СӨЖ – 1
Орындаған: Тұрсынғазы Ұлжалғас,202-топ
Тексерген: Нұржанова Ботагөз
Жоспар:
1.Қазақ тілі лексикологиясының зерттелуі бойынша мәліметтерді салыстыру,хронологиялық шолу жасау;
2.Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтерінің жасалу ерекшеліктері;
3.Сөз мағынасы ауысуының негізгі тәсілдерін мысалдармен дәлелдеу.
1. Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дсйді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырыпта зерттейді. Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты заңдылықтарды тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологиянын бір саласы — этимология. Этимология сөздердің шығу төркінін, олардың ең алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы қазақ халқы ерте заманда қандай халықтармен каншалықты қарым–қатынаста болғандығын айқындауға болады. Ана тілінің лексикасының даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас тілдердің лексикасын тарихи тұрғыдан тексеріп салыстыра зерттегенде ғана дұрыс танып білуімізге болады. Сөздердің мағына жағынан дамуын семасиология тексереді. Семасиологияның мәнді қызметі әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі, қосымша және туынды мағыналары тарихи даму турғысынан алып сараланады.
Қазақ тілінде жалғыз дыбыстан тұратын (а, е, э, о,)болмаса, бір әріппен берілетін (у, и, я) бірді-екілі сөздер бар. Сөздер әдетте бірнеше дыбыстардың тіркесінен құралады да белгілі бір мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының зәредей өзгеруі олардың, мағыналарының азды-көпті өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен: ал, әл, ол, өл, іл, ұл немесе аз, ақ,ал, аң, ас, ат, ау, аш деп белгілі бір дыбыстың өзгеруінен баска басқа сөз жасауға болатындығы өз-өзінен түсінікті болса керек.
2.Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты.
Лексикалық мағына туралы ғылыми көзқарастар әртүрлі. Кейбір зерттеушілер лексикалық мағына тек атауыштық сөздерге тән, ол көмекші сөздерде, одағайларда, есімдіктерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Алайда, кейінгі зерттеулер тілдегі барлық сөздердің де белгілі дәрежеде лексикалық мағынасы болатынын қолдайды. Мысалы, есімдіктер толық мағыналы атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, олардың мағынасын меңзеп білдіреді. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербес сөздерге тіркескенде байқалады.
Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:
1.Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;
2.Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;
3.Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;
4.Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминді мағына, поэтикалық мағына.
3. Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метономия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Енді осы тәсілдердің әрқайсысына тоқталайық.Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Мысалы,орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (Абай) деген сөйлемдегі кілт сөзі “ашатын құрал” дегенді емес “шешуші” деген мағынаны білдіреді. Бұл мағына- кілт кілт өзінің номинативті мағынасы негізінде жасалған туынды мағына. Мәселенің кілті деген сөз тіркесіндегі кілт сөзінің мағынасы да осы аталған мағынамен барабар. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы; Үйі мәз боп қой сойды, сүйіншіге шапанға (Абай).Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады.Егер бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы қолданылатын болса, сөз мағынасы кеңиді. Мысалы; кейде семьяңда неше адам бар? –деудің орнына басың нешеу? Дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде бүтіннің орнына қолданылып дыбысталуды білдіреді, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады. Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Өз ара мәндес сөздерден: синонимдік қатар құралады. Синонимдік қатардың құрамына екі кейде одан да көп сөздер енеді. Мысалы; 1. Адам-кісі, 2. Күш-қуат-әл-дәрмен, 3. Қадірлі-құрметті-ардақты-аяулы-қымбатты; 4. Болдыру-шаршау-титықтау-тұралау, құрғау-кебу-тобарысу, 5. Тез-жылдам-шапшаң-лезде-сәтте т.б.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы; ескі-жаңа, алыс-жақын, ақ-қара, ащы-тұщы, бар-жоқ, арзан-қымбат, ашық-жабық, ыстық-суық, өмір-өлім,алғыс-қарғыс, жастық-кәрілік т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |