Ситуациялық тапсырма 1-нұсқа «Балаларымның өскенін көргім келген»



Дата11.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#137426
Байланысты:
КАЗ Анджелина Джоли І вариант


Ситуациялық тапсырма
1-нұсқа
«Балаларымның өскенін көргім келген»

2007 жылы атақты киноактриса Анжелина Джолидың анасы 10 жылдық күресуден кейін сүт бездері мен аналық безінің қатерлі ісігінен 56 жасында қайтыс болды.


Өздеріңіз білетіндей, Анжелинаның нағашыларынан барлық әйел жынысты туыстары (анасы, тәтесі және әжесі (45 жасында)) онкологиядан қайтыс болған.
Батыс елдерінің популяцияларында сүт бездерінің қатерлі ісігі (сүт безі обыры) кездесу жиілігіның жалпы көрсеткіші 40 жаста 1: 200. Ал Қазақстанда: 50 жаста 1:50 және 70 жаста 10:50. Әйелдер популяциясында кездесу жиілігі бойынша СБО (сүт безінің обыры) бірінші оырнда тұр. Генетик-консультант айтуы бойынша обырдың отбасылық жағдайы – 6-шы және 17-ші хромосомаларда орналасқан BRCA-1 және BRCA-2 (би ар си ай) гендерінің мутациясы нәтижесінде жарыққа шығатын сүт безінің обырының тұқым қуалауға бейімділігінің болуы.

Джолиде BRCA-1 сүт безі қатерлі ісігінің гені анықталған.


Зерттеу әдісі: нақты уақыт режиміндегі полимеразалық тізбектік реакция (ПТР) (сурет.1).
Мутантты геннің хромосомадағы орны 17-17q.21.31. (ақуыз құрылымының бұзылуы) (сурет.2).
Ген функциясы: BRCA-1 гені ДНҚ-ның репарациясына (қалпына келтіру), жасуша циклін реттеуге қатысаты және генетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етенін BRCA-1 ақуызын (BReast CAncer 1) кодтайды.
Генде анықталған мутациялар: Мутация BRCA-1 генінің ДНҚ тізбегінде 4153 позициясында бір А (аденин) нуклеотидінің жоғалуынан қалыптасады және 4153delА ретінде белгіленеді. Осы мутация, сондай-ақ 5282insС және Т300G мутациясы (ақуыз функциясының бұзылуы) Ресей мен Қазақстандағы аналық без обырының отбасылық жағдайының 86 %-інің себебі болып ттабылады.
Бұл жасуша циклінің S фазасында жүретін репликациядан кейінгі репарация процесінің патологиясы.
Анасы қайтыс болғаннан кейін Анжелина мен оның әпкесі диагностикалық тексеруден өтіп, өздерінің де мутантты генді тасымалдаушылары екендіктерін анықтады. Анасының тағдырын қайталаудан қорқып, ол сүт безінің мастэктомиясын (алып тастау) жасауға шешім қабылдады. Кейіннен ол өзінің қызы Шайлоны да генетикалық тексеруден өтікізіп, қызында осы BRCA-1 генінің бар екенін анықтады. Оның күйеуі – Брэд Питтен мутант ген табылмады.
Бұл мутация ДНҚ репликациясы кезінде жүрген. Лидерлік тізбек құрастырылу кезінде 3-ші орындағы бір нуклеотид түсіп қалған. Бастапқы тізбек:
-A-T-A-A-G-C-T-A-C-T-

4153

Сіздердің міндеттеріңіз: ситуациялық тапсырмамен танысып, сұрақтарға медициналық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар медициналық этиканы есепке ала отырып, генетикалық денсаулықты сақтау тұрғысынан да жауап беру.

1. Бастапқы ДНҚ молекуласының қандай болатындығын схемалық түрде көрсетіңіз.


2. Мутациядан соң өзгерген ДНҚ молекуласы қандай болады? Бұндай мутация қалай аталады?
3. Мутациядан кейін а-РНҚ мен т-РНҚ өзгере ме, егер өзгерсе, оларды көрсетіңіз.
4. Транскрипция және трансляция процестері өзгере ме?
5. Репликациядан кейінгі репарация механизмдерін бақылау мен реттеу қалай жүзеге асады?
6. Бақылау нүктелері қалай аталады? Олардың саны қанша, ролі қандай?
7. Джолидің Шайло есімді қызына қандай кеңес бере аламыз? Ол сүт безінің қатерлі обырын алдын ала алады ма?








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет