СөЖ №3 Тақырып. Көне түркі жазба ескерткіштері және олардың туған өлке тарихын зерттеулері



бет3/3
Дата02.12.2022
өлшемі56,68 Kb.
#54350
түріПрактикум
1   2   3
араб тілінде жазыла бастады. Сауда халықтардың өзара байланысын кеңейтіп, ғылым және өнер жетістіктерімен алмасуға әсерін тигізді. Мұсылман саудагерлері жергілікті халықпен сауда-саттық жүргізу арқылы дін таратуға да өз үлестерін қосты.
Ислам алғашқыда отырықшы түркілер арасына еніп, қалалар мен ірі елді мекендерге тарады. Белгілі ғалым В. Бартольд түркілер ислам дінін VIII ғасырдың алғашқы жартысында қабылдай бастады дейді. Саманилер дәуірінде, Қарахан мемлекетінің тұсында түркілер жаппай ислам дініне өткен. Х ғасырдың басында Тараз қаласында Сатұқ Боғра хан исламды қабылдады, ал оның ұлы Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Ислам ежелгі түркі мемлекеттерінің халқын әлемдік өркениеттің рухани құндылықтарымен таныстыруда зор рөл атқарды. Араб тілі арқылы олар басқа халықтардың әдебиеті, философиясы және тарихымен танысты. Мұсылман ғұламалары еңбектерін араб тілінде жазды.
Араб мәдениеті әлем өркениетінің орталығына айналды, ежелгі дүниенің жетістіктері араб тіліне аударылды. Араб тілінің үстемдігі исламның таралуына септігін тигізді.
Исламның таралуы, түркі халықтарында ортақ тілдің болуы біртұтас мәдениет кеңістігінің қалыптасуына ықпал етті. Қалалар ислам діні, білім мен ғылым, мәдениеттің орталығына айналды. Қазақстан қалаларына жазба және ауыз әдебиеті, ғылыми білім кеңінен тарала бастады.
Орта ғасырларда көшпелілердің астрономия, география және басқа да жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері ғылыми трактаттар түрінде жазылды. Түркі тайпалары алуан түрлі диалектілерде сөйледі. Тіл білімі саласы жақсы дамыды. Араб тілінің таралуы жазба әдебиеттің қалыптасуына игі әсер етті. Араб өркениеті өз заманында әйгілі энциклопедист-ғұлама ғалымдарды қалыптастырды. Түркілерден шыққан аса көрнекті ғұламалар, данышпан ойшылдар бүкіләлемдік ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне зор үлес қосты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет