Ситуациялық сұрақтар: 1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
5. Бала қиын отбасында тәрбиеленуде: Баланы әжесі жалғыз өсіріп жатыр, әкесі жоқ, ал анасы маскүнем. Бірінші сыныпқа бала оқуға деген зор ынтамен келді, бірақ мұғалім оған дұрыс көзқараспен қарамады. Егер сыныпта бір жағдай болса үнемі сол кінәлі болды. 3 сыныпқа келгенде оған "қиын бала" деген ат берілді. Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
6.Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сіз оқушыларды үшінші сабақ біткеннен кейін асханаға апару керексіз. Барлық оқушылар екі – екіден қатарға тұрып, асханаға баруға дайын. Бірақ бір оқушы барудан бас тартуда.
7. Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз және сіздің сыныбыңызда қиын оқушы бар. Ол басқа оқушылардың заттарын жиі сұраусыз алады. Бір күні осы оқушы өзгенің ұялы телефонын сұраусыз алып, үйіне алып кетеді. Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:
8. Сабақтың басында немесе сабақтың соңында, сіз бірнеше сабақ жүргізгеннен кейін, оқушылар сізге былай дейді: «Мен ойлаймын, сіз педагог ретінде бізге ешнәрсе үйрете алмайсыз».Сіздің әрекетіңіз.