СөЖ №4: Биологиялық потенциалдар немесе биоток


салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады



бет6/8
Дата13.05.2022
өлшемі0,96 Mb.
#34218
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ 4 Биофизика Бекет Арайлым

салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады

Постсинапстық тежелу – постсинапстық мембранада өршіген гиперүйектену нәтижесінде тежелу постсинапстық потенциалдың әсерінен пайда болады. Мұны 1951 жылы австралиялық нейрофизиолог Дж. Экклс аяқтың бүккіш және жазғыш еттерінің қызметін реттейтін жұлынның қозғағыш нейрондарының биопотенциалдарын зерттеу нәтижесінде ашқан. Аяқтың бүккіш еттері қызметін реттейтін орталығы қозса, оның жазғыш еттері қызметін реттейтін орталықтартың тежелетіні белгілі.

Тежелудің бұл түрі орталығы жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріндегі кереғар орталықтартарды өзара байланыстаратын аралық нейрондарда кездесіп, жүйке орталықтартарының арасында қозу және тежелу процестерінің таралуын бағыттап, келістіріп отыратындықтан, оны үдемелі постсинапстық тежелу деп те атайды; постсинапстық тежелудің арнаулы тежелу нейронның (Реншоу клеткаларының) қатысуымен туындайтын түрі – қайтарымды (анитромды) тежелу болады. Қозғағыш нейрон неғұрлым күшті қозса, не оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне күшті импульстер неғұрлым көп бағытталса, соғұрлым Реншоу клеткалары күшті қозып, ол қозғағыш нейрондар белсенділігін төмендетеді. Бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып табылады. Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының әсерінен тоқтайды. Тежелудің бұл түрін басып тастаса орталығы жүйке жүйесіндегі қозу процесінің заңдылығы бұзылып, соның нәтижесінде дене құрысып, ет тартылады

Пресинапстық тежелу қоздырушы медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудің бұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуын шектеуінде, яғни афференттік сигналдарды екшеп отыратын механизм болып табылады. Соның нәтижесінде жүйке орталықтартарына күшті афферентік импульстер ғана өткізіледі де, олар мәні аз, әлсіз импульстерден қорғалып, олар өңдеуден босатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет