Эмбриональды қан түзілу-қанның тін ретіндегі даму және қалыптасу процесі.
Қан мен қантамырлары ұрықтың алғашқы даму сатысында ұрық организмінен тыс, сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қан аралшықтары негізінде қалыптасып дамиды. Аралшықтардың ортадағында орналасқан мезенхима жасушалары дөңгеленіп қан жасушаларының діңтекті жасушаларына айналады. Ал аралшықтардың шеткі жағындағы мезенхима жасушалары жалпақтанып бір-бірімен байланысып алғашқы қан тамырларының эндотелиц қабатын түзеді. Қан тамырлары қуысындағы біріншілік қан жасушалары қатарларынан, өздереінің цитоплазмасында гемлгдобин жинақтаған жасушалардан – біріншілік эритробласттар жетіліді. Олардың біраз бөлігі мөлшері әртүрлі ядролы және ядросыз ірі біріншілік эритроциттерге (мегалобластар мен мегалациттерге) айналады. Бұл процесті мегалобласттық қан түзілу деп атайды. Мегалобласттық қан түзілу адам мен жануарлардың эритроциттеріне ұқсас екіншілік эритроциттер түзіледі. Сарыуыз қапшығы қан тамырларының сыртқы жағындағы мезенхима жасушаларынан қалыптасқан біріншілік қан жасушаларынан түйіршекті лейкоциттердің (гранулациттердің) діңтекті жасушалары дамиды. Бұл процес с миелопоез деп аталады. Бұдан кейінгі кезеңдерде сарыуыз қапшығы қабырғасында қалыптасқан діңтекті қан жасушалары қанның ағысымен ұрықтың қан жасау мүшелеріне барып қоныстанып орналасады да, ұрық организміндегі қантүзілу процесінің бастамасын жасайды. Ұрық организміндегі алғашқы қан жасушаларының түзілу процесі бауырда жүреді. Іштегі нәрестенің туу мерзіміне қарай бауырдағы қан түзілу процесі тоқтап, қанның түзілу процесі сүйуктің қызыл кемігі майына ауысады. Қанның діңтекті жасушаларынан тимуста Т-лимфоциттер жетіліп, одам соң көкбаыр мен лимфа түйіндерінде көбейіп маманданады. Эритроциттердің, гранулайиттердің, қан табақшаларының түзіду процестері сүйектің қвзвл кемігі майында, ал В-лимфоциттердің бастама жасушалары алдымен сүйектің қызыл кемігі майында түзіліп, онан соң жетілу, көбею, мамандану процестері көкбауыр мен лимфа түйіндеріде жүреді.
Қан жасалудың ең көп тараған теориясы бойынша миелоидты және лимфоидты тіндердің қан жасаушысы ретінде детерминделген ортақ бастама жасушалары болады. Бұл дің жасушалары өзінің түрі жағынан кішкене лимфоциттерге ұқсайды. Қан жасаушы жүйенің түрлі аймақтарының үздіксіз дің жасушаларын алмастыруы және олардың қоныстануы жүреді.
Қорытынды. Жасушалардың өсуін, физиологиялық қалпына келуін, қартаюын теориялық негізде қарастырып шықтық. Қорытындылай келе, ағзамыздағы барлық жасушалар мен тіндер жаңарады, тек жүйке тіндері қалпына келмейтін жасушалардан тұрады. Гистологиялық пән негізінде жасушалардың құрылысын, құрамын зерттеу, тіндердің құрамындағы жасушалардың қалыптасуын бақылау; гистологиялық білімді қалыптастыру. Эмбрион кезіндегі қан түзілу, қан түзуші тіндерді зерттеу және оларды бақылау арқылы түсінік қалыптастырдым.