Тізе асты шұңқыры
Тізе асты шұңқыры ромб пішіндес, оның контурын аяқты кішкене бүккен кезде жақсы көруге болады.
Тізе асты шұңқырының қабырғалары:
-----------------------------------------------------------------------------
Жоғары және сыртқы-санның екі басты бұлшықетінің сіңірі;
Жоғары және ішкі-жартылай жарғақты және жартылай сіңірлі бұлшықеттер;
Төменгі және сыртқы- балтыр бұлшықетінің латералді басы;
Төменгі және ішкі-балтыр бұлшықетінің медиалді басы;_________
Гунтер өзегінен, тізе асты шұңқырының жоғарғы бұрышына түсетін тамыр будасына осы жерде отырықшылық нервтің тармағы үлкен жіліншіктік нерв қосылады. Кейін қан тамыр нерв будасы шұңқырдың жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына беттейді. Осы шұңқырда латералді және беткей үлкен жіліншіктік нерв (n. tibialis superficialis), тереңірек және медиалді-тізе асты венасы, одан терең және медиалді тізе асты артериясы (a poplitea) орналасады. Кейбір авторлар, тізе асты шұңқырында орналасқан қан тамыр нерв будасын жақсы сақтау үшін немесе абревиатураны «Нева» (нерв-вена-артерия) ұсынады.
нервтер;
Сурет-16
1 -ортан жілік;
2-m. vastus medialis
3-өзектің алдңғы тесігі;
4-lamina vastoadductoria;
5,-6-m. adduvtor magnus;
7-қан тамырлар мен
8-hiatus tendineus.
(Сурет-17 Тізе асты шұңқыры (схема түрінде)
1 -m. semitendinosus;
2-ri. tibialis posterior,
a. et v.popliteae.
Өзек.
Тізе асты шұңқырының төменгі бұрышынан-қан тамыр нерв будасы сирақтың артқы беткейінің беткей және j. іерсћ бұлшықет аралығында орналасқан сирақ-тізе асты өзегіне (canalis cruro-popliteus) немесе Груберов өзегіне түседі. Тізе асты артериясы (а. poplitea) өзекте артқы үлкен жіліншіктік артериясы (а. tibialis posterior) деп аталады. Артерия мен бірге вена және үлкен жіліншіктік нервісі өтеді. Нерв тізе асты шұңқырында орналасқандай, өзек жолы бойында да артериядан сыртқа және артқа қарай орналасады. Сирақ-тізе асты өзегінің төрт қабырғасы және үш тесігі болады. Оны сүйек аралық жарғактың алдынан (үлкен жіліншіктік пен кіші жіліншіктік сүйектерінің арасындағы талшықтық жарғақ) артқы үлкен жіліншіктік бұлшықет бөліп тұрады. Оны балтыр бұлшықетінің артынан камбала тәрізді бұлшықеті (немесе, дәлірек айтқанда сирақтың меншікті шандырының терең табағы) бөліп тұрады. Өзекті сыртынан (латералді) бірінші бармақты бүгетін ұзын бұлшықет, ал ішінен (медиалді) - саусақтарды бүгетін ұзын бұлшықет шектейді. Өзектің бағыты дерлік вертикалді.
Достарыңызбен бөлісу: |