңдар Исаның,
Бойындағы жалынын.
Бағушысы болыңдар,
Қой менен қозы малының.
***
Құдайдың әрбір Сөзі бір ән болып,
Көмейден туындайды жыр, ән болып.
Жазылады жүрекпенен шын ән болып,
Тарайды жер бетіне мың ән болып,
Дәуітше өлең шіркін мұрам болып.
Сөз боп еніп, Мәриам қыздың құрсағына,
Сәби боп осы өмірде туылыпты.
Шындық үшін айқышқа қуылыпты,
Күнәһар Адам-Ата ұрпағының,
Жүрегі Киелі қанмен жуылыпты.
Иса жақсы Бақташы
Иса жақсы Бақташы,
Сен де Оны жақташы,
Жаратушы Иемді,
Жүрегіңде сақташы.
Диқан тұқым шашқанда,
Құнарлы жерге түскен дән.
Бақташы қозы баққанда,
Ерекше қарап күткен жан.
Астарлы сөзбен айтқанда,
Рухани піскен Нанымыз.
Қараңғыны жарық қып,
Түнекте атқан таңымыз.
Иса біздің Иеміз,
Өзәңді шын сүйеміз.
Рухыңа Киелі,
Басымызды иеміз.
Екі мың жыл
Екі мың жылдай ертерек,
Адам боп жерге келіпсің,
Мойныңа алып күнәмді
Мен үшін азап шегіпсің.
Көп күнә жасап мен білмей,
Жүргенім саған мәлім-ді.
Кітаптан таптым Інжілдей,
Арайлап атқан таңымды.
Дүниеге Иса жарықсың,
Мәңгілік өмір беретін.
Айқышқа барып қағыпсың,
Тозақты біздер көретін.
Мейірім шашқан көзіңнен,
Құдайдың нұрын сеземін.
Киелі Сенің Сөзіңне,
Күш-қуат алып келемін.
Кешігіп қалмай тұрғанда,
Кешірімін Оның алуға
Асыққын сен де, бауырым,
Жұмақта мәңгі болуға.
Бір Шындық
Бір шындық бар бізге жеткен,
Ол шықпайды біздің естен.
Күнәсін кешірген адамзаттың,
Мәсіхті күтеміз біздер Көктен.
Ардақты Құдайымсың!
Өзіңді ұғайын шын.
Нәр берер тағдырыма,
Тайсылмас бұлағымсың.
Өмірім Сеніменен солмайтындай,
Мәсіғім мәңгілік қорғайтындай,
Киелі Рухың қонған кезде,
Өн бойым балқиды қорғасындай.
Сөзіңде ағат жоқ Сенің мүлде,
Қызық қой өмірге келуің де.
Туыпты Мәриам, тап-таза қыз,
Шын әкең Құдай боп өміріңде.
«... есімдеріңнің көктегі кітапқа тіркелгеніне
қуаныңдар»
(Інжіл, Лұқа 10:20)
Ассалаумағалейкум, жастарымыз!
Қосылып ртыр міне, бастарымыз,
Құдайға санаулы тұр шаштарымыз,
Домалап өрге өрлесін, тастарымыз.
Исаның әр Сөзінің астарымыз,
Аспанда жазулы тұр аттарымыз,
Осыған имандылар шаттаныңыз!
Исаның асыл сөзін ап қалыңыз.
Әзәзілдің жолынан сақтаныңыз,
Тек Құдайдың жолына аттаныңыз.
Киелі Рух еркімді Саған бердім,
Өмірімді енді Өзің басқарыңыз!
Роза Әшірбек қызы Аяпбергенова Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас
ауданында қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған кішкентай ғана қарапайым ауылда
туып өсті. Ата-анасының пікірі бойынш: «Құдайдан сұрап алған жалғызы».
Роза Құдайдың алдында есеп беретінін ата-анасынан жиі еститін әрі өзінің
Құдай берген түйсігімен сезіп білетін. Әкесі жұмаққа өтетін қыл көпір туралы
әңгімелегенде, оны сол қыл көпірден қалай өтемін деген ой мазалап, түңіліп
сарыуайымға түсетін. Құдайдың шынайы жолын іздеуді білмесе де Оның жазасынан
құтылудың амалын іздестіретін. Сөйтіп бірде Құдайдың жазасынан құтылудың бірден-
бір жолы бүкіл адамзат баласының күнәсі үшін айқышта жанын қиған, оны да,
басқаларды да шексіз сүйетін Құдайдың жалғыз Ұлы Иса Мәсіх туралы естіп,
қуанышпен қабылдады.
Роза құтқарылу жолын іздеп жүрген көпшілік оқырман қауымға Құтқарушы Иса
Мәсіхті қабылдаңыздар деп тілейді.
Қайран қазақ!
Қайран қазақ!
Тартқаның азап,
Боп келдің мазақ.
Құлшылық еттің,
От пенен суға,
Әзәзіл қуға,
Барарың тозақ.
Қайран қазақ!
Бетіңді бұршы,
Өмірге ғажап!
Құдайдың Ұлы келер уақыт,
Қалды ғой аз-ақ.
Исаға сенсең, боласың халқым,
Күнәдан азат!
Тілашар
Опасыз өмір сүріппін әр кез таңданып,
Жүріппін сеніп, әзәзіл ойға алданып.
Жүрегімді аштың, Киелі Рухың жар болып,
Адасып әбден жүргенімді Өзің аңғарып.
Арнаған жырым алғашқы осы тілашар,
Мезгілім жетті Өзіңе, Ием сыр ашар.
Талайлар маған жазғырып әлі кінә артар,
Кеше гөр Әке, пенделеріңді күнәһар.
Біз үшін қанын қасиетті ол қиса да,
Жылағанның көз жасын құрғатып тыйса да,
Болғанбыз неткен көрсоқыр, надан, бейшара,
Келіппіз сенбей Құтқарушымыз мәсіх Исаға.
Жүріппін мәз боп, бір басымды ойлап қарақан,
Батыппын түрлі күнәға әбден қарасам.
Көзімді аштың жұмыла бастаған кезінде,
Ризамын енді, тек саған қызмет етуге жарасам.
Жаратушым
Сөзіңді әркез сағынып,
Өзіңсіз жанып тарығып,
Қалады жүдеп жабығып,
Жаратушым
Күнәдан қалдым арылып,
Қасымнан жүрші табылып.
Өзіңе өтем табынып,
Құтқарушым.
Мадақта Тәңір Иеңді,
Үштіктің бірі Киелі –
Киелі Рухты жіберді
Жұбатушы
Ардақта Тәңір Иеңді,
Баршамызды Ол сүйеді.
Есімі Оның Киелі,
Мадақталсын.
Кешіріп жанымды ажалды,
Қанымен жуып жазамды,
Қардан да ақ боп тазарды.
Жаным Ием.
Сенімен өмір ажарлы,
Сенімен өмір базарлы.
Жүрегім, жаным жасарды,
Тәңір Ием.
Исаман өмір ғажап-ай!
Шіркін-ай өмір қандайды,
Қызығына көз тоймай.
Күнәһар мынау сұм дүние,
Көңілді баурап, жаныңды жаулап арбайды.
Арнаймын жыр мен әнімді,
Құтқарған мәңгі жанымды.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Құтқарушы Ием – Ис Тәңірді.
Інжілді берсең жастарға-ай,
Салбырап кетер бастары-ай.
Исаны айтсаң күмілжіп,
Жерге қарайды, басқанікі деп, масқара-ай!
Исамен өмір ғажап-ай!
Жаныңды емдеп жазады-ай.
Қарайлай берме артыңа,
Сәбидей сенгіш, жел сөзге ергіш қазақ-ай!
Исамен өмір ғажап-ай!
Жаныңды емдеп жазады-ай.
Күнәһар мынау өмірдің,
Ұмытылар бар азабы-ай.
Адасқан ұл
(Інжіл, Лұқа15:11-31)
Ұмытып Тәңір сөзін, жұмақты тастадың,
Алдамшы бақыттың ләззатына мастандың.
Ұзақ жылдар жырақ кетіп Иеңнен өзің,
Өткіздің өміріңді жетегінде басқаның.
Орал жаным, қайт Иеңе сен, кеш те болса,
Ұмытпасаң Тәңір сөзін, тек есте болса,
Орал жаным, қайт Иеңе, күтуде сені,
Оралсаңшы көп күттірмей Иеңді енді.
Оралсаңшы Тәңіріңе, сенің мұның не?
Кешірім ал аяғына Оның иіле.
Сенгін Оған кешіреді Ол сені бар кезде,
Қуанышпен қарсы алады күтіп әр кезде.
Бар әлемді оятатын ұлы қуаныш,
Жүрегіңді жұбататын жылы қуаныш.
Келсең болды қарсы алады сол күйіңде,
Ұмытасың бар қайғыңды Тәңір үйінде.
Қазақ елім-ай
Қазағым, байтақ елім, қалың елім-ай,
Күнәһар болмысыңнан арыл елім-ай.
Жуынсаң бар күнәңнан тазартады-ай,
Исаның қасиетті қаны елім-ай.
Қалың елім-ай, қалың елім-ай,
Шынайы Құдайды сен, таны елім-ай!
Қайран елім-ай, қайран елім-ай,
Құдаймен өмір сүру пайдалы елім-ай.
Исаны Тәңірім деп, қабыл алсаң-ай,
Құтқарушы Ием деп, танып алсаң-ай.
Өмірің мағыналы болады екен-ай,
Шынайы шын Құдайды таныған соң-ай.
Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай,
Құдайсыз өмір сүру азап елім-ай.
Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай,
Исаны қабыл алып, тазар елім-ай!
Бауырлар, сергек болайық!
Жетеле Ием, Өзің құрған қауымдарыңды,
Қолда Ием, Саған сенген бауырларымды.
Өтінемін өзіңнен сұрап соны Тәңірім,
Жүректерін дайында бауырлардың бәрінің.
Әділетті өмір сүріп, талпынып, талаптанғанның,
Қолдайды Ием орындасаң еркін ұлы Жаратқанның.
Жетелесін өздеріңді Киелі Рух бауырлар,
Исаменен мәңгі өмірде бір болуға дайындал.
Айтамын бүгін жар салып жалпыңызға,
Өзіңді іздеп, таппай жүр халқымыз да.
Сондықтан да шаршамастан бауырларым киелі,
Жеткізейік өсиетін халқымызға Иенің.
Қалғымастан бауырлар Иеміздің келуін қарсы алайық,
Әлемге Оның атын айтып жар салайық.
Келуі жақын қалды сезінейік бауырлар,
Сергектікпен Иемізді қарсы алуға дайындал.
Оспанбек қызы Зейнекүл 1944 жылы шаруа отбасында дүниеге келді.
Зейнекүлге алты ай болғанда әкесі соғысқа кетіп, содан оралмады. Анасы ерін бес жыл
күтіп, оралмаған соң туыстарының рұқсатымен басқа адамға тұрмысқа шықты. Ал
Зейнекүлді өзінің нағашы шешесіне тапсырды. Зейнекүл не әкенің, не шешенің
мейірімін көрмей қатты елегзитін. Бой жетіп, тұрмыс құрғаннан кейін де ері дүние
салып, отыз жеті жасында бес баламын жесір қалды. Сонда ол әрдайым Құдайға
сиынып, көмектесуін сұрап жалбарынатын. Бірде ол Құдай бұйыртып, Алматыға келіп,
ойламаған жерден қазақ қауымына тап болады. Ол жерде Құдай туралы естіп,
Жүрегінен Құдай сөздері орын алып, тәубеге келді. Адамдардың күнәсі үшін құрбан
болған Иса мәсіхке Зейнекүлдің алғысы шексіз. Жүрегі таусылмас қуанышқа
кенелгенде, өмір бойы тартқан азабы мен тартқан қиыншылығы ұмыт болып, Құдайды
жырлай бастады.
«Барлық адамдар үшін Құдайға ұнамды тілектер, дұғалар, өтініштер мен
алғыстар арналсын»
( 1Тім. 2:1)
Жалынып дұға етемін бір Өзіңе,
Кеудемнен жарып шығар әр сөзім де.
Жетелеп ақ жолыңа апара гөр,
Жақсылықтың нышаны бір Өзіңде.
Батаңды бере гөр қазақ ауылына,
Әр жерден ашылған Киелі қауымыңа.
Бір Өзің апара гөр ақ жолыңа,
Ізгі хабар таратқан бауырыма.
Бір Өзіңе Құдайым табынамын,
Халқымды ойлап мен сондай жабығамын.
Күнәларын Құдайым кешіре гөр, Достарыңызбен бөлісу: |