1960—1961 жылдарда социалистік елдер арасында жік туды. Қытай Халық Республикасы мен Албания КСРО-ның саясатына жөне СОКП-ның ХХ съезінің шешімдеріне қарсы шықты. Албания ӨЭК-дан жөне Варшава келісімі үйымынан (ОВД) шықты. Қытай мен КСРО арасындағы қайшылық 1969 жылы шекара маңындағы қақтығыстарға дейін барды. 60-жылдың соңында Румыния мен КСРО арасындағы қарым-қатынастар салқындай түсті. Чаушкесу Үкіметінің саясаты антикеңестік бағытта болды. Румынияда Ча- ушкесудің отбасылық кланы жөне жеке билігі толық орнады. “Үлы Румыния” мемлекетін қүру үшін Молдавияны қосып алуды көздеді. Қытай жөне Израиль мемлекеттерімен достық қатынасты дамытты. Югославия мен КСРО байланыстары бірқалыпты болмады. Сыртқы саясатта басқа елдермен одақтарға кірмеу саясаты жүргізілді. И. Б. Тито төуелсіздік алған Азия жөне Африка елдерімен “қосылмау” үйымын қүрып, оны басқарды. Чехославакиядағы саяси дағдарыс. 1968—1969 жылдарда Чехославакияда коммунистік партия мен Үкімет саясатына қарсы оппозициялық күштердің антисоциалистік жөне контрреволюциялық көтерілістері болды. ЧКП бірінші хатшысы Антонин Новатныйдың ішкі жөне сыртқы саясаты дағдарысқа үшырады. 1968 жылы қаңтар айында ЧКП-ның президиумының пленумында Александр Дубчек бірінші хатшы болып сайланды. А. Дубчек елдегі антисоциалистік жөне антикоммунистік күштерді қолдады. Ол елде демократияны қалпына келтіру, экономикалық реформа арқылы социализмнен бас тарту, нарықтық шаруашылыққа өту, Батыс Еуропа елдерімен қарым-қатынастарды дамытуды көздеді. Марксизм-ленинизм идеясына, кеңестік диктатқа қарсы Варшава келісімінен шығуды талап етті. Капитализмді қалпына келтіру үшін күрес жүргізді. Чехосла- вакия халқы оппозициялық күштерді қолдады. Социализмге қауіп төнді. Батыс Еуропа елдері Чехославакиядағы дағдарысты қолдап, белсенді түрде көмектесті. Батыс Германия мен Чехославакия шекарасынан ешқандай кедергісіз қару-жарақ жөне антисоциалистік, антикоммунистік үгіт-насихат қүралдары жеткізілді. А. Дубчек елдегі жағдайды түзетудің орнына оппозициялық күштерді қолда- ды. Чехославакиядағы дағдарыс социалистік жүйеге қауіп төнгізді. Осындай жағдайда КПСС басшылары 1968 жылы 16 тамызда Чехос- лавакияға өскер кіргізуге шешім қабылдады. 18 тамызда Варшава келісімі одағына мүше елдер — ГДР, Болгария, Венгрия, Польша басшылары қолдап, 21 тамызда бес елдің өскерлері Чехославакияға кіргізілді. Чехославакия өскерлеріне қарсылық көрсетпеуге бүйрық алды. А. Дубчек, басқа партия жөне Үкімет басшылары Мөскеуге жасырын жеткізіліп, Чехославакия халқының атынан үндеу жаздыртып, бүл жағдай бес елдің өскерлері достық ниетпен көмекке келді деп түсіндірілді. Халық атынан үндеуге қол қойғызып алды. Бес елдің өскерлері Чехославакияға кіргеннен кейін айтарлықтай қарсылық кездеспеді. Кейбір аудандарда арандатушылықтар, қақ- тығыстар болды. 94 адам өліп, 345 адам жараланды. 21 тамызда ЧКП-ның кезектен тыс ХІУ съезі өтті. Съезге қатысқан оппозиция бес ел өскерлерінің Чехославакияға кіруіне қарсы болды. Елде қар- сылық күшейе түсті, халық арасында КСРО-ға, социализмге қарсы үгіт-насихат жүмыстары кең етек алды. Чехославакияның үкіметтік делегациясы Мөскеу қаласына шақырылып, келіссөздер жүргізілді. Делегацияда Чехославакия Президенті Л. Свобода мен көмекшісі Густав Гусак болды. Келіссөз барысында ЧКП-ның ХІУ съезінің шешімдері заңсыз деп бағаланды. 31 тамызда Прагада ЧКП Орталық комитетінің пленумы Мөс- кеу келіссөздерін толық мақүлдады. 1969 жылы сөуір айында ЧКП- ның Орталық комитетінің пленумы болып, А. Дубчекті қызметінен босатып, оның орнына Густав Гусакты бірінші хатшы етіп сайлады.