Смағұл Ару Асылбекқызы,оқытушы



Дата09.05.2022
өлшемі94,56 Kb.
#33316

Смағұл Ару Асылбекқызы,оқытушы

Қаратау тау-кен технологиялық колледж,оқытушы


Аңдатпа
Көмірсулар адам ағзасына нәруыз бен майлардың дұрыс алмасуына қажет. Олар нәруыздармен қосылыстарда кейбір гормондар, ферменттер, сілекей секреттері мен басқа да маңызды қосылыстар түзеді. Ерекше рөлді ішекте жартылай қорытылатын, энергия бөлуде аз рөл ойнайтын клетчатка, пектиндер, гемицелюлозалар ойнайды. Бірақтан бұл полисахаридтер ас талшықтарының негізін құрайды және тамақтануда маңызды рөл атқарады. Көмірсулар негізінен өсімдіктектес азық-түліктерде кездеседі.



Аннотатция
Углеводы необходимы организму человека для правильного обмена питательных веществ и жиров. Они образуют в соединениях с белками некоторые гормоны, ферменты, секреты слюны и другие важные соединения. Особую роль играют клетчатки, пектины, гемицелюлозы, которые частично перевариваются в кишечнике, мало играют роль в выделении энергии. Но эти полисахариды составляют основу пищевых волокон и играют важную роль в питании. Углеводы в основном содержатся в растительной пище.
Annotation
Carbohydrates are necessary for the human body to properly exchange nutrients and fats. They form certain hormones, enzymes, saliva secretions, and other important compounds in their compounds with proteins. A special role is played by fiber, pectins, hemicelluloses, which are partially digested in the intestine, play little role in the release of energy. But these polysaccharides form the basis of dietary fiber and play an important role in nutrition. Carbohydrates are mainly found in plant foods.


Пандемия кезінде онлайн өткен сабақ .Қашықтықтан берілген сабаққа, студенттер жаппай қатысты.Өздерінің қызуғышылығын танытып,кері байланысқа шығып отырды.Сонымен қоса логикалық сұрақтар, химиялық есептер және химиялық формулаларды жақсы меңгергенин байқадым, Сабақ барысында химия және адам денсаулығы жайында қысқаша дәріс оқылды. Соған қоса химияның зиянды жағы мен зиянсыз жағын ортада талқыға салдық.Химияның адам өмірінде атқаратын маңызы зор екенін студенттеріміз дәлелдеді.

Көмірсу немесе қант тобына жататын заттар ақуыздармен бірге ағзаға өте қажет.Экзогендік көмірсулар организімге поли,ди, және моносахаридттер түрінде түседі.Олардың қортылуы негізінен ұлтабар мен ащы ішекте өтеді.Көмірсулар тек моносахаридтерге дейін ыдырағанда ғана сіңіріледі.Көмірсулар тек моносахаридттерге дейін ыдырағанда ғана сіңіріледі. Потология кезінде көмірсулардың қорытылуы мен ыдырауы бұзылуы мүмкін.Көмірсулардың ішектегі сіңірілуінің бұзылуы натрийге тәуелді моносахаридттерді тасмалдаушылардың ,сондацақ дисахаридазалардың жетіспеуінен болады.

Білім алушыларды абстракты ой қорытуға дағдыландыру, сабақ барысында тапқырылыққа, өз мамандықтарына және химия пәніне қызығуын арттыру.

Көмірсулардың қасиеттерін білу мамандықтары бойынша арнайы пәндерді (биологиялық химия, медициналық биология) оқуда керек екендігіне назарларын аудару медицинадағы маңызына тоқтала отырып, көмірсулардың табиғаты мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін дамыту; органикалық заттар туралы түсініктерін толықтырып, одан әрі кеңейте дамыту; ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар.Химия және адам денсаулығы.
Сабақтың мақсаты: а) көмірсулардың табиғатта кездесуі және оларға сипаттама бере отырып қасиеттері мен маңызына тоқталу;
ә) органикалық қосылыстардың көп түрлілігіне баса назар аударту, химиялық формулаларды;
б) өсімдіктер әлемін қорғауға, маңызын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: глюкоза (сұйық), қант (сахароза), стақан, су, иод
ерітіндісі, картоп, тақырыпқа сәйкес слайд материалдары, интерактивті тақта.
Сабақтың өту әдісі: сыни ойлау (ротация стратегиясы) бойынша тақырыпты толықтыру.

Сабақтың өту барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Ротация стратегиясы бойынша оқушыларға алдын ала бүгінгі тақырып бойынша мағлұматтар жинақтап келуге тапсырма берілді.
I қатар: моносахаридтер
ІІ қатар: дисахаридтер
ІІІ қатар: полисахаридтер жайлы мәлметтерді айтады.
Сыни ойлау әдісі бойынша:
Әрбір топ тақырыпшалары туралы мағлұмат береді
Әрбір топ бір – бірін толықтырады
Әрбір топ өз — өзін толықтырады
(1 — слайд). Фотосинтез процесі:
күн сәулесі
6CO2 + 6H2O C6H12O6 + 6O2
жасыл өсімдік

Күн энергиясының қатысуымен бейорганикалық заттардан органикалық заттардың синтезделуі фотосинтез деп аталады.
Фотосинтездің ашылуы 1630 жылдан басталады. Бірақ өсімдіктердің жапырағындағы хлорофилдің қатысында күн сәулесінің көмегімен жүретін фотосинтез реакциясын алғаш дәлелдеген К. А. Тимирязев болды.
(2 — слайд). Көмірсуларға тән реакциялар:
NH3ерітінді
C6H12O6 + Ag2O C6 H12O7+2Ag
C6H12O6 +H2 → C6H12O7+Cu2O+2H2O
C6 H12 O6+H2 → C6 H14 O6
C6 H12 O6 → 2C2H5OH +2CO2
C6 H12 O6 → 2CH3 – CH — COOH

OH
C6 H12 O6 +6O2 → 6CO2 +6H2 O+Q
C12 H22 O11 +H2 O → C6 H12 O6 +C6 H12 O6
(C6 H10O5 ) n +nH2О → nC6 H12 O6
Көмір мен судың қосылысы көмірсулар деп аталады. Осы қосылыстардың басым көпшілігінің жалпы формуласы Сп(Н2 О) m деп көрсетуге болады.

(3 — слайд). Қант және адамның денсаулығы.
Көмірсулар – табиғи қосылыстарының өте маңызды класы. Көмірсулардың маңызы олардың тірі организмдегі басты рөлімен анықталады. Барлық тірі организмдердің ішінде тек өсімдіктер ғана фотосинтез көмегімен көмірсулардың толық синтезін іске асырады. Фотосинтез нәтижесінде полисахаридтердің, оның ішінде, ең алдымен, құрылыстық целлюлозаның және қордағы қоректік материал – крахмалдың көп мөлшері жинақталады. Кейбір өсімдік материалдары дисахаридтердің көп қорын жинақтай алады. Мысалы, қант құрағы мен қант қыхылшасынан жыл сайын 82, 106 т сахароза бөлінеді. Глюкоза – көптеген поли — және дисахаридтердің мономері болып табылатын, зат алмасуға қатысатын, адам тағамының қажетті компоненттері. Глюкоза ми жасушаларының жұмысын қамтамасыз етеді. Жүйке жасушалары глюкозаны қаннан алады. Бұл жүйе бұзылса адам әр түрлі ауруға ұшырайды. Көмірсуларға адамның қажеттілігі – 400 — 500г, оның ішінде 50 — 100г глюкозаны қант күйінде пайдаланады.
Қазіргі кезде бір адам қантты тәулігіне 110 г — ға дейін пайдаланады. Қантты жақсы көретін адамдарды «сахараголиктер» деп атайды. Қанттың жетіспеуі және көп болуы да организм үшін зиянды. Табиғи қантты алмастыратын ксилитол, геспередин, сорбит, гликозид, ал жасанды қантты алмастыратын сахарин, цикломат және т. б. заттары кең қолданысқа ие.

Сахароза (қант құрағы) Ертедегі Шығыста белгілі болған. Оны қант құрағының шырынынан бөліп алып, қоюландырып, сүтпен ағартқан, содан соң әк суымен немесе күлдің ерітіндісімен жуған. Қоспаларын түзілетін көбіктермен бірге бөліп алып отырған. Қант құрағының отаны – Үндістан. Фруктозаны алғаш рет 1792 ж орыс химигі Т. Ловец бал суынан бөліп алды, ал глюкоза 1802 жылы ашылды. Полисахаридтер химиясы 1811 жылы орыс химигі К. Кирхгоф крахмалды алғаш рет гидролиздегеннен кейін дами бастады. Қағаз (парс. «бомбака» — мақта) өзара өте жұқа етіп тоқылған целлюлоза талшықтарынан тұрады.

IV. Қорытындылау:
Табиғатта кең таралуына байланысты көмірсулар маңызды өнеркәсіптік шикізат болып табылады. Көмірсулардан этил спиртін, қопарылғыш заттар, дәрі — дәрмектер, қағаз, жасанды талшықтар өндіреді. Көмірсулар моно — ди -, полисахаридтерге бөлінеді.

V. Үйге тапсырма: Көмірсулар,табиғатта таралуы,реакция теңестіру.


Әдебиеттер:


Негізгі:
1. Патсаев Ә.Қ., Жайлауов С.Ж. «Органикалық химия негіздері». Шымкент, 2005, 1-кітап. – 359 б. 2005, 11-кітап. -441б., 2005, 111-кітап. 232б.
2. Патсаев Ә.Қ., Сейтімбетов Т.С, Шитыбаев С.А, Дәуренбеков Қ.Н. «Биоорганикалық химия». Шымкент, 2005,-443б.
Қосымша:
Қуатбеков Ә.У., Патсаев Ә.К., Бақтыбаев У.Б. «Биоорганикалық химия практикумы», Шымкент, 2006,-582б.

Патсаев Ә.Қ., Дәуренбеков Қ.Н. «Биоорганикалық химияның тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба» Шымкент, 2005-318 б

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет