СөЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны Өткізу түрі



Дата31.03.2022
өлшемі19,67 Kb.
#29396
түріПрезентация
Байланысты:
тарих 2-3 тапсырма


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ)




СӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Өткізу түрі


1

Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы.

Эссе жазу


2

ХХ ғасыр бас кезеңінен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Қазақстан тарихына қатысты жазушылар шығармаларымен танысу, тарихи дерек ретінде талдау, сыни саралау.

Тарихи дерек ретінде талдау, сыни саралау.

3

Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау (Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т.б.).

Тарихи дерек ретінде талдау, сыни саралау.


4

1924-1933 жылдары 2,5 милион қазақтың өмірін жалмаған «Голощекиндік геноцидтің» ащы шындығы мен қазақ интеллигенциясының қатал тағдыры.

Презентация

5

1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры.

Презентация

6

1986 ж. желтоқсан оқиғасының себебі мен салдары. Ұлттық сана-сезімнің жаңаша бастау алуы.

Эссе жазу


7

Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі.

Презентация









































































2-тапсырма

2 ХХ ғасыр бас кезеңінен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Қазақстан тарихына қатысты жазушылар шығармаларымен танысу, тарихи дерек ретінде талдау, сыни саралау. Тарихи дерек ретінде талдау, сыни саралау.

Жоспар

1.Ұлы Отан соғысының тарихнамасы жане оның дәуірленуі.



2. Қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы майданындағы ерлігі мен тылдағы ерен еңбегін дәріптеген зерттеулер тарихнамасы.

3.Соғыс ардагерлерінің мемуарлық естеліктерінің тарихнамалық маңызы

Ұлы Отан соғысының тарихнамасы жане оның дәуірленуі. Саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өтіп жатқан ХХ ғасыр жойқын соғыстар мен де адамзат санасында мәңгі қалары сөзсіз. Өйткені екінші дүниежүзілік соғыстың өзі-ақ қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп өмірін өксітті. Бұған кешегі Ұлы Отан соғысының қиындықтарын бастан кешкен еліміздің тарихы куә. Соғыс жылдары Қазақстан кешегі кеңестер одвғының құрамдас бөлігі ретінде өзінің экономикалық ресурстарымен де, адам күшімен де ортақ жауды жеңуге үлкен үлес қосқаны мәлім. Бұл туралы бұрынғы шыққан кітаптар мен зерттеулерде, оқулықтарда кеңінен жазылып келеді. Бірақ соғыс туралы, сол кездегі саяси-әлеуметтік оқиғалар жөнінде шындық ақырына дейін айтылмай келгені рас. Оның себебі соғыс тарихының бір кезде «халықтар көсемінің» өзі ұсынған Сталиндік үлгісімен, онан кейін тоталитарлық жүйенің әрқилы кезеңдерінде аздаған өзгерістерге ұшырағанымен, идеологялық тұрғыдан бәрібір сол қалыптың шектеуінде жазылып келгендігінде еді. Ал қатаң идеологиялық бақылау жағдайында зерттеушілер соғыс тарихының көлеңке жақтарын Сталиндік режимнің соғыс жағдайын пайдаланып жасаған зұлымдықтарын ашып көрсете алмады. Өйткені бұған қатаң тиым салынған болатын.

Ұлы Отан соғысының тарихы және тарихнамасы тарих ғылымының негізгі бір бағыты болып отыр. Әр жанрда Ұлы жеңіс тарихы туралы көптеген туындылар жарық көрді.

Тек 1945-1975 жылдардың ішінде толық емес мәлімет бойынша монографиялар, кітапшалар, ғылыми мақалалар, естеліктер; документтік жинақтар саны 15,5 мыңнан асты.жеңітің 30 жылдығына байланысты қарсаңында елімізде шыққан әрбір үшінші кітап кеңес хақының 1941-1945 жылдар ерлігіне арналады.

КПСС Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші секретары болған Д.А.Конаев өзінің Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде «Қаһарлы сын жылдарында майдан мен тылда Отан үшін келер күндердің бақыты үшін сағат сайын жеңісті жақындата түскендердің мәңгі өшпес даңқы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін болады», - деп әділ көрсетті.

1987 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-да 20 мыңнан аса Ұлы Отан соғысы тарихына байланысты кітаптар, брошюралар, газет-журналдарда мақалалар жарық көрді.

1941-1945 жылдар соғыс тарихына байланысты көптеген еңбектер тікелей рұқсат етілмегендіктен, көп уақыт бойы тек біржақты нәтижелі жеңістерімен табыстары ғана жазылып келді.

Неготивті кезеңдегі жеңілісі мен сәтсіз кезеңдері айтылмай немесе шапшаң беріліп әрекеттері себеп-салдарсыз болды. Жоғары басшылардың талабына сәйкес кейбір оқиғалардың маңызы болмаған болса да оларды күрес барысында асырып айту болса, ал басқалары керісінше кеміту түрінде жазылды.

Қазақстан тарихнамасының Ұлы Отан соғысы дәуірі жалпы одақтың Ұлы Отан соғысының тарихының жалғасының бөлімі, сондықтан бұл да жоғары тарихи еңбектерде тексеріліп, зерттеліп жазылып жүр. Өз республикамызда бұл жөнінде арнайы еңбектер мен зерттеулер бар.

Ұлы Отан соғысы тарихнамасын кезеңге бөлуін талқылауда көптеген мамандар әсіресе В. Т. Анисков, Е. И. Дракина, П. А. Жилин т. Б. Болды. 1980 жылдардың басындағы зерттеулерде 1941-1945 жылдар олардың ойларынша төрт дәуірге бөліп қарастырылды.

3-тапсырма



Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадында шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру — қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.

Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды. Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы деректермен дәйектеліп берілді. Қозғалыс тарихына байланысты құжаттарды, сол кезеңдегі баспасөз беттеріндегі материалдарды, қазіргі тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі, энциклопедиялық басылымдардағы ақпараттарды сараптай отырып, қозғалысқа тікелей қатысы бар тұлғаларды ғана іріктеліп алынған. Әрине ұлттың басын қосқан сол бір тарихи кезеңде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине, мүмкін емес. Бұл тізім бұдан ұзағырақ болуы әбден мүмкін, бірақ тізімге ойдан бірде-бір адам қосылмаған. Алаш қозғалысының толық шынайы тізімін жасау еш мүмкін емес сияқты. Өйткені облыстарда, уездерде, болыстарда, Алаш әскерінде болған адамдардың толық тізімі еш жерде сақталмаған. Жаратқанның жазуымен Алашқа айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың есімдері ғана бүгінге жетсе керек. Тізімге енгізген алаштықтардың барлығының өмірбаян деректерін табу мүмкін болмағандықтан жүзден астам тұлғаның өмірбаяндары берілген. Анықтамалықпен танысқан азаматтар ішінен кейбір алаштықтардың өмірбаянын білетін адамдардың шығатыны сөзсіз. Біздің анықтамалық шығарудағы мақсатымыздың бір парасы — көпшілік арасынан осындай дерегі бар адамдарға қозғау салу, сөйтіп Алаш тарихын толықтыра түсу.

«Алаш» қайраткерлері және қазақ басқарма қауымның, ғылыми және шығармашылық зиялылардың өкілдері қазақ мемлекетінің іргетасын қалады. Бүгін біз 1920-шы жылдардың басында Алаш Орда қатысушыларымен шекаралары белгіленген мемлекетте өмір сүреміз. Орта Азияның ұлттық-аумақтық межелеу процесіне және қазақ жерлердің бірігуінде Алаш басшылары беделді қатысты. Алаш зиялылар өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, М.Шоқай, Ж.Ақпаев, М.Тынышпаев, А. Ермеков, сонымен қатар ұлт-коммунистер С.Ходжанов, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, С.Сейфуллин, С.Асфендияров, С.Садвокасов, Н.Нурмаков және басқалары қазақ аумағының бүтіндігін қамтамасыз ету үшін барлық күштерін салды.
Қазақ интеллигенциясының Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. дара тұлғаларының саяси өмір сахнасына шығуы Қазақстанда қоғамдық-саяси, мәдени ойдың дамып, нығаюына елеулі үлес қосты. Олар қазақ даласында тұңғыш дербес саяси партия «Алаш» партиясын құрды. Бұл партия халықтың алдыңғы қатарлы бөлігінің көзқарасын білдірді. Негізінен ағартушылық, саяси оқиғаларды және олардың халық өміріне әсерін түсіндіру жұмыстарына баса көңіл бөлді.

“Алаш” туының астында

Куә болсын Арымыз!

Көркейтуге Алашты

Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында “Алаш” қозғалысы жайлы тебірене жырлап, тек жеке басының пікірін ғана емес, сол кездегі қазақ қоғамының көңіл-күйін білдірді. Тарих бетін парақтасақ, ұлт тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен болатын. А. Байтұрсынұлы осы «Алаш» партиясы басшыларының әрі көсемінің бірі болды, Осындай ел игілігі үшін күрескен ірі тұлғаны тарих та, халқы да ешқашан ұмытпайды.



«Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей, Ахмет Байтұрсынұлы абақтыға жабылып, атылғанымен, оның артына қалдырған асыл сөздері мен арман арқалаған ойлары ел жадында, халық жүрегінде мәңгі сақталады. Кейінгі ұрпақ оның істерін жалғастыруда, оның армандаған тілектері жүзеге асырылуда. Себебі, Қазақ елі қазірде өркениетті елдер қатарына қосылып, мәдениеті жоғары нәтижеде дамуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет