Дәлелді медицина- бұл нақты науқасты емдеу үшін жақсы клиникалық зерттеулерді дәл және шын жүректен қолдану.
Дәлелді медицина-ғылыми ақпараттарды жинаудың жаңа технологиясы, критикалық талдауы, интерпретациясы.
Дәлелді медицина түсінігі
Зерттеуге қажетті мәселені құру,оның атауын анықтау
Осы сұрақтарға жауап алуда жақсы мәліметтерді негіздеу
Дәлелденетін мәліметтердің сенімділік және пайдалылық пәніне критикалық баға беру.
Осы бағалау нәтижелерін клиникалық тәжрибеге енгізу.
Істелген жұмыс нәтижелерін бағалау
Дәлелді медицинаның негізгі аспектлері Дәлелді медицина – бұл денсаулық сақтауды ұйымдастыру және ауруды емдеу, диагностикасы, алдын алу шаралары бойынша ғылыми-дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық технология.
Дәлелді медицинаның қолдану алгоритмі Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.
Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:
• ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;
• практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
Дәлелді мейірбикелік практикадағы этика Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарымқатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді: • медициналық қызметкер – емделуші, • медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары, • медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
• Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар. • Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағдайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі • Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. • Әділеттілік. Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет. • Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.