«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет22/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Бақылау сұрақтары 
1. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі 
2. Уақытша нервтік байланыс 
3.Экстерорецепті шартты рефлекстер 
4.Интерорецепті шартты рефлекстер 
Лектор__________________Сембаева Р.С 
Оқытушы ________________Мейманбаева С.С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Ф.7.03-23 
 
15-дәрістің тақырыбы: Ішкі секрециялық бездер физиологиясы, 
оқушылардың, жасөспірім кезеңіндегі жыныстық жетілуінің ерекшеліктері 
және жыныстық тәрбие. 
Жоспар: 
1. Организм тіршілігін гуморальды реттеу.
2. Ішкі секреция бездері. 
3. Гармондар жайлы толық мәлімет алу. 
1.Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі 
топқа бөледі. С ы р т қ ы с е к р е ц и я л ы қ (лат. секреция — сөл шығару) бездердің 
өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге 
құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей )шемесе дененің сыртына 
шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы 
секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо - сыртқы, сыртқа гея-тек, болмыс) бездер деп 
атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. 
жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе э н д о к р и н д і к (грек. эндон - ішкі + крино –бөліп 
шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады: Олардың 
өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары 
арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі 
секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз 
ықпалын тигізеді. 
 Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін г о р м о н (грек. гормо - іске қосамын, 
қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, 
дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат жөне 
энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. 1980-2000 
жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін 
тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны 
дәлелденген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің 
қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Олардың 
көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады.( Ішкі секрециялық 
бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, 
үйқы (қарын асты) безінің аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын 
асты және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі 
сыртқы,әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде жартылай ішкі 
секрециялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда қанның 
қысымын арттыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі. Бұлар 
бүйректің 
нефрондарының 
тамырлы 
полюстерінде 
орналасқан 
юкстагломерулалық аппаратында өндіріледі. Баланың эмбриондық дамуы кезінде 
кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың 
дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің 
басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі 
баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының 
жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне 
байланысты болады. Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке 
әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын 
ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер езінің қызметін жүйке 


жүйесі арқылы реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін 
біртүтас жүйкелік-гормондық реттелу бар деп айтуға болады.Соңғы зерттеулер 
бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларының 
қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім болды. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің 
гормондары қозу мен тежелудің күшін өзгертеді. Егер жануарлардың бүйрек үсті 
бездерін, тәжірибе жасау үшін, сылып алып тастаса, ішкі тежелу мен қозу 
нашарлайды да жоғары жүйке әрекетінің терең өзгерістері пайда болады. Ішкі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет