СөЖ №1 Орындаған: дбот-22-01 Молдиман Жібек Тақырыбы: Оқытудың ұйымдастыру формалары. Тапсырма



Дата21.10.2023
өлшемі24,38 Kb.
#120168
Байланысты:
СӨЖ 1 (2)



СӨЖ №1
Орындаған:
ДБОТ-22-01
Молдиман Жібек
Тақырыбы: Оқытудың ұйымдастыру формалары.
Тапсырма: Математика сабағында бастауыш оқытуды ұйымдастыру формаларын жазыныз және мысалдармен дәлелденіз.

Оқыту процесі – өте ұзақ және аса күрделі біртұтас педагогикалық үдеріс. Оқыту процесінде коғамның мектеп алдына қойып отырған талаптарынан туындайтын мына сияқты сұрақтарға жауап беріледі: 1) Неге және не үшін оқыту керек? 2) Нені оқыту керек? 3) Қалай оқыту керек? 4) Нелерді пайдаланып оқыту керек? 5) Қандай жүйемен (формада -П.С.) оқыту керек? Бұл сұрақтар оқыту процесінің өзіне тән негізгі компоненттерін анықтайды. «Неге және не үшін оқыту керек?» деген сұраққа оқыту процесінің оқытудың мақсаты деп аталатын компонентінде жауап ізделеді. Қандай да болмасын қоғамда оқыту ісін дұрыс жолға қою үшін, ең алдымен, оқыту мақсаты анықталады. Оқытудың бұл аса маңызды компонентінің мазмұны мемлекеттің «Білім туралы заңында», сондай білім беру туралы мемлекеттік стандарттарда беріледі.


Оқыту процесінің «Нені оқыту керек?», яғни оқушыларды қандай көлемдегі және шеңбердегі біліммен қаруландыру керек? деген сұраққа жауап беретін компоненті оқытудың мазмұны деп аталады. Оқытудың мазмұны арнайы нормативті құжаттарда (білім стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар -П.С.) анықталады. «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа оқыту процесінің оқыту әдістері деп аталатын компонентінде жауап ізделеді. Оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы педагогика және әдістеме оқулықтарында, сондай-ақ мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдарда келтіріледі. Бірақ мұғалім нақты жағдайларда оқыту әдістерінің қайсысын таңдап aлy қажет екенін өз тәжірибесіне сүйене отырып, өзі белгілейді. Оқыту процесінде мұғалімге оқушыға білімді терең меңгерту үшін арнайы құралдар жүйесін пайдалануға тура келеді, яғни «Нелерді пайдаланып оқыту керек?» деген төртінші мәселені шешу оқыту процесінің оқытудың құралдары деп талатын компонентінде жүзеге асырылады. Оқытудың құралдары мейлінше сан алуан. Оған жататындар: мұғалімнің сөзі мен ісәрекеттері, оқыту жабдықтары (бор, тақта, қалам, дәптер, оқулық, т.с.с.), көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары және т.б.
Оқытудың мазмұны
Оқыту процесіндегі бесінші мәселе «Қандай жүйемен оқыту керек?» оқытуды ұйымдастырудың формалары деп аталатын компонент арқылы іске асырылады. Оқыту процесінің осы компоненттерінің барлығы ӛзара тығыз байланысты, ӛйткені оқыту процесінде жоғарыда атап кӛрсетілген мәселелер кешенді түрде шешіледі.
Оқытудың мазмұны

Оқыту құралдары Оқыту әдістері Оқытуды


ұйымдастырудың
формалары
Оқыту мақсаты

Оқыту процесінің компоненттерін және олардың арасындағы байланысты шартты түрде мынадай сызба-нұсқа түрінде керсетіп беруге болады. Сызба-нұсқаның маңызы ол оқыту процесінің құрылымы және оның компоненттері туралы айқын түсінік береді. Бұл құрылымда оқытуды ұйымдастырудың формалары деп аталатын компоненттің ерекша маңызы бар. Сондықтан оған кеңінен тоқталайық. Жалпы алғанда, форма (forma – латын сӛзі) қазақша «сыртқы көрініс» деген мағынаны білдіреді. Демек, форманы қандай да бір мазмұнның сыртқы бейнесі ретінде түсінуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, оқытуды ұйымдастырудың формасы дегенді оқушылардың санына, оқитын орнына, уақытқа байланысты арнайы түрде ұйымдастырылып, дәл белгіленген режим мен тәртіпке бағындырылған жұмыс түрі деп білу керек. Оқыту процесінің басқа да компоненттері сияқты оқытуды ұйымдастырудың формасы да ӛзгермейтін нәрсе емес. Қоғамның дамуына, оның талаптарына, адамзаттың осы салада жинақтаған тәжірибелеріне, сондайақ оқытудың мақсат-міндеттерінің ӛзгеруіне қарай ол да ӛзгеріп, толықтырылып және жетілдіріліп отырады. Мектеп тарихына қарағанда, осы күнге дейін оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының пайдаланылып келгендігін аңғаруға болады. Осылардың ішіндегі педагогика тарихынан мәлім ең маңыздылары мыналар: сынып-сабақ формасы, жеке-топтық форма белльланкастер жүйесі, мангеймдік жүйе, дальтон-жоспар, ынтымақтастықта оқыту формалары (кіші топтарға бӛліп оқыту жүйесі), жобалар әдісі т.б. Осылардың кейбіреулері, мәселен, сынып-сабақ формасы сияқтылары, ӛзгертілген және жетілдірілген күйінде қазіргі заманғы мектептерде әлі де қолданылып жүргенін атап айтуымыз керек. Оқыту процесінің басқа да компоненттері сияқты оқытуды ұйымдастырудың формалары да ӛте ұзақ даму жолынан ӛтті. Ежелгі заман мен орта ғасырларда оқыту бұқаралық сипат алған жоқ, яғни қоғам жас ұрпақты жаппай оқыту талабын күн тәртібіне қойған жоқ. Сондықтан алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке-дара жолмен іске асырыла бастады. Мұнда арнайы сабақ кестесі болған жоқ, оқыту ісі оқушының немесе мұғалімнің ыңғайына қарай ӛзгертіліп отырды. Бұл жүйенің элементтері оқушының жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты алға қойылып отырған қазіргі кезде де қолданылады. Мұнда оқушылар қандай да бір пәнді тереңірек оқып - үйрену үшін мұғалімге ақы тӛлеп, арнайы жеке оқу жоспары бойынша оқиды. Бертін келе қоғамның талаптары барған сайын сауатты адамдарды кӛп мӛлшерде қажет ете бастады. Осының нәтижесінде ежелгі ӛркениет елдерінде (Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан, т.б.) оқытудың, жеке-топтық формалары пайда бола бастады. Кейінірек мұсылман дінінің таралуына байланысты араб елдерінде және Орталық Азияда мұсылмандық қадым мектептері мен медреселерде жеке-топтық оқыту кеңінен қолданылды.


Мектепке әртүрлі жастағы балаларды жылдың қай мезгілінде болса да қабылдай беру, арнайы оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының және тұрақты сабақ кестесінің болмауы, әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріп, қиын жерлерін түсіндіріп, кейіннен оны сұрап отыру, оқыту әдістерінің тым қарапайым болуы, т.б. оқытудың бұл жүйесінің басты ерекшеліктер болып табылады. Қоғамның дамуы мен ӛнеркәсіптің, ғылым мен техниканың ӛркендеуі оқытуды ұйымдастырудың қалыптасқан формаларын ӛзгертуді талап етті, ӛйткені қоғамға әр түрлі салалар бойынша білімді мамандар, сауатты жұмысшылар қажет болғандықтан, оқыту бұқаралық сипат ала бастады. Енді мұғалімге бір мезгілде кӛптеген оқушыларды қамти отырып, анағұрлым сапалы білім беруге мүмкіндік жасайтын оқытудың ұжымдық формаларын тәжірибеге енгізу күн тәртібіне қойылды. Осының барысында оқытудың сынып-сабақ формасы келіп туды. Сыныптық-сабақтық жүйені жасаушы және ұсынушы чех педагогы Я.А.Каменский (1592-1670). Бұл жүйенің басты ерекшелігі, онда жаппай оқыту идеясы басшылыққа алынады. Оның сыныптық деп аталуы себебі, мұғалім жас шамасы мен білім дәрежесі ескеріліп, сынып деп аталатын топқа біріктірілген оқушылармен жұмыс істейді, ал сабақтық деп аталуы – оқыту процесінің қатаң белгіленген уақыт мерзімі және тұрақты кесте бойынша бірінен соң бірі келіп отыратын сабақ деп аталатын бӛлшектерге бӛлінетіндігінде. Сыныптық-сабақтық жүйе педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесіндегі аса бағалы жетістіктердін бірі болып табылады. Сондықтан да ол адамзатқа ұзақ уақыт бойы сенімді қызмет ете отырып, қазіргі күні бүкілдүние жүзі елдеріне кеңінен таралып отыр. Бұдан сынып-сабақ жүйесі оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде ғасырлар бойы ӛзгерген жоқ деген пікір тумауы керек. Бұл жүйе жаппай оқытуды жолға қойған елдерде түрін ӛзгертіп, жетілдіріп, әлі күнге дейін қолданылып келеді. Енді оның бірнеше варианттарына тоқталайық. Я.А. Коменский ұсынған жүйе алғашқы болып, капиталистік даму жолына ертерек түскен Англияда XVІІ ғасырдың соңына қарай біршама түрін ӛзгертіп қолданыла бастады. Ӛнеркәсіптің даму талаптарына сәйкес сауатты адамдарды кӛптеп дайындау мақсатында мұнда оқытудың сыныптық-сабақтық формасының ӛзгертілген түрі «сатылы оқыту» немесе «ӛзара оқыту» деп аталатын оқыту жүйесі ұсынылды. Оның негізін қалағандар діни қызметкер А.Белль және мұғалім Д.Ланкастер болатын, сондықтан ол педагогикалық әдебиетте белль-ланкастер жүйесі деп аталады. Бұл жүйе бір ғана мұғалімнің жас шамасы әр түрлі оқушылардың үлкен тобын (200-300, кей әдебиеттерде 600-ден астам -П.С.) оқытуына мүмкіндік берді. Мұнда сабақты алдымен мұғалім өткізеді, сонан кейін оқушылар топтарға бөлінеді де, әр топтағы сабақты топ басшылары (мониторлар) жүргізіледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай батыс елдерінде мектептерде алдын ала анықталған қабілеттері бойынша балаларды әр түрлі сыныптарға бөліп оқыту идеясы белең ала бастады. Балалардың қабілеттілігі тестер жүйесі бойынша өлшенді. Оқушыларды қабілетіне қарай бөліп оқыту жүйесі тұңғыш рет Мангейм қаласында жүзеге асырылды, сондықтан педагогикалық әдебиетте оны оқытудың мангеймдік жүйесі деп атайды. Бұл жүйе Англияның, АҚШ-тың және тағы басқа кӛптеген өркениетті елдердің оқыту ісінде әлі күнге дейін қолданылып келеді. XX ғасырдың басында АҚШ мектептерінде оқушылардың қабілеттілігі мен дарындылығы әр түрлі болады деген ережені басшылыққа алатын оқыту жүйесі жасалды. Бұл жүйе оқушылардың танымдық дербестігіне, өз қарқынымен өз бетінше (мұғалімнін басшылығымен -П.С.) жұмыс істеуіне негізделді. Оны қолдануды тұңғыш рет 1905 жылы Дальтон қаласында Елена Паркхерст деген мұғалім мектеп тәжірибесінде жүзеге асырды. Кейінірек ол дальтон-жоспар деген атпен кеңінен таралды. Дальтон-жоспар жүйесі бойынша оқу материалы бірнеше тапсырмаларға бӛлшектеледі де, оқушылар алдына нақты міндеттер қойылады және осыған сәйкес өз бетімен жұмыс істеуге қажетті әдебиет тізімі кӛрсетіледі, яғни мұнда даралап оқыту және оқытуды дербестендіру принципі басшылыққа алынады. 20-сыншы жылдардың аяғына қарай дальтон-жоспар жүйесі бригадалық-лабораториялық әдіс деген атпен Кеңестер Одағы мектептерінде де кеңінен қолданылды. Шамамен осы кездері кеңес мектептерінде жобалар әдісі деген атаумен мәлім болған оқыту жүйесі де енгізілді. Бұл жүйе XX ғасырдың 20-сыншы жылдарында АҚШ-та пайда болған еді. Оның негізін американың кӛрнекті философы және педагогы Дж. Дьюи мен оның шәкірті В.Х.Килпатрик салды. Жобалар әдісі оқытуды оқушылардың танымдық белсенділігіне сай жүргізуді басшылыққа алады. Оқушы алдын ала қандай да бір жобаны белгілеп алады да, оның таным-білімдік іс-әрекеті осы жобаның айналасында жұмыс істеуге бағытталады. Оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы оқыту процесін оқушылардың танымдық белсенділігін күшейту, сондай-ақ оқытуды дербестендіру негізінде ұйымдастыруға мол мүмкіндік туғызатындығымен әлем педагогтарының назарын ӛзіне аударды. Қазіргі күні жобалар әдісінің жетілдірілген түрлері ӛркениетті елдердің мектептерінде күні бүгінге дейін кеңінен қолданылуда. Сонымен, қазіргі педагогика ғылымына оқытуды ұйымдастыру формаларының кӛптеген жүйелері мәлім. Олардың қай-қайсысы да болмасын ұжымдық және даралап оқытудың түрліше ара қатынаста үйлесуі, мұғалімнің және оқушылардың қызметінің түрліше қабысуы, әр түрлі оқыту әдістері мен құралдарының пайдаланылуы сиякты ӛзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Қазіргі кезде оқыту жүйелерін жетілдіре тусу бағытындағы жұмыста жекеленген ұстаздардың іс-тәжірибесінде туып, педагогика ғылымында теориялық тұрғыда негізделген және мектеп тәжірибесіне енгізуге болатын бірнеше жаңа педагогикалық технологиялар айқындалып отыр.
Оқыту – ӛте ұзақ педагогикалық үдеріс. Ол жекеленген сабақтардан тұрады. «Сабақ» сӛзі ӛзінің педагогикалық тұрғыдағы мағынасындағы белгілі бір уақыт мерзімде орындалуға тиісті еңбек тапсырмасы деген мағынаны береді. Осы тұрғыдан алғанда, мектептегі сабақты да белгілі бір уақыт мерзіміне (45 минутқа) лайықталып, сыныпқа ұсынылатын еңбек тапсырмасы ретінде қарастыруға болады. Жалпы алғанда, сабақ сӛзі ӛзіне тән мағыналық және қолданылу ерекшелігі бар сӛз. Сабақ сӛзі қазақ тілінде әр түрлі мағынада қолданылады. Мысалы, педагогикада сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде кӛрінсе, биологияда ӛсімдікке қатысты оның сабағы туралы сӛз қозғауға болады. Біздің пікірімізше, сабақ сӛзінің осы әр түрлі мағыналарының ӛзі бір-біріне ӛте жақын, бір-бірімен тікелей байланысты сияқты. Мәселен, ӛсімдікке қатысты қолданылатын сабақ сӛзінің мағынасына кӛңіл аударып кӛрейік. Ӛсімдік үшін оның сабағы - ӛмір сүруінің ӛзегі, басқаша айтқанда, ӛсімдік сабағы (діңі -П.С.) арқылы жерден нәр алады. Оқушы үшін де сабақтың осындай мәні бар, ӛйткені оқушы сабақ арқылы білімнен нәр алады. Демек, осы түрғыдан алғанда, сабақ сӛзінің орыс тіліндегі «урок» сӛзіне қарағанда мағынасы әлдеқайда кең екенін аңғаруға болады. Сабақ оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде XVIІ ғасырдан бастап қолданылып келеді. Қазіргі күні ол бүкіл дүние жүзі елдеріне кеңінен таралып, мектептерде қазіргі заманның талаптарына сай даму үстінде. Сабақта оқыту процесінің барлық компоненттері: мақсаты, мазмұны, әдістері мен құралдары, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру – кӛрініс табады. Әрбір сабақ ӛте ұзақ оқыту процесінің бір бӛлшегі ретінде, ӛзіне қатысты алғанда, оның тұтас, аяқталған буыны болып табылады. Сондай –ақ ол осы біртұтастығын сақтай отырып, ӛз кезегінде, мұғалім мен оқушылардың қызметіне байланысты бірнеше бӛлімдерден тұрады. Оларды сабақтың кезеңдері деп атайды. Бұлар ӛзара әр түрлі жолдармен үйлесе отырып, сабақтың әр түрлі құрылымын анықтай алады. Демек, сабақ кезеңдерінің әралуан комбинацияда үйлесуіне байланысты сабақтың құрылымы да ӛзгеріп отырады. Осыдан сабақтардың бір типті болмайтындығы аңғарылады. Сабақтарды типтерге бӛлу ӛте күрделі мәселе болып табылады. Бұл мәселеге кӛптеген педагогикалық зерттеулер арналған. Солай бола тұрғанымен де қазірге дейін бірыңғай қабылданған сабақ типологиясы әлі жасалған жоқ. Әр түрлі авторлар сабақтарды типтерге бӛлудің негізіне оның әр түрлі белгілерін (оқыту әдістерін оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдерін, сабақты ӛткізу тәсілдерін, сабақтың дидактикалық мақсатын -П.С.) алуды ұсынады. Осыған байланысты сабақтар түрлі типтерге ажыратылады. Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінде Б.П.Есиповтын ұсынған классификациясы жиі қолданылуда. Мұнда сабақтар қойылған дидактикалық мақсатына қарай мынадай типтерге ажыратылады: аралас сабақ, жаңа білімдерді игеру сабағы, білімдерді бекіту сабағы, бақылау сабағы, т.б. Осы аталған сабақ типтері арасынан бастауыш сыныптар мұғалімдерінің жиі қолданатыны – аралас сабақ. Оның құрылымы мынадай бес кезеңнен тұрады:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен материалмен жұмыс.
3. Жаңа материалмем жұмыс.
4. Үй тапсырмасы.
5. Сабақты қорытындылау.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бастауыш сыныптарда аралас сабақтар жиі қолданылады. Бірақ бастауыш сыныптардағы сабақтардың барлығы да аралас сабақ болуы тиіс деуге болмайды, онда сонымен бірге аралас сабақтың басқа типтері де ӛткізілуі мүмкін. Олардың қатарында: жаңа білімді игеру, білімдерді бекіту және бақылау сабақтарын атауға болады. Тӛменде олардың құрылымын келтіріп отырмыз.
Жаңа білімді игеру сабағы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Жаңа материалмен жұмыс;
3. Жаңа материалды бекітумен байланысты жұмыс;
4. Үй тапсырмасы;
5. Сабақты қорытындылау.
Бақылау сабағы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Мұғалімнің тапсырма ұсынуы;
3. Тапсырмаларды орындау жөнінде нұсқаулар беру;
4. Оқушыларды тапсырманы орындауы;
5. Орындалған тапсырманы өткізу (немесе тексеру);
6. Үйге тапсырма беру;
7. Сабақты қорытындылау.
18 Бұдан кейбір сабақтарға сабақ элементтерінің бәрі, ал екіншілеріне олардың кейбірі ғана еніп, кейбірі түсіп қалатындығын аңғаруға болады. Сондықтан да әр түрлі типтегі сабақтардың құрылымы да әр түрлі болады. Соңғы кездері мерзімді педагогикалық басылымдардан тәжірибелі мұғалімдердің сабақтың жаңа түрлерін қолданып жүргені байқалады. Атап айтар болсақ, олар мыналар: сайыс – сабақ, ойын сабағы, жарыс сабағы,
жарнама сабағы, концерт сабағы, аукцион-сабақ т.б. Сондай-ақ жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдер мектеп тәжірибесіне интеграцияланған сабақ, панорамалық сабақ, диспут-сабақ, проблемалық сабақ сияқты сабақ түрлерін, жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастыруға бағытталған жаңа
оқыту технологияларын енгізу бағытында қыруар жұмыстар атқаруда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет