СөЖ-1 Тақырыбы: Балалардың физиологиялық дамуының сипаттамасы Балалардың физиологиялық дамуының сипаты; Балалардың физиологиялық дамуын қарастырған ғалымдар Пән атауы: Арнайы мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі Орындаған: Нұрахметова Айнұр
СӨЖ-1 Тақырыбы: Балалардың физиологиялық дамуының сипаттамасы
Балалардың физиологиялық дамуының сипаты;
Балалардың физиологиялық дамуын қарастырған ғалымдар
Пән атауы: Арнайы мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Орындаған: Нұрахметова Айнұр
Мамандық: Арнайы педагогика
Топ: 220-шы топ
Тексерген: Ержанқызы Балнұр
Алматы 2023
Жоспар: Кіріспе
Негізгі бөлім
Балалардың физиологиядық дамуының сипаты
Балалардың физиологиялық дамуын қарастырған ғалымдар
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Физиологиялық даму, баланың оқу үлгеріміне бірден-бір әсер етуші болып табылады. Баланың физиологялық жағынан мектепке дайындығын, ағзаның негізгі функционалдық даму деңгейі мен оның жалпы денсаулығымен анықталады.
Оқушылардың физиологиялық дамуы – жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі.
Оқушылардың физиологиялық дамуының басқа ғылымдармен байланысы. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні анатомия және физиология, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика және т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарында жинақталған мәліметтерге сүйенеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Балалардың физиологиялық дамуының сипаты
Оқушылардың физиологиялық дамуының зерттеу әдістері.
Басқа ғылымдар іспетті оқушылардың даму физиологиясы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи тәжірбие, лабораториялық тәжірбие (эксперимент), функциялық жүктеме, антропометрия, телеметрия және т.б.
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары, олардың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері.
Балалар мен жасөспірімдердің организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының бірнеше заңдылықтары бар:
өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі бомайды;
мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
өсу мен даму баланың жасына байланысты;
функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
өсу мен дамудың акселерациясы.
Адамның жасының кезеңдері
Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 ж. адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
1.Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);
2.Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);
3.Алғашқы балалық шақ (1-3 жас);
4.Бірінші балалық шақ (4-7 жас);
5.Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас);
6.Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15 ұлдар 13-16 жас);
7.Кәмелеттік немесе жігіттік / бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас);
8.Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);
9.Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);
10.Егде жас (әйелдер 5-74, ерлер 60-74 жас);
11.Қариялар немесе кәрілік (әйелдер ме ерлерде бірдей 74-90 жас);
12.Ұзақ өмір сүрушілер(90 жастан әрі қарай).
Мектеп жасына дейінгі балалардың жылдам дамитындығы байқалады. Баланың бойы өседі, салмағы, денесі өзгереді. Баланың жоғарғы жүйке жүйесінде улкен өзгерістер болады. 5 жастағы баланың миы, ересек адамның миына ұқсайды.
Физиологиялық даму, баланың оқу үлгеріміне бірден-бір әсер етуші болып табылады. Баланың физиологиялық жағынан мектепке дайындығын, ағзаның негізгі функционалдық даму деңгейі мен оның жалпы денсаулығымен анықталады. Мектепке барайын деп жатқан балалардың медициналық карталарында баланың толық дамуы мен соматикалық дамуы туралы мәліметтер ішінде баланың жүйке жүйесінің жағдайы туралы жазылмаған.Бирақ, Питерлік ғалымдардың мәлімдеуінше 5-6 жастағы балардың 40-60% -ында минимальді жүйкелік ауытқулар байқалған. Мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық жағынан дайындығын көрсететін негізгі көрсеткіштер:
Дене дамуының деңгейі;