тәрбиесапасынарттыра алады.
- Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық. Сынып жетекшілерініңпедагогикалық теорияның терең меңгеруі. Сынып жетекшілері жан-жақты тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін айқын ажыратып, тәрбие қызметінің міндеттерін, мазмұнын, түрлерін және әдістерін анықтаумен жүзеге асыруда педагогикалық принциптілікті басшылыққа алулары қажет. - Сынып жетекшісінің оқушыларына жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның моральдық беделіне байланысты. Тәрбиешінің өз тәрбиелі болуы керек. Шәкірттерді бойына дарытқысы келген моральдық қасиеттерге өзі де ие болуы қажет.
- Педагогикалық шеберлік. - Педагогикалық әдептілік (оқушының жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол бермеу, оқушыға сергек және көңіл қойып қарау). - Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет. - Ұйымдастырушылық қабілет. - Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру (өз бетімен білімін көтеру). - Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар мектеп мұғаліміне қойылатын жалпы педагогикалық талаптардан туындайды.
Оқыту процесінде білім-білік, икем-дағдының өзара тығыз байланысы пайда болады да, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп адамның айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде адамның дүниетанымы қалыптасады. Осыдан келіп тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары туындайды: