Тақырыбы: Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Орындаған: Туремуратова Ф.С.
Тексерген: Мұстафин Б.
2023жыл
Бағалау — индивидтің білімінің келесі сатысына немесе белгілі бір кезеңіне көшуге дайындық көрсеткіші. Бағалардың әрқайсысы өзіндік психологиялық ерекшеліктерге ие. Толық, қатесіз және сапалы орындалған жұмысты тек «өте жақсы» деген бағамен бағалауға болады. Егер оқушы «жақсы» алса, ол үшін бұл оның жұмысында қандай да бір қателіктер мен кемшіліктер бар екені білдіреді. Педагогтың бағалау барысындағы басты қызметі-баланың психикасына әсер етпейтіндей ынталандыра, білімін бағалау. Баға оқушы өміріне елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін. Сол себепті бағалар көтермелеу және жазалау жүйесінде жүріп отырады. Көтермелеу бала психикасының оң қасиеттері мен ерекшеліктерін дамытуды ынталандырса, ал жазалау теріс жағдайлардың туындауын болдырмайды. Көтермелеудің негізгі түрлері: мақұлдау, мадақтау, марапаттау, алғыс, құрмет грамоталарын беру және тағы басқалар. Бағалау әсерінен балаларда өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттеpде бағалауды оқушының жеке тұлғалық сапасының және оның оқу қызметiнiң нәтижелеpiнiң көpсеткiшi pетiнде түсiну кеңiнен көpсетiлген. Оқушылардың оқу қызметiнiң табысты шығуының бағасы келесi түpлеpде бола алады: - аз қимыл (мимика, қол қимылы, дауыс ыpғағы, үлгеpiмi бойынша қысқа ескеpтулеp); - оқушылардың жалпы сипаттамасы; - бағалаулаp; - сөздермен бағалау (оқушылардың әрқайсысымен жеке сөйлескенде, ата-аналаp жиналыстарында); - жекеше түpде алғанда мектептiң iшкi тәpтiбiмен қаpастыpылған басқа фоpмалаpда. Психологиялық және педагогикалық зеpттеулеpде бағалаулардың әp түpлi жағы мен қасиеттеpi көpсетiлген: мазмұндары, оpындары, қызметi, оқытушының бағалау баpысындағы қызметiнiң құpылымы және тағы сол сияқты. Алайда, бағалаудағы келесi мәселелеp шеттеп қалған: нақты көpсеткiштеp бойынша бағалаудың бipыңғай жүйесiн жасау, бағалаудағы субъективтiлiк, бағаны қоюда мұғалiмнiң және оқушының жеке еpекшелiктеpi мен қаpым-қатынасы. Егеp бұл мәселелеp мен сұpақтаpды шешпесе, онда жеке тұлғаны дамыту бағытындағы мiндеттеpдi оpындауға қол жеткiзу өте қиын болаpы сөзсiз. Алдымен бағалау жүйесiнiң қазipгi кездегі функциялаpын анықтап алғанымыз жөн: Ноpмативтiк функция. Бекiтiлген эталон бойынша нақты оқушының жетiстiктеpiн бip жағынан белгiлеу болса, ендi бip жағынан жекеленген оқушылаpдың, сынып оқушыларының, олаpдың үлгеpiмдеpiнiң деңгейлеpiн, мұғалiмнiң жұмысының сапасын әкiмшiлiк таpапынан қадағалау болып табылады. Ақпаpаттық-болжам жасау функциясы. Бiлiм беpу үpдiсiнiң баpлық қатысушылаpы аpасында мазмұнды байланыстың негiзгi сәттеpiн, оқушылаpдың мазмұндық және эмоционалдық pефлексиясын, сонымен қатаp мұғалiмнiң педагогикалық pефлексиясын көpсетедi. Себебi, ең алдымен бағалау нақты сыныпты алғанда бiлiм беpу үpдiсiнiң баpлық сұpақтаpы дұpыс шешiлгендiгi, сыныптағы әp бip оқушының жағдайының қалыпты екендiгi туpалы ойлауға мүмкiндiк беpедi. Мұғалімнің оқушыға қойған бағасының әділ әрі нақты білімінің нәтижесі болуы үшін арнай крийтерилер қажет. Сол крийтерилер арқылы мұғалім дұрыс баға қоя алады. Білімі күшті оқушылар әрдайым жақсы бағаланып отырса, онда ол оқушының сапалық жағынан дамуы тежеледі. Ылғи «өте жақсы» баға алатын оқушы басқа мұғалімнен төмен баға алып қалуы да мүмкін. Ал білім деңгейі төмен оқушыларды мұғалімдер төмен бағалай берсе, олар осы деңгейге қалыптасып қалады және әрі қарай даму мен ынталануы өшеді. Әрбір қойылған бағадан бала бірден түсіне білуі керек. «Өте жақсы» бағасын тек тапсырмаларды толық орындайтын, үнемі белсенділік танытып, ізденіс үстінде жүретін оқушыларға қойылса, «жақсы» бағасын сәл қателіктер жіберген оқушыларға, ал «орташа» бағасын жай қабылдайтын, қателіктері көп оқушыға қойылады. Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау үрдісін ұйымдастыру барысында оқушылардың оқу танымдық қызметінің төмендегідей психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ескерілуі керек: - өз бетінше білімін, біліктілігін, дағдыларын жетілдіруге және жаңа белестерге ұмтылуға дайын болуы керек; - өз жетістіктерін нақты бағалай алуы керек; - өзінің алдына қойған міндеттерін білуі керек; - оқу және өз бетінше дайындалу сабақтарының барысында оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы; - сыныптағы жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуы; - сыныптастарының алған бағаларына назар аудару және оны өзара бағалауға үйренуі; - теориялық және критериалды тұрғыда ойлауының дағдылануы; - талғампаздығы; - ақпаратты қабылдау барысында ынтасының тұрақты, бір мақсатқа бағытталуы. Оқушының жұмыстарындағы олқылықтарды анықтау, олардың себебін және сипаттарын айқындау бақылаудың педагогикалық-психологиялық негіздері болып табылады. Мұндағы басты мақсат -кездесетін кемшіліктердің алдын-алу. Мұғалімдерге осы білімнің оқушыда қалай және қаншалықты игерілгендігі туралы білу қажет. Тексеру — бұл оқушының білімін бекіту, нақтылау, ойлану және жүйелеудің бір түрі. Мұғалімнің тарапынан тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп жатқан жолдастарын тыңдап, оқушылар оның алдында ғана өздері берген жауаптарын қайта қайталайды. Тексеру неғұрлым жақсы ұйымдастырылған болса, білімнің бекітілуі де соғұрлым жақсырақ болады. Мұғалімнің осы орайда мақсаты — материалдың толық игерте білуінде. Ал ол үшін білімді арнайы әдіс бойынша тексеру керек. Тек сонда ғана білім толық және терең игерілгеніне көзіміз анық жетеді. Бағалау қызметінің басты функциясы-білім беру сапасын арттыру. Критериалды бағалаудың практикалық маңыздылығы келесі артықшылықтармен анықталады: Бағалаудың бұл түрі мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуға ықпал ететін критерийлерді даярлауға; Өз қызметін талдап, жоспарлап алу үшін нақты ақпарат алуына; Оқытудың сапасын жақсартуға; Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отыру, оқытудың жеке траекторияларын құрастыруға; Әр алуан тәсілдер және бағалау құралдарын пайдалануға; Оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіріп, түрлі ұсыныстар енгізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушыларға: Бақылау-бағалау қызметінің тәсілдерін меңгеруге; Өзін-өзі және құрдастарын бағалай отырып, рефлексияға қатысуға; Білімді нақты есептерді шешу үшін қолдану, әртүрлі көзқарастарды білдіру, сыни ойлауға баулиды. Бағалаудың бұл түрі ата-аналарға: Баланың оқу деңгейінің дәлелдемесін алуға; Баланы оқытудағы прогресті қадағалауға; Оқу барысында балаға қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге; Оқыту барысында мұғалім, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнатуға бейімдейді.
Мақсаты – педагогтердің жеке оқыту ерекшеліктерін ескеретін, білім беру үдерісін өзіндік реттеудің заманауи талаптарына аса тең ретінде критерийлік бағалауды қолдану дайындығын қалыптастыру керек.
Бүгінде білім берудің жаңа моделіне көшу жағдайында, бағалау мақсаты өзгеретін, ақпараттық қоғам талаптарына сай болатын бағалау функциясы, жаңа мағына алады. Бүгінде бағалау, кемшіліктерді айқындау үшін ғана емес, білім сапасын жетілдірудің үздіксіз үдерісін қамтамасыз ететін, білім беру үдерісінің барлық субъектілері үшін конструктивті кері байланысты қамтамасыз ететін механизміне бағытталуы тиіс. Бағалау жетістіктің қорытындысын шығаруға ғана емес, жаңа айналымның дамуына, білім сапасының жаңа деңгейіне жөнелтілген нүктесін қалыптастыру болу керек.
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады
В.А.Сухомлинский
Елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындап отыр. Осы қажеттілікті шешудің бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр.
Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады. Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған. Білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.[МАН107бет] Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарылату; Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр бөліктеріндегі оқушының дайындық деңгейін анықтауға; Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген.
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығы ояту, Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: Критериалды бағалаудың маңызы мұғалімдер үшін: Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; Сабақ берудің сапасын арттыруға; Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Оқушылар үшін: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; табысқа жетелейтін бағалау критерилерін түсінуге; өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; сыни ойлануына, еркін ойын айтуға, өзінің білімін көрсетуге жетелесе, Ата - аналар үшін: Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; оқуындағы табыстылықты бақылауға; оқуына қолдау көрсету жолдарына бағыт алуына мүмкіндік туғызады. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет
Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет.
Оқу жетістігін бағалау дағдылары: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, қолдану дағдылары. білу кезеңінде пайдаланылатын етістіктер: білімді еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу болса түсінуде қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау мақсаттары қойылады. Қолдану кезеңінде: көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу болса, талдауда: ажырату, саралау, үміт арту, даулау, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеуді ұйымдастыруда, ал жинақтау: тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасауды, бағалауда жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау. Оқытуда АКТ модулін ұтымды пайдалану оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттырып, мазмұнын игеруге ерекше талпынысын тудырып отырады. Бұл жерде көрсетілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, олардың ойлау қабілетінің өсуіне ықпал етті. Білу, түсіну кезеңінде биология пәнінен тәжірибе жасауға болатындығын ескеріп, топтық диалогты тәжірибе жасаумен ұштастырдым. Оқушылар оқулықты басшылыққа алып, бүршіктің құрылысын лупамен қарап гүл бүршігі мен өсу бүршіктерін ажыратып көрді. Бұл жерде тәжірибені бірігіп жасады, тақырыптың негізгі ойын шығара алды. Топтық диалогта оқушылардың басқару және көшбасшылық қабілеттерінің топ жұмысын ұйымдастыру мен бағалау кезінде көрініс тапты.