«Сіздің суицидалды бейімділігіңіз»



Дата29.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#77342
Байланысты:
1 тест аяқталмаған сурет әдісі


З.Королеваның «Сіздің суицидалды бейімділігіңіз» аяқталмаған сурет әдістемесі
Мақсаты: оқушылардың суицидке бейімділігін анықтау
Нұсқау: Сіздің алдыңызда мағынасы бар аяқталмаған сурет жатыр, оның жүрек қағысы қара түспен боялған. Суретті аяқтаңыз. Ол үшін сізге суреттегі боялмаған тұстарын өзіңізге ұнайтындай етіп бояу керек.

Тестің қорытындысы:
«Егер сіздің суретіңізде боялмаған жерден гөрі боялған жері көп болса, бұл дегеніміз сіздің қазіргі сәтте көңіл – күйіңіздің қалыпты жағдайда екендігін анықтайды. Сізді өзіңіздің өміріңізге қатысты маңызды жайттар мазалайды, бірақ бұл сіз үшін уақытша және ол міндетті түрде өтеді. Сіз суицидке бейім емессіз, сіз өмірді жақсы көресіз және сіз өзгелерді де мейілінше түсінесіз.»

«Егер сіз берілген сурет бойынша еш жерін боямай, тек бастырып шықсаңыз, бұл дегеніміз сіздің нерв жүйеңіздің, ерік – жігеріңіздің мықтылығын көрсетеді. Сіз ешқашан әлсіздік туралы және өзіңізге қол жұмсау туралы мүлде ойламайсыз, бұл сіз үшін өзіңізге, сізді қоршаған жандарға жасаған қастандық болып есептеледі. Сіз үшін өмір қаншалықты қиын болсада бәрін жеңіп шығып, күресе білесіз.»


«Егер сіз 3 фигурадан артық боямасаңыз, сіз кейбір жағдайларда өзіңізге қол жұмсау туралы ойлайсыз, егерде бәрі сізге қарсы шығар болса, сіз осындай шешім қабылдауыңыз мүмкін. Бірақ сіздің бағыңызға орай сіз оптимист жансыз, сондықтан сіз үшін кей жағдай қорқынышты болып көрінгенімен, қараңғы жерден жарық іздеуге болатынын білесіз.


«Егер суреттің сол жақ шетіндегі фигураларды боясаңыз, онда сіздің нәзік жанды және жүрекке жақын қабылдайтыныңыз. Өмірдегі әділетсіздікті қиын қабылдайсыз. Сізде суицидке бейімділік бар, бірақ сізді тоқтатын бір жәйт – ол сіздің жақындарыңызға деген сүйіспеншілігіңіз. Сіз олардың жанын ауыртқыңыз келмегендіктен, суицид туралы ойыңызды алыстатасыз.


«Егер сіз оң жақ шетіндегі фигураларды боясаңыз, бұл дегеніміз суицид туралы ойыңызды өзіңіздің керек уақытта қолданатыныңыз: сіз осы оймен жақындарыңызға қоқан лоқы көрсетесіз, оларға осы ойды айтып сіздің айтұындарыңызды орындатасыз. Сіз әділетсізсіз, сізбен өмір сүру қиынға соғады.»
«Егер сіз сол фигураларды жалғастырсаңыз, бұл дегеніміз саналы түрде өлім туралы ойлап тұрасыз. Бірақта сіздің ол ойыңыз сырттай байқалмайды, ол ой өзіңізге ыңғайлы уақытта ғана шығады.»

Сынып: Аты – жөні:



Сынып: Аты – жөні:

Сынып: Аты – жөні:



Сынып: Аты – жөні:



Сынып: Аты – жөні:




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет