Сіз ағашыңыздың қандай екенін білесіз бе?
№1 кипарис – бақытты болу үшін бұл ағашқы көп нарсенің қажеті жоқ. Қандай жағдайда да төзімді, қиялы ұшқыр. Көпшілікпен жүргенді ұнатады. Ақ көңіл, мейірімді, достыққа адал. Бірақ өз қарамағындағы адамдарға келгенде қатал.
№2 самырсын (Кедр) - денсаулығы мықты, өзіне сенімді, бірбеткей. Әр нәрсенің жолын біледі, еңбекқор, өнерге бейім. Өмір бойы ұлы махаббат иесін күтуге бар. Музыкаға әуес. Кез келген жұмыста басшылықты алып жүруге шебер.
№3 шетен (Рябина) - әлжуаздығына қарамай, бұл ағаш та шымыр және төзімді. Кез келген қиыншылықты жеңіп шығады. Оған өзі сенімді. Ортаға бейім. Философиялық ой толғайды. Махаббатқа қызуқанды, серігін жиі ауыстырады.
№4 терек (Тополь) – басқадан мейірімділікті қажетсінеді. Қыршаңқы болғанымен, қайтымы тез. Өзіне деген сенімі аз, көбіне жалғызілікті басынан өткереді. Адамдармен қарым-қатынасы ауыр. Махаббатта жолы сирек. Тумысынан өркөкірек, философиялық ой тұжырымдауға әуес. Өмірлік серігіне адал, сенімді.
№5 үйеңкі (Клен) – ұяң, өте сақ, не нәрсеге де батылсыз. Өзінің құнын арттырып, мақтауды жаны сүйеді, өзі-өзін жақсы көреді. Сонысына қарамай, айналасындағыларға еркелігін, қыршаң-қылығын мойындатқысы келеді.
№6 Грек жаңғағы – қатал, менменшіл, білімпаз, керек кезінде паң. Айналасындағылар оны ұната бермейді, әйтсе де ортасына беделді. Жұртты баурап алғыш. Өз мақсатына жету үшін өте үлкен өнер көрсете алады, бірақ, ымыраға келе бермейді.
№7 қарағай (Сосна) – Не нәрсеге болса да берік. Мейірімді, еңбексүйгіш, ұйымдастырғыш қабілеті жоғары. Ортасында көңілді. Кез келген нәрсеге көңілі тез қалып, тез суынады және бұған өзі қаттыуайым шегеді.
№8 талшын (Каштан) – Қай істе де ұқыпты, адал. Біреуді сүйсе, ол өмірлік серігі болып есептелінеді. Отбасында адал, ақылды, парасатты. Жұмыс бабымен тез өсуі де немесе алдында тұрған кедергілермен күресуі де ғажап емес. Тағдыры өмір жағдайларымен тығыз байланысты.
№9 алма – қылымсушылыққа әуес. Әйисе де отбасында бақыттыболған жағдайда мұндай қасиеттерін қолданбауы мүмкін. Тіпті ол қолындағы барымен бөлісуге де бар. Мұның мұндай мейірбандығын кейбіреулер пайдалана кетуі ықтимал. Ғылым саласында жолы болғыш. Қиыншылықты жеңе білетін өмір кешеді.
№10 қызыл тал (Верба) – табиғаты екі түрлі, сезімтал және шыдамсыз болады. Адамгершілік қасиеті мол, әйткенмен де онымен бірге жүру кейде қиыншылыққа ұрындырады. Қатал, қияңқы, қызба. Махаббатта қызуқанды, саясатты сүйеді. Егер де отбасында бақытты болса, онда одан артық оған ештеңенің қажеті жоқ. Өзін-өзі түсіне алмайтын, көпке мәлімсіз сияқты боп өмір сүреді.
№11 шетен (Ясень) – екі сөзді, қатаң, бірақ жұрттың бәрі оны жақсы көреді. Махаббатқа адал. Атаққұмар, ақылды, талантты. Мақсатына тез жеткен сәтте, көлеңкеге қарай ығыса қояды. Оның бұтақтарының саясында буырқанған күндерде саялауға болады.
№12 шырша - әдемі. Кейде созылмалы ауруға ұшырағанымен, ұзақ өмір сүреді. Айтқанынан қайтпайды, қарым-қатынаста сенімді. Махаббатқа адал, тұрақты. Ортада ұстамдылығымен, қадірлігімен көзге түскіш.
№13 жөке ағаш (Липа) – көңілшек, көнгіш, айналасына сыйлы, жолы болғыш. Кереметтей жетістіктерге жеткіш. Махаббатта жолы бола бермейді. Көре алмайтын қасиеті бар.
№14 қызыл қайың (Граб) – тәрбиелі, парасатты. Сыртқы келбетіне көп көңіл бөледі. Мақтауды ұнатады. Өзі емес, оны сүйеді. Махаббатта өте бір буырқанған сезімді басынан кешіруді армандайды. Өз тағдырын басқа біреуге сеніп тапсыра алмайды.
№15 шегіршін (Вяз) – сыпайы, мейірімді, қайырымды. Бірақ кейде қатыгездігімен де көзге түсіп қалады. Әзілқой. Басқалардың екі жүзділігін, кемшілігін кешіре алмайды.
№16 орман жаңғағы – махаббатта адал, сенімді, зиялы, сезімтал. Көпшілікпен жүргенді ұнатады. Оның сүйкімділігі мен биязылығы ойлаған мақсаттарына жетуіне мүмкіндік туғызады.
№17 інжір ағашы (инжир) – талантты, ақылды, өз пікірі, ойы бар мықты тұлға болғанымен жалқаулығы басым. Отбасын, хайуанаттарды жақсы көреді. Әзілқой жан.
№18 емен – дәрі-дәрмекті ұнатпайды. Адамгершілігі мол, батыл, төзімді. Қандай қиыншылық болсын, ерлік көрсетуге дайын. Махаббатта сенгіш және «бұл сезім өмір бойы осылай болуға тиіс» деп ойлайды. Ол әрдайым әрекет-қимыл үстінде, оның бұтақтары әлсіздерге сая.
№19 ақ қайың - әдемі. Қоғамда да, өз ортасында да ешкімге жамандық әкелмейді. Өзінің майысқақтығына қарамай, көп нәрсені қажет ете бермейді. Тұрпайылықты ұнатпайды. Еңбек-сүйгіштігі, ақылдылығы, қиялы – оны өз ортасында ардақты етеді.
№20 қара өрік – сүйкімді, сабырлы, мінез-құлқы – бірқалыпты. Біреудің тағдырына парасаттылықпен қарайды және ақылды, парасатты адамдармен жүргенді қалайды. Отбасында бақытты.
№21 шамшат (Бук) – күнде болмаса да, құнтты. Өмірде үлкен жоспар жасап, оны іске асыруда аянбай еңбек етуге бар.
Достарыңызбен бөлісу: |