Мифологияға сәйкес, әлемді көптеген құдайлар басқарды, олардың әрқайсысы өмірдің ерекше саласын қорғады: Марс – соғыс құдайы; Гермес – сауда құдайы; Аполлон – өнер құдайы және т.б.
Діннің әлеуметтік институт ретінде даму кезеңдері
Үшінші кезең– монотеизм.
Үш әлемдік діндер (буддизм, христиан және ислам) әлем бір Құдайға жоғары рухани болмыс ретінде жаңа діни сенім жүйесін алады.
Үндістанда Бихар штатында б.д.д VI-V ғасырда құл иеленушілік қатынастар үстемдігі негізінде пайда болды. Будда дінің алғашқы кезеңінде адамдардың ауыр тұрмысын, олардың әлеуметтік жағдайларына қарамастан, рухани теңдік жолымен түзетуге тырысушылық тән болған еді.
Алғашқы Солтүстік Үндістанда көптеген секталардың бірі болып қалыптасқан будда діні, кейін бүкіл Үндістанға, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азияға кеңінен тарады.
Будда діні
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт ақиқатты білу қажет: 1) өмір - азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса - азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету.
Будда – будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа.