Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі. Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады: 1) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады; 2) Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді; 3) Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.); 4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл; 5) Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары; 6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың; 7) Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.