Сүлейменова Ф. М


Түзілген сан өзегінің қабырғалары



бет22/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты

Түзілген сан өзегінің қабырғалары:
Алдынан-орақ тәрізді мүйізшенің жоғарғы шеті (мықын- шат жолының төменгі мүйізі болып саналады) және жалпақ шандырдың беткей табағы;
Артынан- қырлық бұлшықеттің шандыры;
Латералді-сан венасының шандырлы футляры.
Жоғарыда көрсетілген атаулардан басқа, өзектің қабырғаларына сан сақинасы қабырғаларын теңестіреді. Мысалы, бұл оқиғада өзектің алдыңғы қабырғасы болып сан доғасы, жалпақ шандыр және орақ тәрізді шеттің жоғарғы мүйізшесі есептеледі. Осыған орай сан сақинасының сан өзегінің бастамасы екені сызылады.
Сан сақинасы аймағында өзектің медиалді қабырғасы болып лакунарлық жалғама саналады. Одан төмен медиалді қабырғасы жоқ, бірақ санның меншікті шандырының терең және беткей табақтарының тік бұрыш құрап қосылған жері бар. Сонымен, өзектің бағыты вертикалдіге жақын және көлденең кесіндіде үшбұрыш пішіндес, негізімен (алдыңғы
Тоқпан жіліктің кәрі жіліктік нерв жүлгесінің жолы спиральтәрізді, тоқпан жіліктің артқы бөлігінің жоғарғы үштен бір бөлігінде пайда болып, латералді және төмен жүреді де, тоқпан жіліктің латералді беткейінде диафизін қоршайды. Тоқпан жіліктің ортаңғы және төменгі үштен бір бөлік шекарасында жүлге жойылып кетеді. Иықтың үшбасты бұлшықетінің латералді басы, иықтың беткейінен, sulcus n. radialis-тен жоғары және латералді басталады. Бұлшықеттің медиалді басы тоқпан жіліктің саңылауы жарықтың шығатын орны болып табылады (сан өзегінің сақинасы).
Сан кірнелері.
Сан кірнелері, іш кірнелеріне жатады, бірақта шығу орны сан үшбұрышы болын саналады. Жалпы кірнелер патологиясында сан кірнелері екінші орында және бір айырмашылығы 40-50 жастағы әйелдерде басымырақ кездеседі. Сан кірнелері сан шұңкырынан басталып, тері асты саңылауының жоғарғы жартысынан, сан венасынан медиалдірек шығады. Толык және толық емес сан кірнелерін ажыратады. Толық кірне деп, сан өзегінің екі тесігінен өткен кірнелерді айтады. Толық емес сан кірнесі жалпақ шандыр қабығы деңгейінен шықпайды, сондықтан диагноз қоюды қиындатады. Сан кірнесінің шап кірнесінен негізгі айырмашылығы, сан кірнелері шап жалғамасынан шығатындығы.



  1. Әкелетін бұлшықет өзегі, (canalis adductorius)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет