СӨЖ 1: Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік белгілері
СӨЖ 2: Жыраулық дәстүрдегі шешендік оралымдар және ұлттық дүниетаным
СӨЖ 1: Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік белгілері
Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз-әңгімелерде көрінеді. Аңыз-әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебитінде: тұрмыс салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған.
Шешендік сөз көпшілікке қаратып айтылады, бірер адамға қарата айтылған сөз әдетте шешен сөз болып шыға бермейді, себебі, бірер адамға айтылған сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні болмауы мүмкін.
Қазір жұртшылықтың арасында фольклордың бір жанры ретінде кең таралып жүрген шешендік сөздерді ғана танысақ, онда шешендік сөз соңғы дәуірде дамымай тоқтап қалған сала болып шығады. Бұл төңіректе Р.Сыздықованың айтқан пікірі өте бағалы «Әдеби тілдің ауызша түрі» деп аталатын кітапта Р.Сыздықова: Ал шындығында өте ерте замандардан бері өмір сүріп, біздің дәуірімізге дейін жетіп, бүгінгі мәдени – рухани өмірімізден орын алып келе жатқан шешен сөйлеу дәстүрі бар. Және ауызша сөйлеудің аясы ұлғайған сайын, шешен сөйлеудің қажеттілігі арта түсіп отыр. Біздің қазіргі қоғамымызда шешендік өнердің көрінетін жерлері әлдеқайда кеңіді: ол саяси әлеуметтік өміріміздің барлық саласында идеялогиялық күрестің, тәрбие мен оқу-ағартудың, заң мен ғылымның, қоғам басқарудың ең бір пәрменді құралына айналды. Сонымен қатар шешендік ауызша жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының бірден-бір құралы. Жиналыс, конференция, съез, симпозиум, семинар, диспуттарда шешендік өнер өте-мөте қажет. Бұл күнде шешендікті радио мен телевизияда да көрсетеді. Өйткенгі бұларда жазба тілмен қатар ауызша сөйлеудің үлгісі ортақ. Демек, ауызша сөйлеу табиғаты жалпы мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып отыр. Ал шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бірінен саналады дей келіп, біздіңше, «шешендік сөз» деген терминді шешендік өнердің іс жүзінде асқан нәтижесін атауға қалдыру керек, яғни фольклор мұрасының бір жанрын және қазіргі кезде де шешен айтылған сөзді осылайша атау керек те, шешендік өнердің сөзге шеберлік сөзін сәл болса да өзгешелеу атау керек.
Р.Сыздықова айтқандай:
1. Шешендік сөздің әлеуметтік мәні бар тақырыпқа құрылуы.
2. Шешендік сөзің сүйенер дәлелінің мықты болуы.
3. Тыңдаушыға әсер ететін эстетикалық қасиеті болуы.
4. Тыңдаушылардың ақыл-ойы мен еркіне ықпалын тигізіп, оларды белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыратын сөз болуы.
5. Аристотель айтқан айқындылық пен түсініктілік.
Бұрынғы шешендік көбінесе поэзия түрінде келді. Ауыздан ауызға көшіп халық арасында аңыз-әңгіме, жыр даналық сөздер күйінде ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Шешендік туралы сөз қозғағанда, әрине оның тақырыптық – мазмұндық ерекшелігіне тоқтамай өту мүмкін емес. Таза тілдік көркемдік тәсілдер тақырыптық, мазмұндық, идеялық ерекшеліктерден туындайтыны анық. Керісінше, көркем тілсіз шешендік сөз болмайды.
Қоғам, халық тағдырына қатысты зор әлеуметтік мүддені көздеген шешендік мұралардың қатарына жыраулар толғауын жатқызамыз. Кейбір жыраулар жеке адамдарға, жеке оқиғаға, жеке бір мәселеге қатысты болса да, оларда бәрібір әлеуметтік үн болады. Себебі қай жыраудың толғауын алсақ та, онда адамдық, адамгершілік т.б. сияқты тәрбиеге қатысты жайттар сөз болады. Өлең, жыр тағы басқа жанрларға қарағанда, толғаудың шешендікке жақындығы – үгіт, насихат, яғни дидактикалық сарында болып келетіндігінде.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып, Жиренше шешен, Асан қайғы есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың", – деп, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
Оның мынадай талаптары бар:
- Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу керек.
- Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.
- Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі.
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірте-бірте жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп, қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып, қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды түр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Мыңдаған, жүздеген жыл өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз.
Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда", - дейді дана халқымыз. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шығарған қазақтың өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десек, нағыз бағасын бергеніміз. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керекті.
Достарыңызбен бөлісу: |