СӨЖ №6 Тақырыбы: Көркем еңбек сабақтарын ұйымдастырудың маңызы, сабақтың түрлері
Тапсырма Көркем еңбек сабағының жылдық жоспары, маңызы
Пән жетекшісіне қойылатын талаптар, балалардың қауіпсіздігін сақтаудың маңызы
Баяндама дайындау
1-2, 5 -25 әдебиеттерді пайдалану
Көркем еңбек сабағының жылдық жоспары, маңызы.
«Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы:
шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.
«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:
1) әртүрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды және қабілеттерді дамыту;
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
3) оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімді қолдану;
4) бақылау, жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;
6) өзін-өзі бағалауды жоғарлату және жағымды көзқарасты қалыптастыру;
7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар, көркем еңбектің рөлін түсіну;
8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын,әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.
Оқу процесінде оқушылар:
1) ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын,олар арқылы берілген идеялар мен құндылықтарды зерделейді және талдайды;
2) шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды өз бетімен және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді;
3) өз идеясын түсіндіреді және тұжырымдайды, сонымен қатар, бұйымды жақсарту үшін конструктивті шешім қабылдауды ұсынады;
4) жазық және көлемді шығармашылық жұмыстарды жасау үшін, әртүрлі іс-әрекет түрлерінен жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
5) әртүрлі ресурстарды пайдаланып, оның ішінде АКТ-ны қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерге байланысты шешімдерді өздігінен қабылдау;
6) қажетті құралдар және материалдарды айқындап және тауып, өзінің әрекетін ұйымдастырады;
7) өзінің және басқалардың жұмыс нәтижелерін салыстырады және бағалайды;
8) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолданудағы техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді.