қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр
болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын
ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты
тітіркендіргіш ретінде сөздің әері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті
тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау
керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
1. Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және
алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, "әке" деген сөзді үйрету үшін "әке"
деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
2. Сөзді айтушының болу керек жене алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі,
айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді.
Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі
мүмкін.
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, яғни
баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.
Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен
баланың сөз қоры көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3
жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай
баланы бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Бара келе
ол тәрбиешінің, теледидардың, магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен, оқып
үйрене келе, кітаптардағы түсіндірме сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене
алады.
Достарыңызбен бөлісу: