Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы Матанализ-4 курсында Қос интегралдар, үш еселі интегралдар, қисықсызықты интегралдар және беттік интегралдар теориясын білуі керек;
Қос интегралдарды, үш еселі интегралдарды, қисықсызықты интегралдарды, беттік интегралдарды қолданбалы есептерге қолдана білуді және зерттеуді меңгеруі керек.
Оқу курсының типі: МК
Пәннің мақсаты студенттердің қабілетін, дағдыларын, құзыреттілігін, қалыптастыру үшін теориялық материалдарды толық игеріп дәлелденген теоремаларды зерттеу негізінде есептер шығаруға пайдалану
Пәннің негізгі міндеті «Матанализ-4» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады: Болашақ кәсібінде математикалық анализдің негізгі тұжырымдары мен әдістерін қолдана білу, оқу-тәрбие үдерісін модельдей білу және оны оқып - үйрену, тәжірибесінде жүзеге асыра білу қабілеттілігін жетілдіру, білім алушылардың математикаға қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін меңгеру.
4.Курстың академиялық саясаты: Пән бойынша білім бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды толық игеру
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлеріндекөшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |