Смарт часы



Дата11.12.2023
өлшемі6,18 Mb.
#137540
түріПрограмма
Байланысты:
3-ші сабақ Алгоритмді құру


Алгоритмді құру
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
№68 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Толқын Жақсылық
Информатика пәні мұғалімі

НЕ ҮЙРЕНЕСІҢДЕР?

– программаны құрудың кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру;

– алгоритм трассировкасын жүзеге асыру.

ОЙ ТҮРТКІ


Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің түрлері қандай?
Алгоритмдерді жазу әдістерін білесіз бе?

Алгоpитм – бұл қойылған есептерді шешуге бағытталған әрекеттер тізбегі екендігі сендерге таныс.

Алгоpитм – бұл қойылған есептерді шешуге бағытталған әрекеттер тізбегі екендігі сендерге таныс.

Алгоритмді құру кезінде оның негізгі қасиеттерін еске түсіру керек:

– атқарушы үшін түсініктілігі;

– дискpеттілігі (қарапайым қадамдармен орындалу тізбегі);

– анықтылығы (дәл, бірмәнді);

– нәтижелілігі (қадамдардың соңғы сандары үшін есептерді шешу);

– жинақтылығы.

Есептерді шешудің алгоритмін жазуда ең алдымен «қалай?» сұрағына жауап беру қажет. Ережеге сәйкес есептерді шешудің келесі сипаттамасы бар:

Есептерді шешудің алгоритмін жазуда ең алдымен «қалай?» сұрағына жауап беру қажет. Ережеге сәйкес есептерді шешудің келесі сипаттамасы бар:

– қарапайымдылығы;

– құжаттандыру;

– модульдік принципте құру. Программаның кез келген бөлігі қайта қолданылып немесе өзгертілуі мүмкін;

– қателер туралы пайдалы хабарламалар.

Бұдан алгоритмді құру үшін ең алдымен, проблеманы анықтау кезеңдерін, содан кейін есептерді шешу кезеңдерін орындауымыз керек.

1. Есептерді шешу кезеңдері:

1. Есептерді шешу кезеңдері:

• есептер туралы ақпараттарды іздеу;

• есептің шарттарын тұжырымдау;

• есепті шешудің соңғы мақсатын анықтау;

• нәтижелерді шығару формаларын анықтау;

• деректерді сипаттау.

2. Есептерді талдау мен зерттеу, модельдеу.

3. Алгоритмді құру


!

Алгоритмді құру кезінде оның блок-сызбасын құрастыру дағдысы маңызды болып табылады. Мысалы, теңдеудің шешуін экранға шығару қажет: a + x = b, a және b айнымалыларының мәндерін пайдаланушы пернетақтадан енгізуі керек.

Алгоритмді құру кезінде оның блок-сызбасын құрастыру дағдысы маңызды болып табылады. Мысалы, теңдеудің шешуін экранға шығару қажет: a + x = b, a және b айнымалыларының мәндерін пайдаланушы пернетақтадан енгізуі керек.

Есептерді шешу алгоритмін құрастырамыз:

  • Есепті оқыңдар.
  • 2. Есептегі белгілі және белгісіз айнымалыларды мына түрде жазыңдар: Берілгені: a, b.

    Табу керек: х теңдеу түбірі.

    3. Математикалық моделін құрастырыңдар: х = b – a.

    4. Блок-сызбасын сызыңдар.

    5. Python программалау тілінде алгоритмін жазыңдар:

    – a және b айнымалыларын хабарлау;

    – a және b айнымалыларына пайдаланушы енгізген санды жазу;

    – x мәндері меншіктелген айнымалыны хабарлау;

    – нақты сандар жолдарын және жолдарды ауыстыруды шығару.


Басы
Енгізу
а, b
X = b - a
Шығару
X
Соңы

Тапсырма


Қазақша

English

Алгоритм

Programming

Тармақталған

Succession

Блок-схема

If...then else

Терминдердің аудармасын табыңыздар
Algorithm
Бағдарламалау
Branching
Жүйелі
Flowchart
Егер...онда, әйтпесе

Бекіту сұрақтары


1. Алгоритмді құрастыруда қандай қасиетті негізге алу керек?
2. Алгоритмді түрлендірудің қандай формаларын білесіңдер?
3. Блок-сызба дегеніміз не? Алгоритмді түрлендірудің кеңінен тараған түрі неге блок-сызба болып табылады?
4. Есептерді шешудің қандай кезеңдерін негізге алу керек?
5. Алгоритмді құру кезінде трассировканы жүргізу міндетті ме?

ҚОРЫТЫНДЫ

– программаны құрудың кіріктірілген ортасында есептердің моделін құруды үйрендік;

– алгоритм трассировкасын жүзеге асыра білдік.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет