СөЖ №11. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз



Дата27.11.2023
өлшемі13,83 Kb.
#129599
Байланысты:
СӨЖ 11 социология акмерей


СӨЖ №11. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз. Жантурина Ақмерей
Заманауи өмірде бұқаралық ақпарат құралдары қандай орын алады? Енді келесідей жағдайды көзіңізге елестетіп көріңіз: сіз газеттер, журналдар, теледидарлар, радиотаратқыш құралдар мен компьютерлер толық жоғалып кеткен жағдайға тап болдыңыз делік… Байланыс және коммуникация құралдарының барлығынан айырылған адамның әдеттегі күні қалай өтетіндігін ойға алып көрелік. Сіз соңғы жаңалықтарды, футболдық жарыстардың нәтижелерін біле алмайсыз, қызық концерттік бағдарламаларды көре алмайсыз. Нәтижесінде адамның күнделікті өмір сүру тәртібі өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде, адамның әлемді тануы мен қабылдауы көз алдында өтіп жатқан оқиғалармен шектелетін болады. Ал сізден тысқары жатқан, яғни естіп-көре алмайтын әлем сіз үшін terra incognita (белгісіз жер) ретінде қала береді.
Бүгінгі күндегі бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік трансформациялаудағы рөлі өте жоғары. Міне, осы БАҚ бұқараның санасында қазіргі заман адамының өмірі мен қызметінің салтын қалыптастырады. Азаматтардың мінез-құлқы мен дүниетанымын реттейді, саяси ұстанымдарына ықпал етеді. Барлық ақпараттарды беруде адам санасына әсер етудің жасырын қызметін пайдаланады. Бұқара халық манипулятивтік технологиялар ықпалымен өз мүдделеріне қарсы шығу қаупі де туындауы әбден мүмкін. Бүгінгі күні телекөрермен саяси басқарудың элементі ретінде телевизиялық коммуникацияның бастауы саналады. Бұл демократиялық институттың негізі болып табылатын тікелей халықтық басқарудың технологиялық шыңы. Әлеуметтік жауапкершілікке ие теледидардың әлеуметтік-саяси дамуының аспектілері шын мәнісіндегі саяси мәдениеттің дамуына өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі мәдени-саяси жүйедегі қажетті ақпаратты алу мен өңдеудің маңызды арналық белгісі бар байланыс қажеттілігі жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы тиімді және сапалы мүмкіндігін ұйымдастырудағы мәні зор. Сондықтан әлеуметтік процестерді басқарудың метатехнологияларын қалыптастыру туралы да айта кеткен жөн. Өйткені бүгінгі күннің бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық коммуникацияның құралына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі қазіргі кезеңдегі өзіндік құрамдас бөлігін құрайтын және гуманитарлық қызметпен тығыз байланысты бірнеше өзіндік ерекшелігі бар қызмет түрлерін қамтиды. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі қызметтерінің қатарына ақпараттандыру жатады. Саяси ақпаратқа қоғамдық маңызы зор мемлекеттік органдар тарапынан назарды қажет ететін және оларға ықпал жасайтын мәліметтер енеді. Алынған ақпарат негізінде азаматтардың үкімет, парламент, партиялар мен басқа саяси институттар қызметі, қоғамның экономикалық және мәдени өмірі туралы ойлары қалыптасады.

Бұқаралық ақпарат құралдары адам өміріне терең еніп, онымен тығыз байланысқа түсті. Ол әр адамның өміріне дерліктей әсерін тигізеді. БАҚ бізге шексіз ақпарат беріп, білімімізді ұлғайтудан басқа дүниетанымымызды кеңейтеді. Біз ол арқылы жаңалықтарды жылдам біле аламыз. Алайда БАҚ ішінде керексіз, жалған, тұтынушыны түзу жолдан бұзатын ақпарат жеткілікті. Бұл кішкентайлар мен жастарға үлкен қаупін тигізеді. Бірақ неліктен ?


Кішкен тайлар мен жастар әлі толық жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын әр адам біледі. Бұл БАҚ-пен де тығыз байланысты. Тұтынушы керекті мен керексіз ақпаратты сұрыптай алғын жағдайда ғана БАҚ адамға пайдасын тигізе алады. Жастар керексіз ақпаратты қабылдап, жалғын білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар. Бұл жастарға кей жағдайларда зардабын тигізіп жатады. Ойындар, теледидар жастарға өте зиянды әрі қауіпті деген стереотиптің ең негізгі себебі осы болып табылады. Жастарға көру қызығырақ болғанан кейін, көпшілігі теледидарға жүгінеді.
Егер сіз балаңызды осы қауптен аулақ ұстағыңыз келсе, теледидарды бірге тамашалап , газет-журналдарды бірге оқып отыруға тиіссіз. Бала ақпаратты өзгеше түсінумен байланысты, әр БАҚ тұтыну сайын баламен ақпаратты талқылап, баланы түзі жолға тұрғызу керексіз. Бұл болашақтағы жастың ақпаратты толықтай қолдануға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет