СӨЖ №10
Тақырыбы: Қағаз, картон материалдарын өңдеу, еңбек сабағында пайдалану талаптары
Қағаз – ол өзара жабыса үнтақталынып өрілген тармақты жіңішке келген материал. Қағаздың пайда болуына дейін жазба жұмыстары әр түрлі қатты материалдардың беттерінде орындалған. Ресейде ағаштың қабығында орындалса, Азия елінде былғары беттерде жазылған. Египет елінде папирус материалында жазған. Алғаш қағазды бамбук сабағы мен тұт ағашының қабығынан жасаған. Шикізат өшірілген әкте өңдеп, оны кейін соғып су қосқан. Қағаз массасын торлы жазық бетпен сүзіп суы төмен ағып кетсе, тор бетте қағаздың беті қалған. Соны пресстеп кептірген.
Қағазды алудың технологиялық процесі: ғаш материалын дайындау, тасмалдау арқылы өндіріске әкелу, ұнтақтау, қағаз алу.
Қазіргі кезде қағаз алудың шикізаты болып ағаш және целлюлоза болып табылады.
Целлюлоза - өсімдік клеткасының негізі. Целлюлозаны ағаш және шайырдан алады. Арнайы қайнату қазанға ұнтақталған ағаш салынып реактивтермен, бүландырады. Қайнатылған целлюлозаны жуып, ұсақтап және ағартады. Дайын целлюлоза фотопленкалардың, жасанды жібектердің материалы болады. Бұл целлюлоза өндіріс орнында жоғары сапалы қағаздар алуға қолданады.
Қағаз фабрикасына түскен шикізаттар ұсақталынып, басқа қоспалардан арылады. Соның салдарынан материал аршылып үнтақталғаннан кейін, оның құрамына каолин, бор, тальк, гипс, титан бояуы және т.б. материалдар қосып ағартады. Оның себебі, қағаздың тығыздығын, бетін жақсартуға арналады. Сонымен бірге, желімдеу және бояу заттарында қосады. Желімнің өқұрамын қосуы – сияны басқа бетіне өткізбеу үшін. Желім ретінде конифоль, кейде крахмал, парафин қолданады. Түс беру үшін әр түрлі бояулар қолданады. Ұнтақталын қоспалардан пайда болған қағаз масасы массный роллдарда жасайды. Одан шыққан материал арнайы бассейнге жіберіледі. Кейін қағаз жасау машинасына түседі. Қағаз массасы торлы жазық ленталардан өтіп, судан арылады. Ылғалды масса прессті бөліктен өтіп, кептіріледі, қағаз цилиндрлі барабандардан өте пресстелініп, кептіріліп, жылтыр бет алады. Дайын болған қағаз руллондалынып бумаланады. Кейін орындалу қызметіне қарай кесіледі.
Қағаз физикалық, механикалық, технологиялық және химиялық қасиеттерімен ажыратылады. Физикалық қасиетіне: салмағы, түсі, бедерлігі, жылуөткізгіштігі, ылғалданбауы, жатса, механикалық – беріктік, жыртылу,; технологиялық - әр түрлі өңдеуге мүмкіндігі.
Қағаздың түрлері: сурет-сызба қағазы, жазба қағазы, боялған қағаз(жылтыр, мраморлы, стол қағазы, былғары бетті), орау қағазы, обой қағазы, түсту, гофрлі қағаз.
Картондар: күңгірт картон – аумақты бұйымдар жасауға, ақ картон бетіне бейне кескіндеуге қолданады. Сары картон, макалатура картоны, прессшпан картоны – целлюлозадан жасалады.
Қағазды өңдеу технологиялық процесі: өлшеу, белгілеу, ию, жазу,кесу, біріктіру, өру.
Қағаз бен картонды өңдеген кезде жеке жәшігінен келесі аспаптарды алып, оларды вер-тикальдық жағдайда орналастырады: сызғыш, циркуль, фальц сызғыш, желім, пышақ, қайшы, біз. Вертикаль көтеріліп түрған үстағышқа чертёж бен технологиялық картаны бекітеді. Үстелдің бетін үстіне қоятын тақтаймен жабады. Алдыңғы оң жағында ыдысқа желімді құяды, ал сол жағында кескіндер салынатын қорап қойылады
Қағазды ойып кесуге жаттықтыру оқушылардың жалпы еңбек дағдылары мен іскерліктерінің дамуына ықпал ете отырып, оқушылардың басқа материадды өңдеуіне де басқа еңбек жағдайларында да дүрыс шешім жасауына қолайлы. Егерде қайшы үштарының жалпақтығы әр түрлі болса (мысалы қағазды, матаны қиюға арналған), қиған-да жіңішке үшын астына қарай орналастырып қию керек.
Өлшемі үлкен парақты қайшымен қиғанда үстелден жоғары үстап қиюға болмайды. Кішкене парақты сол қолмен үстап, парақтың оң жағын сәл көтеріп сызықтың үстімен қию керек.
Қағаз бен картонды негізінен алдын-ала белгіленген сызықтың бойымен кеседі. Мүндай жүмыс оқушыларды өзін-өзі қадағалауға үйретеді, өз жүмыстарының сапасын өсіреді.
Тегіс сызық бойымен қагазды қиғанда, қайшының жүздерін көп ашпайды, үштарын қоспай, сызыққа қарап түрып қияды. Қисық сызықтың үстімен қиғанда, қайшының жүздерін ашыңқырап, аз-аздан қияды. Оқушы әрдайым қиып түрған жерге қарайды. Негізінен, қайшымен қиюды, оқушы өзінен ілгері қарай орындайды.
Сыртқы контурлар бойымен қиғанда қайшыны оңнан солға қарай жүргізіп, ішкі контурмен-солдан оңға қарай жүргізіп қияды. Бірнеше бүктелген қағаздан сапалы, бірдей бөлшектерді қию үшін қайшыны сәл оңга қарай еңкейтіп қияды. Қағазды кескенде пышақтың сабын 35-45° еңкейтіп, төрт бармақпен үстайды, он саусақты жүзінің түйық жағына орналастырып пышақты басыңқырап кесу керек.
Қағазды қыр бойынан пышақпен кесу:
Қағаз парағын бүктеп, қырын ысқышпен шығарады. Бүктеген парақтың түйық жағын оң жаққа қаратып оқушы пышақтың жүзін жатқызып өзінен ілгері қарай парақты кеседі.
Қағазды қыр бойымен кесуді екі жүзді пышақпен орындайды.
Қагаз бен картонды пышақпен кесу:
Егер де қағаз бен картонды нақты, үқыпты, тегіс сызықтың үстімен кесу қажет болса, (мысалы, парақталған дәптерді, кітапты, блакнотты немесе безендіруге керекті жолақтарды), оларды тақтайшаға орналастырып сызғыштың бойымен өткір пышақпен кеседі.
Сызғыш металдан жасалған салмақты болуы тиіс. Бірақ, ең ыңғайлы сызғыштың түрі- фальцлинейка .
Тақтайшаны аққайыңнан дайындаған дүрыс. Тақтайшаны сақтау үшін, ескі, қажеті жоқ картонды немесе қағазды тақтайшаның үстіне төсегені жөн. Сызғышты сызыктан таймау және кесілетін қағазды бастыру үшін, сол қолмен қатты басып тұру керек.
Картонды пышақпен кескенде пышакты тігінен үстап кеседі.
Түрлі тәсілдермен біріктіру:
- желіммен біріктіру;
- саңылау арқылы біріктіру;
- өру арқылы біріктіру;
- тігістер арқылы біріктіру;
- жылжымалы біріктіру(мысалы, машинаның дөңгелектерін біліктерге (оське) кигізіп біріктіру немесе жылжымалы ойыншықтардың бөлшектерін бірікті.
Достарыңызбен бөлісу: |