Сырттай оќу бґлімініѕ «0212 – ќазаќ тілі мен јдебиеті» мамандыєы 4- курс студенті Жўмаділ Айкерімніѕ «Аќтамберді шыє



бет2/6
Дата02.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#132341
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғылыми жұмыс "Алаш зиялылары"

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш зиялылары және партияның құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын
– XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуының бүгінгі таңдағы мән-маңызын зерделеу;
Алаш партиясының, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орнын анықтау;
– Алаш партиясының құрылуындағы қоғам қайраткерлердің, қазақ зиялыларын қосқан үлесін анықтау;
– Алаш қозғалысының сипатын, тарихи маңызын анықтау;
– Алаш мұрасын жас ұрпаққа оқытудың тәрбиелік тиімділігін зерделеу
Жұмыстың нысаны – Алаш зиялылары жайындағы зерттеу материалдар мен дерек көздері.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы – Алаш зиялылары бағдарламасындағы саяси құқықтық және әлеуметтік идеялардың мәні мен маңызын саралау болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың негізгі қағидалары мен мақсаттары баяндалып, жұмыс нысанының өзектілігі көрсетіледі. Оның теориялық және тәжірибелік маңызы, ғылыми сипаты баяндалады.
Жұмыстың негізгі тарауларында Алаш партиясының құрылуының зерттелу тарихына қатысты материалдарға жан-жақты талдау жасалып, олардың қаншалықты маңызды екендері анықталды. Қазақ зиялыларының қилы тағдыры жайлы толықтай талдау жасалынды. Қорытынды бөлімде негізгі тарауларда сөз болған зерттеу нәтижелері жинақталып, қысқаша түйін жасалды.
Жұмыстың «Алаш партиясының құрылуы» атты І тарауының алғашқы бөлімінде Алаш партиясының құрылуы, жайлы сипаттама беріліп, партияның құрамындағы қазақ зиялылардың тағдыры сомдалады. Тараудың бірінші бөлімінде XX ғасырдың бас кезінде, Қазақстанда өмір сүрген көптеген саяси ағымдар мен саяси партиялар жайлы сөз болады. Алаш партиясының құрылуын зерттеуде мол еңбек сіңірген зерттеушілер туралы ой кештік, нақты тақырыптар іздедік. Өзіміз ше таптық та. Нәтижеде айтарымыз: Алаш партиясының құрылуы, оның жетекшісі Әлихан Бөкейханов, оның төңірегінде болған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. қазақтың таңдаулы зиялы өкілдері топтастасқан жайлы да көптеген жинақтар жарық көрген. Бұдан өзге Алаш партиясының құрамындағы қоғам қайраткерлер, қазақ зиялылары тақырыбында да кездестіреміз. Бір сөзбен айтқанда, Алаш зиялылары өзекті тақырыптарды сөз еткен.
Жұмыстың екінші бөлімінде Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде, оның сипатын толық ашып көрсететін тұстарды қамтуға тырыстық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы мен ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан саяси қайраткерлердің жанкешті қызметін жоғары бағалап, былай деп жазды: Алаш партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең қағидалары жаңғырту қарекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады. Олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетімізідің қалыптасуына қазақ зиялыларының көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауы тиіс».
Алаш партиясының құрылуына кешегі өткен 100 жылдық тойына байланысты баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жарық көрді. Атап айтсақ, «Айқын» газеті, «Қамшы» порталы  «Атырау», «Жас алаш», «Егеменді Қазақстан» т.б. газеттерде үздіксіз жарияланған мақалалар қатарын осы топқа жатқыза аламыз. Солардың ішінде ерекше атап кететін бір жайт, «Қамшы» порталының  2017 жылғы 11 қыркүйектегі сандары түгелдей Алаш партиясының құрылуына арналған [7]. Демек, Алаш партиясының құрылуы, тарихи маңызы жан-жақты зерттеу нысанына айналып отыр деп айта аламыз.
Алаш зиялылары тарихы ғылыми жұмысымызға тақырып етіп алудың өзектілігі де оның тарих, ғылымындағы тың материалдар қатарына жататындығымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет